Х Международный турнир по каратэ WKF «Aqjaiyq Open»: как это было

Что такое «Aqjaiyq Open» для спортсменов из пяти стран, принявших в нём участие?
Это в первую очередь рейтинговый турнир, а значит, и возможность заработать необходимые очки для попадания в национальную сборную. Для наших участников отсюда открывается дорога на чемпионат Казахстана и чемпионат Азии. Неудивительно, что только из Западно-Казахстанской области здесь выступило более 300 каратистов всех возрастных категорий — от детей до взрослых. FRESH CITY побывали на главном спортивном событии мая и подготовили специальный репортаж.

Международная арена

Кыргызстан, Узбекистан, Азербайджан, Турция, Россия и, конечно же, Казахстан.
Согласитесь, немало стран-участниц для спортивного турнира в нашем маленьком приграничном Уральске.

Организовывать события подобного масштаба Западно-Казахстанская область с недавнего времени легко может благодаря новому спортивному комплексу — «Jaiyq Arena». Про неё мы подробнее писали в одном из прошлых выпусков. На этой огромной территории без труда разместились около 1000 спортсменов, а сами поединки проходили одновременно на трёх татами.

За ходом турнира могли наблюдать не только зрители с трибун, но и телезрители. В этом году «Aqjaiyq Open» в прямом эфире освещал канал «Qazsport». Такой беспрецедентный уровень — настоящий успех для, казалось бы, провинциальных соревнований. И сегодня сложно поверить, с чего на самом деле начиналась история данного первенства.

На открытии «Aqjaiyq Open» присутствовало множество высокопоставленных гостей. Среди них — аким области Нариман Торегалиев и вице-президент Казахстанской федерации каратэ Болат Хавлахат.

Памяти героя

В этом году проходит юбилейный X Международный турнир «Aqjaiyq Open»,
посвящённый памяти Героя Советского Союза М. Маметовой и приуроченный к 80-летию
Великой Победы. Как так получилось, что соревнования по азиатскому единоборству
носят имя героической пулемётчицы?

«Десять лет назад, когда данный турнир был только в планах, я был под большим
впечатлением от знакомства с директором дома-музея Маншук Маметовой. Это очень уважаемый человек, и поддержать то, что он делает, было для нас, и лично для меня,
большой честью. Так турнир начал носить имя Героя Советского Союза Маншук
Маметовой», — рассказывает старший тренер области Ринат Мергалиев.

Первые годы турнир проходил очень скромно. Вместо просторной арены — школьный
спортзал, вместо денежных призов — символические медали и кубки. Но «Aqjaiyq Open»
рос, привлекая всё больше спортсменов.

«То, что было в первые два-три года, и то, что мы имеем сейчас, — это абсолютно разные
уровни. Всё стало возможным благодаря поддержке заместителя акима области
Бахытжана Нарымбетова и руководства управления спорта области. А в этом году у нас к
тому же появился генеральный спонсор — АО «Самұрық-Қазына». Поэтому условия
проведения поединков, призы, награды действительно соответствуют международному
уровню», — отмечает тренер.

Новый старт
Организатором турнира выступает федерация каратэ WKF по Западно-Казахстанской
области, а Ринат Мергалиев является одним из ключевых лиц в его подготовке и
проведении. Поэтому главным «проводником» по истории и значению «Aqjaiyq Open» для
нашего репортажа стал именно он.

Ринат Мергалиев стоял у истоков не только самого «Aqjaiyq Open», но и популяризации
каратэ WKF в ЗКО в целом.

«Когда я сам начинал заниматься каратэ в начале 2000-х, всё было настолько
дефицитным, что первое кимоно мне сшил отец. Занимались мы в школьных спортзалах,
зачастую плохо отапливаемых. Сегодня условия намного лучше. И в этом свою роль
сыграло появление каратэ на Олимпийских играх 2020 года», — вспоминает Ринат.

