Девушке перед микрофоном всего 18 лет. А его голос заставил многих персонажей говорить по-казахски. Наркыз Орынгали, житель Урала, 18 лет, художник-любитель дубляжа, дублирует зарубежные фильмы на казахский и русский языки. Его интерес к дубляжу начался, когда он увидел в социальных сетях видеоролики профессиональных и любительских актеров дубляжа. Свой первый шаг в дубляже он сделал в 11 лет.
Автор: Редакция Fresh City
"Я из многодетной семьи, дома шестеро детей. Я средний ребенок. С детства интересуясь многими вещами, мама отдала меня в барабанный кружок в 1 классе. Я год учился на домбре, освоил ее, пел на домбре, участвовал в различных мероприятиях и конкурсах в школе. Позже уроки прервались, и я оставил барабан. Кроме этого, я читал стихи поэтов наизусть, участвовал в конкурсах чтецов.
Затем начался период карантина. Не выходите из дома. В то время я учился в 7 классе, с этого времени я увлекся звуком. Сидя дома, я просматривал страницы в социальных сетях, а потом начал видеть видео людей, которые профессионально занимаются дубляжом. Я смотрел профессиональные работы Кайрата Адильгерея и других специалистов по русскому языку. Мне было интересно попробовать. Дома я сам произношу слова, люди дома не понимают, «что ты делаешь?» он смеется. Потом однажды я записал свой голос на диктофон, мне понравился мой голос, и я пел».
"Я озвучила персонажей сестер из японского мультфильма на русский язык. Поскольку мне некому было заниматься озвучкой, я сама переозвучила голоса их обеих. После этого мне начали писать люди, которые, как и я, интересуются озвучкой, которые занимаются этим делом. Они хотели со мной познакомиться и поработать вместе. Я познакомился с девочками, которые моложе меня, мы играли вместе дуэтом. Позже я узнал, что в социальной сети Telegram есть группы, созданные по озвучке. энтузиасты между собой, нормальное соревнование. И это звучит по-казахски. Мне было интересно, "а почему бы и мне не заняться казахским произношением?", меня пригласили две группы, так я влился в казахскую группу. Я делал это с диктофоном и мобильным приложением CupCut, у меня на тот момент не было оборудования. 2021 год, люди начали работать с оборудованием типа кнопок и микрофонов.Но я еще не сказала родителям, что занимаюсь звуком.Я пошла на рынок и купила петличку за 500 тенге.У меня голос звучал лучше, чем раньше.Теперь меня стали приглашать в разные группы.Я посмотрела их и записала в группы. роли мне часто давали старшие тети, бабушки и маленькие дети, потому что из-за вашего громкого голоса мне нравились эти роли».
Таким образом, просмотры видео на странице Наркыза начинают увеличиваться. Он собрал 6000-7000 просмотров и его читательская аудитория увеличивается с каждым днем.
"Я крикун, и мне дали персонажей, которые потом кричали бы. Когда дома никого нет, я кричу и пишу, мама меня ругает, если слышит. Однажды мне срочно нужно было написать крик персонажа. У меня дома бабушки и братья, много людей. Я думала, куда пойти и кричать. Потом на улице дворец, часов в 10-11 ночи я подхожу к этому дворцу и кричу. На следующий день соседи спросили мою маму: «Почему твоя дочь кричит?» «Не кричи по ночам». Я думала, что это не будет слышно на улице, но это было. Мама спросила меня, почему я кричу. Я сказала, что занимаюсь дубляжом в качестве хобби. «Моя мама знает, какая обстановка, с кем я буду, все это, предупредила меня, чтобы я была осторожна с личной информацией, и дала мне разрешение».
Наркыза пригласили на работу в Алматы, Астану, но работа должна вестись офлайн. У него было образование, работа, а ему не было и 18 лет. Пришлось отказаться от этих предложений и заняться любительским дубляжом. Недавно получил приглашение на официальный дубляж. В настоящее время ведутся переговоры. На самом деле таких предложений будет много, но уйти, не закончив обучение, он не сможет. Семья поддерживает интерес Наркыза. Родители принесли с собой ноутбук и микрофон.
"Теперь, когда я сижу дома и озвучиваю, все молчат. Все лайкают, комментируют и делятся в социальных сетях. Мои поклонники №1 у меня дома. Моя сестра и зять все знают, что я занимаюсь дубляжом. Моя мама и зять раньше играли в группе "24 часа" в "Жайдармане". Однажды я пошел к ним домой, чтобы присмотреть за их детьми. Потом я остался у них дома в тот день. "Я пойду на кухню и начну озвучивать. Я это делаю с тихими, не кричащими звуками", - делала на кухне. Они оба уложили детей спать и выходят по телефону. Мама сняла его с меня. Я наконец заметила. Мама меня обманула, сказав, что я буду отправлять это только своим близким, а не куда-нибудь еще, и выложила это в Инстаграм. Он собрал 30 тысяч просмотров, все заметили, а недавно он появился в пабах "Типичный Уральск" и "Уральск-Сити". Я подпрыгнула и обрадовалась: «Он меня заметил?» Я всегда была застенчивой девочкой, не покажусь, буду использовать только голос. По совету мамы я начала показывать свою внешность и публиковать это с января. Это действительно пройдет, наберется много просмотров.
