RESPUBLICA – жаңа тұлғалардың метапартиясы

2022 жылғы 3 желтоқсанда RESPUBLICA партиясының құрылтай съезі елдің саяси өміріне қан жүгіртіп, жан бітірді. Жаңа адамдар, идеялар мен мүмкіндіктер партиясы бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған көшбасшыларды біріктірді және олардың қатары күн сайын толықтырылуда. Оның негізін қалаушылар таңдаған прогрессивті батыл риторика республиканы қайта құру немесе жаңадан құру туралы хабарлайды. Қазақстандықтар көпмәдениеттілікке, еркіндік пен әл-ауқатын арттыруға ұмтылады, сондықтан RESPUBLICA партиясының еліміздің әр өңіріндегі кандидаттарының бірінші сайлауда-ақ жеңіске жетуіне барлық мүмкіндіктер бар.

RESPUBLICA партиясы өзін метапартия, яғни болашақтың саяси күші, ел дамуының келесі кезеңі ретінде көрсетуде. Ал партия мүшелері – жаңа Қазақстанның адамдары, цифрлық көшпенділер.

Партияның бағдарламасы елдің бүкіл саяси тарихында алғаш рет цифрландыруды ескі жүйе қағидаттарына қызмет ету құралы емес, жаңа қоғамның негізі деп жариялайды. Онда Қазақстан жүйедегі көптеген қателіктерге байланысты қайта жүктеуді қажет ететін компьютермен салыстырылады.

Қазақстан бүкіл әлемдегі елдердің артынан озық нано -, био -, ақпараттық және когнитивтік технологияларға негізделген жаңа технологиялық құрылымның дәуіріне аяқ басты. Цифрландыру өмірдің барлық салаларына еніп, оларды өзгеріске ұшыратты. Жаңа технологиялар экономикалық және әлеуметтік процестерге бұрын-соңды болмаған қарқынмен әсер етуде. Жаңа кәсіптер, жұмыспен қамту түрлері, еңбек бөлінісі мен кооперация тәсілдері өзгеруде, желілік қауымдастықтар мен компаниялардың рөлі артып келеді. Адами капитал және тез бейімделу негізгі ұлттық ресурстарға айналуда.

RESPUBLICA партиясының басында мыңдаған және он мыңдаған жұмысшылары бар компанияларды ашып, өздерінің шағын мемлекеттерін құратын басқарушылар тұр. Нақтырақ айтсақ, тез өзгеретін нарық пен бәсекелестіктің тұрақты қысымына ұшыраған кәсіпкерлер технологияның жаңа әлеміне жол салушылар болып табылады. Олар болмаса, Қазақстанда күрделі қайта құруды жасауға кім көмектеспек?

RESPUBLICA әрбір адамның, азаматтың құндылығын бірінші орынға қояды. Әркімге мүмкіндік беру дегеніміз – белгілі бір жекелеген адамдарға емес, барлығына бірдей нақты жағдайлар жасау және адамның өзіне берілген құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізу. Бұл әлеуметтік құқықтарға, білім беруге және денсаулық сақтауға қатысты.

Ғылыми кластердің дамуы, соның ішінде медицинадағы озық технологияларды жасау өте маңызды. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, телемедицинаны дамыту, күнделікті медициналық тәжірибелерді роботтандыру бүкіл саланы дамытудың драйвері болуы тиіс.

Адами капитал мәселелерін басқару мәселелерінен бөлек қарастыруға болмайды. Сондықтан партия бағдарламасында шағын ұжымды және бүкіл елді қалай тиімді басқаруға болатындығы туралы нұсқаулық бар. Бизнесте сәтті қолданылатын басқару процесін алгоритмдеу саяси басқару саласын жүйелік бұзылулардан қорғауға арналған. Алгоритмдердің арқасында нақты және болжамды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, басқарудың мұндай тетіктері мемлекеттік сектордың «тиімділік аудитін» жүзеге асыруға және кейіннен мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Дамыған технологиялар дәуірінде, мәдениеттер арасындағы шекаралар жойыла бастаған кезеңде қазақстандық бірегейлікті сақтаудың маңызы зор. Әңгіме консерватизм туралы емес. RESPUBLICA форманы емес, мәнін сақтауға, яғни біздің дәстүрлі өмір салтымызға технологияның «шекпенін» кигізуге шақырады.

