AgroFest-2025: Даланың қуаты
Шілде айында Батыс Қазақстан облысында ауқымды әрі әсерлі түрде төртінші AgroFest фестивалі өтті. Бұл – агроөнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындарын, фермерлер мен мал өсірушілерді, сарапшыларды, салалық одақ басшыларын және ауыл шаруашылығына қызығушылығы бар барша жанды бір алаңда тоғыстырған айтулы оқиға. FRESH CITY тілшілері өңірдегі ең маңызды іс-шаралардың біріне айналған фестивальде болып қайтты.


Дәстүр бойынша AgroFest Орал қаласынан 80 шақырым қашықтықтағы Сулы көл ауылының маңында ұйымдастырылды. Биылғы бағдарлама айрықша мазмұнды әрі сан қырлы болды: заманауи ауыл шаруашылығы техникасының – тракторлар, комбайндар, тұқым себу кешендерінің – кең көлемді көрмесі, іскерлік кездесулер мен қызықты сайыстар қатар өтті. Өндірушілер жаңа технологияларын паш етіп, өз өнімдерінің артықшылықтарын көрсетті, тәжірибе алмасып, іскерлік келісімдер жасасты.
Көрменің ең тартымды бөлігі – еліміздің етті мал шаруашылығының нышаны саналатын қазақтың ақбас тұқымды асыл бұқалары болды. Чемпионатқа салмағы 450 келіден асатын 25 бұқа әкелінді.
— Біздің мал өсірушілер көрмеге ең таңдаулы жануарларын алып келді. Жеңімпаздарға екі автокөлік табысталады, — деді Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасының атқарушы директорының орынбасары Александр Мальчевский. — Ақбас – Қазақстандағы етті мал шаруашылығының символы. Бұл тұқым кез келген табиғи жағдайға төзімді, өсу қарқыны жоғары. Олар төл беру жағынан да мықты, еті мәрмәрлі, сойыс шығымы жоғары.


Фестивальдің ресми ашылу рәсіміне ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Баглан Бекбауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров және БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қатысты.
— Мемлекет басшысы алдымызға үлкен мақсат қойды: ауыл шаруашылығында өнімділікті екі еселеу және оны экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру. Біз бұл бағытта барлық салада алға жылжуымыз керек — цифрландыру мен техниканы жаңғыртудан бастап, мал шаруашылығын дамытуға, нарықты кеңейтуге және инвестиция тартуға дейін, — деді Баглан Бекбауов.
Сондай-ақ ол қазақтың ақбас тұқымының дәл осы Батыс Қазақстанда шығарылғанына 75 жыл толуының тарихи маңызын атап өтті.
Өз кезегінде Қалияр Айтмұхамбетов AgroFest-ті «өңірдің агроөнеркәсіп кешені үшін басты оқиға» әрі «тәжірибе алмасу мен жаңа жобаларды талқылаудың тиімді алаңы» деп бағалады.


Іскерлік бағдарлама аясында панельдік пікірталастар, секциялық сессиялар, жетекші агробизнес өкілдері мен ғалымдармен кездесулер өтті. Маңызды оқиғалардың бірі – агродрондар сатып алу үшін қаржылық лизинг келісіміне қол қою болды. Бұл – саланы цифрландыру жолындағы елеулі қадам.
— Армат Гимранович кеңестік дәуірдегі Дала күні дәстүрін сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеріп, жарқын әрі мазмұнды фестивальге айналдырды. Мұндай іс-шаралар жастардың ауылға деген қызығушылығын арттырады, — деді Айдарбек Ходжаназаров.
Іскерлік кездесулермен қатар, қонақтарды бай мәдени бағдарлама күтіп тұрды. Бас сахнада танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Ал ең әсерлі оқиғалардың бірі — қазақтың ұлттық ат ойыны көкпар болды. Ат үстіндегі жігіттер ептілік пен күш-жігерін, батылдығын танытса, трибуналар көрермендердің ыстық қолдауынан дүркіреп тұрды.
____________________________________________________________________________________________________________________
В июле в Западно-Казахстанской области с размахом прошёл четвёртый AgroFest — событие, которое объединило передовые предприятия агропромышленного комплекса, фермеров, животноводов, экспертов, руководителей отраслевых союзов и всех, кто интересуется сельским хозяйством. Корреспонденты FRESH CITY побывали на фестивале, который стал одним из самых заметных мероприятий региона.


AgroFest традиционно проходит близ села Сулуколь, в 80 км от Уральска. В этом году программа была особенно насыщенной и разнообразной: масштабная выставка новейшей сельхозтехники — тракторов, комбайнов, посевных комплексов — соседствовала с деловыми встречами и зрелищными конкурсами. Производители демонстрировали возможности своих машин, делились новинками и заключали контракты.


Особый интерес вызвала выставка породистых быков казахской белоголовой породы — символа мясного животноводства страны. На чемпионат акбасов привезли 25 быков весом от 450 кг.
— Наши заводчики привезли на выставку самых лучших животных. Победители получат два автомобиля, — рассказал Александр Мальчевский, заместитель исполнительного директора Республиканской палаты казахской белоголовой. — Акбасы — символ мясного животноводства Казахстана. Порода прекрасно адаптируется к различным условиям содержания, имеет высокие темпы роста. У них отличная воспроизводительная способность, мраморность мяса, высокий убойный выход.


Официальную часть открыли вице-министр сельского хозяйства РК Баглан Бекбауов, депутат Мажилиса Парламента РК Айдарбек Ходжаназаров и заместитель акима ЗКО Калияр Айтмухамбетов.
— Сегодня перед нами стоит амбициозная задача, поставленная Главой государства: удвоить урожайность и превратить сельское хозяйство в локомотив экономики. Мы должны двигаться вперёд по всем фронтам — от цифровизации и модернизации техники до развития животноводства, расширения рынков и привлечения инвестиций, — отметил Баглан Бекбауов.


Отдельно он подчеркнул значимость 75-летия казахской белоголовой породы, выведенной именно в ЗКО.
Калияр Айтмухамбетов назвал AgroFest «ключевым событием для агропромышленного комплекса региона» и «площадкой для обмена опытом и обсуждения проектов».


Деловая программа включала панельные дискуссии, секционные сессии, встречи с ведущими агробизнесменами и учёными. Одним из главных событий стало подписание договора финансового лизинга на покупку агродронов — важный шаг в сторону цифровизации отрасли.
— Армат Гимранович продолжил советскую традицию Дня поля, но ушёл намного дальше, сделав его ярким и зрелищным фестивалем. Благодаря таким мероприятиям появляется интерес у молодёжи к селу, — подчеркнул Айдарбек Ходжаназаров.


Помимо деловой части гостей ждала насыщенная культурная программа. На главной сцене выступили известные артисты и творческие коллективы. А одним из самых зрелищных событий стал кокпар — традиционная казахская конная игра. Всадники демонстрировали ловкость, силу и отвагу, а трибуны гудели от поддержки зрителей.