Центры любительского дубляжа есть в крупных городах, таких как Астана и Алматы. Сформировали чат, состоящий из 8 человек, двое из 8 человек переводчики, один программист, а остальные четыре-пять человек занимаются озвучкой. По каждому голосу он делит своих героев на певцов. В Telegram есть чаты звукорежиссеров «Kushti Sound», «Light Production», «KazAnime». В настоящее время Наркыз работает в группах «Strong Sound» и «KazAnime». Они переводят и дублируют еще не переведенные зарубежные аниме и фильмы, а по готовности публикуют их на закрытом Telegram-канале. За 6-7 лет на канал подписалось 10 000 подписчиков. Небольшая сумма денег поступает в виде поддержки от подписчиков, которая оплачивает работу переводчиков и программистов. Потому что они выполняют самую тяжелую работу. Музыканты делают эту работу бесплатно, потому что им это нравится.
"Я изучаю хореографию в глиняном колледже имени Курмангазы. Люблю танцевать, но не слишком усердно. И если два дня подряд не буду заниматься дубляжом, у меня не будет настроения. Я держу брови и ору на всех, ничему не причиняя вреда. Потом, когда сажусь за озвучку, сразу возбуждаюсь. Эмоции даю хорошо, встаю и плачу, смеюсь во время плача... Такие элементы мне нравятся самой. Дублировать я училась сама, наблюдая за профессионалами, озвучивая их, озвучивать их видео, озвучивать их эмоции. Потом я научился сам снимать другие видео. Например, у японцев есть оригинальные японские эмоции. Мне нравится смотреть на них и делать что-то подобное. Если у меня нет голоса, я не возьму этого персонажа. Мне нравится брать персонажей, которые мне нравятся и чьи голоса ближе к моим.
"Наша главная цель - предложить казахоязычной аудитории качественный переводной дубляж на казахском языке, казахские продукты и казахский контент. Расширение сферы использования казахского языка. Таким образом, мы будем способствовать развитию индустрии дубляжа на казахском языке. Дубляж имеет свои проблемы. Например, когда он говорит в оригинале, он говорит с открытым ртом. Когда это прекратится, тогда и надо остановиться. Говорите, если не происходит, когда вы говорите, хотя бы через секунду", - сказал он. откладывай и делай заново.Я пишу раз-два, это занимает от сорока минут до часа.У меня опыт более шести лет.Теперь это не так сложно.Одна серия 25-30 минут.Сейчас мы озвучиваем 2-часовой фильм-аниме.Учитывая мою учебу,работу и личные дела,на самом деле это работа,которая может быть сделана за 5-6 часов. пересчитывая их».
Наркыз видит свое будущее в этой сфере дубляжа, он хочет стать профессионалом в этой сфере. Для этого он связался с женским голосом номер 1 Казахстана Бибигуль Керимовой, которая стала голосом знаменитых «Билайн», «2Гис», прислал ей произведения и получил ее советы. Для этого ему нужно сначала закончить учебу. Нархиз говорит: «Чтобы заниматься тем, что тебе нравится, во-первых, нужен интерес и энтузиазм, во-вторых, нужно начинать без стыда и страха, в-третьих, не следует лениться».
Оның дауысы - өмірінің арқауы
Микрофон алдындағы қыздың жасы бар болғаны 18-де. Ал оның дауысы көптеген кейіпкерді қазақша сөйлеткен. Нарқыз Орынғали, Орал қаласының тұрғыны, 18 жаста, әуесқой дубляжбен айналысады, шетел фильмдерін қазақ және орыс тілдерінде қайта дыбыстайды. Оның дубляжға қызығушылығы әлеуметтік желідегі кәсіби және әуесқой дубляж актерларының видеосын көрген сәттен пайда болған. Дубляж саласындағы алғашқы қадамын 11 жасында жасаған.
«Мен негізі көп балалы отбасыданмын, үйде алты бала бар. Мен ортаншы баламын. Кішкентайынан көп нәрсеге қызығушылығы болған мені мамам 1-сыныпта домбыра үйірмесіне берді. Домбыраны бір жыл оқып шықтым, меңгердім, домбырамен ән айтып, мектептегі түрлі шараларға, жарыстарға қатысып жүрдім. Кейін сабағыма кедергі болды да, мен домбыраны тастап кеттім. Одан бөлек ақындардың өлеңдерін жатқа айтып жүрдім, мәнерлеп оқу байқауларына қатыстым.
