ЭКОМЕД — ЖАҢА ӨМІР БАСТАУЫ!

Мен Тугелова Кызгалдак Дауржановна, гинеколог-репродуктолог дәрігермін.

Медицинадағы еңбек өтілім 10 жыл, репродуктология саласында 3 жыл Экомед Жайық клиникасында жұмыс жасаймын.

Біздің клиникамыз Қазақстандағы Экомед Холдинг клиникалар желісінің филиалы.

Клиникамыз  Орал қаласында 2021 жылы 7 ақпанда өз жұмысын кішкентай ғана ғимаратта бастаған , ол жерде  бір дәрігер жұмыс жасаған , ол  біздің медициналық директорымыз Рахым Жанаргүл Серікбайқызы.  Ал өткен  2024 жылдың қазан айында  жаңа , замануи үлгіде жабдықталған , жарық әрі кең ғимаратқа көштік. Мекен-жайымыз ; 10 шағын аудан , Самал көшесі , 104 үй.

Қазіргі таңда клиникамызда 2 репродуктолог  ,1 андролог дәрігер жұмыс жасайды.

Бір айта кететін жәйт клиникамыздың ашылу салтанаты  Қазақстандағы алғашқы ЭКО-зертхана – «Экомед» клиникалар желісінің 30-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Клиникамыздың салтанатты ашылуында  ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақұштап Бақтыгереева мен  Қазақстандағы ЭКО әдісінің негізін қалаушы, профессор, биология ғылымдарының докторы, еліміздің алғашқы клиникалық эмбриологы, біздің ғылыми жетекшіміз — Байқошқарова Салтанат Берденқызы  ғимарат лентасын қиды. Бұл да біздің клиникамыз үшін тарихи сәт.

Осы орайда Экомедтің тарихын айта кетпеске болмайды,

«1995 жылдың 18 cәуірінде Қазақстандағы алғашқы ЭКО-зертханасы ашылып ,  1996 жылдың 31 шілдесінде ЭКО әдісімен алғашқы сәби дүние есігін ашты! Алғашқы сәбидің авторы — Қазақстандағы ЭКО әдісінің негізін қалаушы, профессор, биология ғылымдарының докторы, еліміздің алғашқы клиникалық эмбриологы, біздің ғылыми жетекшіміз — Байқошқарова Салтанат Берденқызы.

Қазіргі таңда Экомед Жайық клиникасында 2 репродуктолог ,1 андролог дәрігер жұмыс жасайды.

Біздің негізгі қызметіміз адам ұрпағын өрбітуге бағытталған, яғни аурудың алдын-алу, емдеу, жүктілік жоспарлау және бедеулікпен күрес.

Біз 2022 жылдан бастап , өзіміздің  транспорттық схемамен жүргізілетін ЭКО бағдарламалары , соның ішінде «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша квоталық пациенттермен жұмыс жасаймыз. Экоға дайындық, аналық бездерді стимуляциялауды клиникамызда жүргізіп,  ал аналық ұрықтарды жинауға және эмбрион дайындауға ЭКО лабораториялары бар , Астана, Алматы ,Атырау қалаларындағы ЭКОМЕД клиникаларына жолдаймыз. Бұл паценттер үшін өте тиімді , себебі бұрын біздің филиал жоқ кезде , ерлі-зайыптылар  айлап басқа қалада пәтер жалдап,  жатуға мәжбүр болса , қазір санаулы күндерге барып келеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша: мемлекеттік квотаның көмегімен 2021-2023 жылдар аралығында жалпы 21 000-нан астам пациентке ЭКҰ жасалып, олардың 8 000-ға жуығы жүктілік бойынша есепке тұрып, 7 000 аясында сәби дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылы – 249 квота, 2022 жылы — 246 квота, 2023 жылы – 240, 2024 жылы – 238 квота берілген. Өткен 2024 жылы облысқа бөлінген 240 квотаның 161 (67% ) «Экомед-Жайык» клиникасына дайындыққа жолданып, нәтижесінде  72 жағдайда  жүктілік алдық.

Одан бөлек біз клиникамызда , бала көтере алмай жүрген пациентерімізге консервативті ем жоспарын құрып , табиғи жолмен бала көтеруге көмектесеміз. Әрине ол бедеуліктің себептеріне қарай, мысалы  бір жұптарда ер адам жағынан ұрық сапасы төмендеген болса , андролог дәрігерімізбен бірлесе отырып сапасын көтеріп жүктілік алып жатамыз.

Сондай әдістің бірі ЖІИ , яғни Жатырішілік Инсиминация әдісі, бұл дегеніміз әйелде жатыр түтікшесінің өткізгіштігі бұзылмаған, овуляциясы бар  бірақ ер адамның ұрық сапасы орташа болса  сол ұрықты арнайы ортада өңдеп , жатыр қуысына тікелей енгіземіз, бұл әдістің нәтижелілігі өте  жоғары.

Тағы бір әдіс —  аналық бездерді ынталандыру  (Стимуляция -овуляция ), бұл әдісті ер адам жағынан өзгеріс жоқ, әйел адамның жатыр түтікшесінің өткізгіштігі қалыпты , бірақ табиғи циклда овуляцияның болмауы кезінде қолданамыз.Нәтижелілігі әрине көңіл толтырады.

Жоғарыда айтылған әдістер біздің клиникамызда жүзеге асады.

Сөзімді қорытындылай келе айтарым бүгінгі таңда ерлер мен әйел бедеулігі тең дәрежеде тұр , сондықтан  да отбасын құрғаннан кейін 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптыларға 1 жыл , 35 жастан асқан ерлі-зайыптыларға 6 ай уақыт беріледі. Ары қарай ғажайып күтіп отырудың қажеті жоқ. Біздің клиникамызда бедеуліктің себебін анықтайтын барлық қызмет түрлері бар, Репродуктолог, андролог дәрігерлердің кеңесі, спермограмма талдамасы, барлық қан талдамалары, мүшелердің Ультра дыбыстық зерттеулері, т.б. Ата-ана болуды кейінге қалдырмаңыз!

Осы орайда Салтанат Берденқызының сөзі еске түседі «Әр үйде  бесік болсын, әр бесікте сәби болсын».

Самал көшесі, 104 үй
+7 702 872 22 44
@ecomed_oral