Партияны құрушылар халықаралық қақтығыстар мен оларға түрлі интеграциялық одақтар арқылы үшінші елдердің тартылуы туралы өзекті тақырыпты да ұмыт қалдырмады.  Әзірге бұл проблеманың Қазақстанға тікелей қатысы жоқ, дегенмен әлемдегі жалпы үдеріс ойға келмейтін жағдайларға да дайын болуды талап етеді. Сондықтан партияның бағдарламасында әр азаматтың елдің сыртқы саяси бағытын қалыптастыруға қатысу қажеттілігі атап өтіледі және Қазақстанның халықаралық ұйымдар мен блоктарға кіруі туралы шешім референдум негізінде қабылдануы тиіс.

RESPUBLICA партиясын құрудың бастамашысы халық болып табылады, өйткені адамдар Қазақстанда өзгерістер мен трансформацияның бетбұрыс кезеңі келгенін түсінді. Елде қоғамның барлық салаларына құрылымдық өзгерістер қажет. Ол үшін ашық және адал саяси жүйе қажет. Біз дәл қазір, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері алғаш рет елімізді қалыптастыруға нақты мүмкіндік алғанымызға сенімдіміз. Біз – іскер жандардың партиясымыз. Біз – шенеуніктер емеспіз, жасампаздармыз. Біздің әрқайсымыз мыңдаған жұмыс орындарын құрамыз. Әрқайсысының табысқа жетуінің өзіндік тарихы бар және көптеген отандастарға өздерінің орнын тауып, болашаққа деген сенімін ұялатуға көмектесе алады», – деді «Олжа Агро» агрохолдингінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров RESPUBLICA партиясының құрылтайында сөйлеген сөзінде.

Іскер жандардың партиясы деген жай айтыла салған сөз емес. Партияның негізін қалаушылардың арасында табысқа жету жолын өз бетінше жүріп өткен және басқаларды артынан ілестіріп, бірге алып келген селф-мэйд деп аталатын тұлғалар бар. Сырымбек Тау – «Daco Motors Kazakhstan» компаниясының президенті, Динара Шүкіжанова – «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті, Руслан Берденов – «Akniet Pharmaceuticals» ЖШС бірінші басшысы, Максим Барышев – Алматы қаласы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, Бейбіт Әлібеков – BlackBerry медиахолдингі мен баспаның иесі, Қуаныш Шонбай – «Shonbay Inc» компаниялар тобының негізін қалаушы, Нұрлан Қоянбаев – продюсер, актер және тележүргізуші.

Партияның мықты көшбасшылары бар, бірақ партияның күші адамдарда және ортақ табысқа жету біздің әрқайсымызға байланысты. RESPUBLICA партиясының басты мақсаты барлық қазақстандықтардың саяси және экономикалық өзгерістерге қатысы бар екенін сезінуі үшін ел саясатына ықпал ету тетіктерін құру болып табылатынын ұмытпаған жөн.

Қайта құруды бастау қиын емес – тек сайттағы нысанды толтырсаңыз болғаны.

RESPUBLICA – ортақ мәселені бірге шешу.

 

#REspublica2023

Өндіруші: «FRESH MEDIA EVENT» ЖШС
Басылған орны: Алматы қаласы, Помяловский көшесі 29А/1
Таралымы: 5000 дана
Тапсырыс беруші: Куспеков О.Х.
«Respublica» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

 

RESPUBLICA — метапартия новых лиц

3 декабря 2022 года политическую жизнь страны оживил учредительный съезд партии «RESPUBLICA». Партия новых людей, идей и возможностей объединила тысячи самых разных лидеров по всему Казахстану, и их ряды пополняются каждый день. Прогрессивная смелая риторика, выбранная ее основателями, по сути, объявляет рестарт республики или даже строительство новой. Казахстанцы устремились вслед за мультикультурностью, свободой и благополучием, так что уже на первых выборах «RESPUBLICA» имеет все шансы на победу своих кандидатов в каждом регионе страны.

Партия «RESPUBLICA» позиционируется как метапартия, то есть политическая сила будущего, следующий этап развития страны. А члены партии — люди нового Казахстана, цифровые номады.

Программа партии впервые за всю политическую историю страны провозглашает цифровизацию не инструментом служения принципам старого строя, а основой нового общества. Казахстан в ней сравнивается с компьютером, который из-за множества системных ошибок нуждается в перезагрузке.

Наша страна вслед за всем миром вступает в эпоху нового технологического уклада, в основе которого лежат продвинутые нано-, био-, информационные и когнитивные технологии. Цифровизация уже вошла во все сферы жизни и подвергла их трансформации. Новые технологии оказывают беспрецедентное по своим масштабам и темпам влияние на экономические и социальные процессы. Новые профессии, формы занятости, изменяются подходы к разделению и кооперации труда, возрастает роль  сетевых сообществ и компаний. Главными национальными ресурсами становятся человеческий капитал и быстрая адаптация.