Действительно, соревнования по каратэ впервые прошли на летних Олимпийских играх
2020 года в Токио. Они состоялись с 5 по 7 августа 2021 года в зале спортивной арены
Nippon Budokan. В восьми видах программы 82 спортсмена — 42 мужчины и 40 женщин — разыграли восемь комплектов медалей. Однако уже на следующей Олимпиаде 2024 года в Париже каратэ исключили из программы. Об этом объявил оргкомитет Игр 19 августа 2021 года. Произошло это из-за внутренних разногласий между различными
международными организациями.

Несмотря ни на что, на Олимпиаде-2020 две медали из восьми принесла сборной Казахстана каратистка Софья Берульцева, а бронзовым призёром в весовой категории до 67 килограммов стал Дархан Асадилов. И это стало толчком к тому, чтобы толпы юношей и девушек рванули в секции каратэ.

В секции каратэ WKF в ЗКО ведётся набор с 5 лет. Только главный тренер области
советует родителям не спешить.

«К 7–8 годам формируется скелет и мышечный каркас, необходимый для полноценных
занятий. И важнее всего, в этом возрасте приходит определённая осознанность и
мотивация. Маленьких детей, конечно же, берут в секцию, но серьёзно продолжают
заниматься спортом далеко не все», — объясняет Ринат Мергалиев.

Итоги турнира
И хотя про престижные спортивные соревнования принято говорить «главное — не победа»,
все 1000 участников подали заявки на «Aqjaiyq Open» только с одной целью — победить.
В первый день турнира сборной Западно-Казахстанской области принесли медали Алишер
Жадигеров — «серебро» в весовой категории до 55 килограммов, Алишер Тайжан —
«золото» в весе до 84 килограммов и Дархан Тимралиев — «серебро» в весе до 60
килограммов.
Дархана Тимралиева Ринат Мергалиев знает с раннего детства. И даже с гордостью
показывает архивные кадры с первых соревнований. Сегодня это перспективный
спортсмен, который и сам уже начал тренировать новое поколение каратистов.

«Турнир был нелёгким, так как приехало много спортсменов из разных стран. Плюс ко
всему, сейчас уровень каратэ очень высок. Не так, как было лет пять назад. Много сильных молодых спортсменов. Как и ко всем соревнованиям, подготовка шла примерно за месяц. Своим выступлением я не доволен на сто процентов, потому что “серебро” — это не “золото”, и проигрывать я не люблю. Было обидно, но значит, так должно было случиться.
Принимаем поражение и идём дальше. Точнее, летим. Через 10 дней наша команда
отправляется в столицу Марокко — Рабат, где состоится Премьер-лига. Это турнир, который
проходит четыре раза в год, в нём участвуют топ-32 лучших спортсменов. Он считается
рейтинговым на мировом уровне. Примерно с 7 лет до подросткового возраста для меня
каратэ было просто интересным занятием, а потом это стало моей работой и образом
жизни. Теперь моё главное правило — держать удар и не сдаваться», — поделился
Дархан.

На недавном чемпионате Азии-2025, который проходил в столице Узбекистан — городе Ташкент, представитель нашей сборной Жоломан Бигабыл одержал победу и завоевал «золото».

В командном зачёте отличились юниоры. И девушки, и парни в возрастной категории 14–17 лет принесли Западно-Казахстанской области командные 3 места. Всего в турнире Западно-Казахстанская область завоевала 8 золотых медалей.

Общие же командные итоги турнира «Aqjaiyq Open» сложились следующим образом:
1 место — город Шымкент
2 место — Жамбылская область
3 место — город Астана
4 место — Республика Башкортостан
5 место — Западно-Казахстанская область.

Таким образом, наша школа каратэ WKF показала себя одной из сильнейших в регионе. А
масштаб и организация самого турнира заставили говорить о нём спортивные издания во
всех странах-участницах.

 

@bko_karate_wkf

@bqo_sport

 

 

«Aqjaiyq Open» Халықаралық турнирі: қалай өтті?

«Aqjaiyq Open» — бес елден келген спортшылар үшін не?

Ең алдымен, бұл – рейтингтік турнир. Яғни, ұлттық құрамаға өту үшін қажетті ұпайларды жинауға мүмкіндік. Біздің спортшылар үшін бұл — Қазақстан чемпионатына және Азия чемпионатына апарар жол. Сол себепті тек Батыс Қазақстан облысының өзінен бұл жарысқа 300-ден астам түрлі жастағы каратэші қатысты — балалардан бастап ересектерге дейін. FRESH CITY мамыр айындағы ең ірі спорт оқиғасына қатысып, арнайы репортаж дайындады.

 

Халықаралық арена

 

Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Ресей және, әрине, Қазақстан.

Біздің шағын шекаралық Орал қаласы үшін бұл — аз қатысушы ел емес.

 

Осындай ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға Батыс Қазақстан облысы жаңа «Jaiyq Arena» спорт кешенінің арқасында қол жеткізіп отыр. Біз бұл нысан туралы бұған дейінгі нөмірлерімізде жазған едік. Ауқымды кешенге 1000-ға жуық спортшы еш қиындықсыз сыйды. Ал жекпе-жектер үш татамиде қатар өтті.

 

Турнир барысын тек трибунадағы көрермендер ғана емес, теледидар арқылы да бақылауға мүмкіндік болды. Биыл «Aqjaiyq Open» турнирін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетті. Мұндай деңгейдегі көрсетілім — өңірлік жарыс үшін үлкен жетістік. Ал бұл турнирдің тарихы қалай басталғанын білу бүгінде таңғаларлық.

 

Ашылу салтанатына көптеген мәртебелі қонақтар қатысты. Олардың қатарында — облыс әкімі Нариман Төреғалиев және Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат болды.

 

Батыр рухына тағзым

Биыл «Aqjaiyq Open» Халықаралық турнирі өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Турнир Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың рухына арналған және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілді. Бірақ каратэ сияқты шығыс жекпе-жегіне арналған турнир неге пулеметші қыздың атымен аталады?

 

— Он жыл бұрын бұл турнир әлі жоба ретінде ғана болған кезде, мен Мәншүк Мәметованың мұражай-үйінің директорының қызметімен танысып, үлкен әсер алдым. Бұл — өте құрметті адам. Оның жасап жатқан ісін қолдау — біз үшін, тіпті менің өзім үшін үлкен мәртебе болды. Осылайша турнир Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың атымен атала бастады, — деп еске алады облыстың аға жаттықтырушысы Ринат Мерғалиев.

 

Алғашқы жылдары турнир өте қарапайым жағдайда өтті. Кең спорттық кешеннің орнына — мектеп спортзалы, ақшалай сыйлықтардың орнына — символикалық медальдар мен кубоктар. Бірақ «Aqjaiyq Open» жылдан-жылға өсіп, қатысушылар санын арттыра бастады.

 

— Алғашқы екі-үш жылда болған жағдай мен қазіргі деңгей — мүлдем екі бөлек дүние. Мұның бәрі облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарыmbетовтың және облыстық спорт басқармасының қолдауының арқасында мүмкін болды. Биыл бізде негізгі демеуші де пайда болды — «Самұрық-Қазына» АҚ. Сондықтан жарыстың өткізілу шарттары, жүлделер мен марапаттар халықаралық деңгейге сай келеді, — дейді жаттықтырушы.

 

Жаңа бастама

Турнирді ұйымдастырушы — Батыс Қазақстан облысы бойынша WKF каратэ федерациясы, ал Ринат Мерғалиев — осы турнирдің ұйымдастырылуындағы басты тұлғалардың бірі.

Ол тек «Aqjaiyq Open» турнирінің ғана емес, жалпы облыстағы WKF каратэсінің дамуының бастауында тұрған маман.

— Мен каратэмен 2000-жылдардың басында айналыса бастағанда, бәрі тапшы еді. Алғашқы кимономды әкем тігіп берген. Біз мектеп спортзалдарында, жиі салқын бөлмелерде жаттықтық. Бүгінгі жағдай мүлде басқа. Бұған 2020 жылғы Олимпиада ойындары да әсер етті, — деп еске алады Ринат.