Во главе партии «RESPUBLICA» стоят управленцы, которые создают свои мини-государства, открывая компании, насчитывающие тысячи и десятки тысяч работников. Именно бизнесмены, находясь под постоянным давлением быстроменяющегося рынка и конкуренции, являются первопроходцами в новом мире технологий. И кто, если не они, помогут Казахстану совершить этот непростой рестарт.

На первое место «RESPUBLICA» ставит ценность каждого человека, гражданина. Дать шанс каждому — это значит, создать не номинальные, а реальные равные условия для всех и следить за тем, чтобы человек имел возможность реализовать данные ему права.  Это касается и социальных прав, и образования, и здравоохранения.

Критически важное значение имеет развитие научного кластера, включая разработку передовых технологий в медицине. Использование возможностей искусственного интеллекта, развитие телемедицины, роботизация рутинных медицинских практик должны стать драйверами развития всей сферы.

Вопросы человеческого капитала не могут рассматриваться отдельно от вопросов управления. Поэтому в программе партии представлена, по сути, инструкция, как одинаково эффективно управлять маленьким коллективом и целой страной. Защитить сферу политического управления от системных сбоев призвана алгоритимизация процесса управления, которая успешно применяется в бизнесе. Благодаря алгоритмам, можно добиться четких и предсказуемых результатов. Более того, подобные механизмы управления делают возможным осуществление «аудита эффективности» государственного сектора и последующую разработку предложений по повышению эффективности деятельности государства.

В век развитых технологий, когда стираются границы между культурами, важно сохранить казахстанскую идентичность. И речь идет не о консерватизме. «RESPUBLICA» призывает сохранять не форму, а суть. Облачить наш традиционный уклад жизни в технологическое полотно.

Создатели партии не обошли стороной и острую тему международных конфликтов и вовлечения в них третьих стран через различные интеграционные союзы. Пока Казахстан эта проблема не затронула напрямую, но общемировая  тенденция вынуждает готовиться к самым непредсказуемым исходам. Именно потому в программе партии подчеркивается необходимость участия каждого гражданина в формировании внешнеполитического курса страны, и решение о вступлении Казахстана в международные организации и блоки должно приниматься на основании референдума.

«Инициатором создания партии «RESPUBLICA» является народ, поскольку у людей созрело понимание, что в Казахстане настал переломный момент перемен и трансформации. Стране необходимы структурные преобразования во всех сферах общественной жизни. А для этого нужна открытая и честная политическая система. Мы уверены, что именно сейчас, впервые за все годы независимости Казахстана, у нас появился реальный шанс сформировать ее. Мы партия людей дела. Мы не чиновники, а созидатели. Каждый из нас создает тысячи рабочих мест. За каждым — личная история успеха и помощь множеству согражданам найти себя и обрести веру в будущее», — с такой речью выступил на учредительном съезде председатель партии «RESPUBLICA», генеральный директор агрохолдинга «Олжа Агро» Айдарбек Ходжаназаров.

Партия людей дела — это не просто слова. Среди основателей партии только, так называемые, селф-мейд личности, которые самостоятельно прошли свой путь к успеху и повели за собой других. Сырымбек Тау — президент компании «Daco Motors Kazakhstan», Динара Шукижанова — президент АО «АгромашХолдинг KZ», Руслан Берденов — первый руководитель ТОО «Akniet Pharmaceuticals»,  Максим Барышев — председатель регионального совета Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» по городу Алматы, Бейбит Алибеков — владелец медиахолдинга и издательства Blackberry, Куаныш Шонбай — основатель группы компаний «Shonbay Inc», Нурлан Коянбаев — продюсер, актер и телеведущий.

У партии есть сильные лидеры, но сила партии в людях, и общий успех зависит от каждого из нас. Не стоит забывать, что ключевой целью «RESPUBLICA» является создание рычагов влияния на политику страны, чтобы все казахстанцы чувствовали свою причастность к политическим и экономическим изменениям.

Начать рестрат не сложно — просто заполните форму на сайте.

RESPUBLICA — дело за общим.

 

#REspublica2023

Изготовитель: ТОО «FRESH MEDIA EVENT»
Место печатания: г.Алматы, ул.Помяловского, 29А/1
Тираж: 5000 экз.
Заказчик: Куспеков О.Х.
Оплачено из средств избирательного фонда ОО «Партия «Respublica»