Шынында да, каратэ алғаш рет 2020 жылғы Токио Олимпиадасында жарыс түрі ретінде өтті. Ол 2021 жылдың 5–7 тамызы аралығында Nippon Budokan аренасында өтті. 8 санат бойынша 42 ер, 40 әйел — барлығы 82 спортшы 8 медаль жиынтығын сарапқа салды. Алайда 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін каратэ жарыс бағдарламасынан алынып тасталды. Бұл шешім 2021 жылғы 19 тамызда жарияланды. Себебі – халықаралық ұйымдар арасындағы ішкі келіспеушіліктер.

Соған қарамастан, 2020 жылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды. Софья Берульцева – екі медаль иеленсе, Дархан Асадилов 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жетістіктер каратэге қызығушылықты арттырып, жасөспірімдердің жаппай спорт секцияларына баруына себеп болды.

БҚО бойынша WKF каратэ секцияларына 5 жастан бастап балалар қабылданады. Алайда аға жаттықтырушы ата-аналарға асықпауға кеңес береді:

— 7–8 жасқа қарай баланың сүйек құрылымы мен бұлшық ет жүйесі толық қалыптасып, балада саналы түсінік пен мотивация пайда болады. Балаларды ерте жастан үйірмеге қабылдайды, бірақ барлығы бірдей спортта тұрақтамайды, — дейді Ринат Мерғалиев.

Турнир қорытындысы

Спортта «жеңіс емес, қатысу маңызды» деген қанатты сөз бар. Алайда «Aqjaiyq Open» турниріне қатысқан 1000 спортшының барлығы бір мақсатпен келді — жеңу үшін.

Турнирдің алғашқы күнінде Батыс Қазақстан облысының құрамасына медаль сыйлағандар:

  • Алишер Жадигеров — 55 келіге дейінгі салмақта күміс,
  • Алишер Тайжан — 84 келіге дейінгі салмақта алтын,
  • Дархан Тімралиев — 60 келіге дейінгі салмақта күміс.

Дархан Тімралиевті Ринат Мерғалиев бала кезінен біледі. Ол алғашқы жарыстардағы суреттерін мақтанышпен көрсетеді. Бүгінде Дархан — болашағынан үміт күттіретін спортшы, әрі жас каратэшілерге тәлімгерлік етеді.

 

— Турнир оңай болмады. Көп елден мықты спортшылар келді. Қазір каратэ деңгейі мүлде басқа, бес жыл бұрынғыдай емес. Дайындық бір ай бұрын басталды. Шынымды айтсам, өз өнеріме 100% риза емеспін. «Күміс» — бұл «алтын» емес, мен жеңілісті ұнатпаймын. Бірақ бұлай болуға тиіс болған шығар. Жеңілісті қабылдап, ары қарай алға жылжимыз. Дәлірек айтсақ — ұшып барамыз. 10 күннен кейін командамыз Марокко астанасы Рабатқа аттанады. Онда жылына 4 рет өтетін Премьер-лига турнирі ұйымдастырылады. Бұл — әлемдік рейтингтегі ең үздік 32 спортшы қатысатын жарыс.

7 жасымнан жасөспірім шаққа дейін каратэ мен үшін жай ғана хобби болды. Кейін бұл менің кәсібіме, өмір салтыма айналды. Енді басты қағидам — соққыға төтеп беріп, ешқашан берілмеу, — дейді Дархан.

Жақында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында (2025) біздің құрама атынан қатысқан Жоламан Биғабыл жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Командалық есепте 14–17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар Батыс Қазақстан облысына екі үшінші орын әкелді.

Жалпы облыс құрамасы 8 алтын медаль жеңіп алды.

 

«Aqjaiyq Open» турнирінің жалпыкомандалық нәтижесі:

1 орын — Шымкент қаласы

2 орын — Жамбыл облысы

3 орын — Астана қаласы

4 орын — Башқұртстан Республикасы

5 орын — Батыс Қазақстан облысы

 

Осылайша, WKF каратэ мектебіміз өз аймағында ең мықты екенін дәлелдеді. Ал турнирдің деңгейі мен ұйымдастырылуы — оны шет елдердің спорт басылымдарының назарына іліктірді.