Әрі қарай карантин уақыты басталды. Үйден шығуға болмайды. Ол кезде мен 7-сыныпта оқимын, осы уақыттан дыбыстауға қызыға бастадым. Үйде отырып әлеуметтік желілердегі парақшаларды ақтарамын, сол кезде маған дубляжбен кәсіби айналысатын адамдардың видеолары шыға бастады. Қайрат Әділгерей және басқа да орыс тілді мамандардың кәсіби жұмыстарын қарап жүрдім. Мен де байқап көрсем деген қызығушылық пайда болды. Үйде өзім сөздерді айтып жүремін, үйдегілер түсінбей, «не істеп жүрсің?» деп күледі. Содан бір күні дауысымды диктофонға жазып қарадым, дауысым өзіме ұнайды және бұрын мен ән айттым ғой».
«Жапон мультфильміндегі апалы-сіңлілі кейіпкерлерге орыс тілінде дубляж жасадым. Жанымда дубляжбен айналысатын ешкім болмаған соң екеуінің де дауысын өзім қайта дыбыстадым. Осыдан кейін мен сияқты дубляжға қызығатын, осы іспен айналысатын адамдар маған жаза бастады. Олар менімен танысып, бірге жұмыс істегісі келді. Өзіммен жасты қыздармен таныстым, дуэт болып бірге дыбыстап жүрдік. Кейін Telegram әлеуметтік желісінде дубляжбен әуесқой айналысатын адамдар ашқан топтар бар екенін білдім. Олар бір-бірімен жарысады екен, кәдімгі сайыс. Әрі қазақша дыбыстайды екен. Бұл маған қызық болды, «неге мен де қазақша дыбыстауды жасамаймын?» деген ой келді. Мені екі топ шақырды, екі топ та маған қызық болды. Солай қазақша топқа қосылдым. Олар рөлдерді өздері бөліп беретін. Мен ол кезде диктофонмен, CupCut мобильді қосымшасымен жасап жүрдім. Менің ешқандай жабдығым болмады сол уақытта. 2020 жылға дейін жабдықсыз жұмыс істедім. 2021 жылдан бастап адамдар петличка, микрофон сияқты жабдықтармен жұмыс істей бастады. Бірақ мен ата-анама өзімнің дыбыстаумен айналысып жүргенімді әлі айтпаған едім. Базарға барып 500 теңгеге петличка сатып алдым. Дауысым бұрынғыға қарағанда жақсырақ шығатын болды. Осының өзіне қуанышым қойныма сыймай жүр. Енді мені түрлі топтарға шақыра бастады. Солардың ішінен қарап, іріктеп алып, топтарға кірдім. Мен 12 жастан кеткен қызбын ғой, бірақ дауысым жуан болды. Рөлдерді бөлген кезде дауысың жуан деп маған көбіне үлкен апайлар, әжелер және кішкентай балаларды беретін. Маған осы рөлдер ұнайтын».
Осылайша Нарқыздың парақшасындағы видеолардың қаралымы арта бастайды. 6000-7000 қаралым жинап, оқырмандары да күннен-күнге артады.
«Мен қатты сөйлейтін адаммын, маған сосын айқайлайтын кейіпкерлерді беретін. Үйде ешкім жоқ кезде айқайлап жазамын, мамам ұрсады ғой, естісе. Бір күні маған шұғыл бір кейіпкердің айқайлағанын жазу керек болды. Үйде әжелерім, бауырларым бар, адам көп. Қайда барып айқайлаймын деп жүрдім. Сосын сыртта сарай бар, түнгі 10-11 шамасында сол сарайға барып айқайлаймын. Ертесіне көршілер мамама «Сенің қызың неге айқайлап жатыр? Түнде айқайламасыншы» депті. Мен сыртқа естілмейді деп ойладым, бірақ естіліпті. Мамам неге айқайлап жүргенімді сұрады. Мен хобби ретінде дубляжбен айналысып жүргенімді айттым. Мамам қандай орта, кіммен араласамын, осының барлығын біліп, жеке мәліметтерге сақ болу керек екенін ескертіп, рұқсатын берді».
Нарқызды Алматыға, Астанаға жұмысқа шақырған, алайда жұмысты оффлайн істеу керек. Оның оқуы бар, жұмысы бар, әлі 18 жасқа да толмаған еді. Бұл ұсыныстардан бас тартуға және әуесқой дубляжда қалуға тура келген. Жақында ресми дубляжға шақырту алған. Қазіргі уақытта келіссөздер жүріп жатыр. Негізі, мұндай ұсыныстар көп болады екен, бірақ оқуын аяқтамай бара алмайды. Отбасы Нарқыздың қызығушылығын қолдап отыр. Ата-анасы ноутбук пен микрофон алып берген.
«Қазір үйде дубляжға отырсам, бәрі үндемей қалады. Бәрі әлеуметтік желіде лайк басып, комментарий жазып, бөлісіп отырады. №1 фанаттарым өзімнің үйімде. Менің дубляж жасап жүргенімді апам, жездем бәрі біледі. Апам мен жездем бұрын «24 сағат» деген топта «Жайдарманда» ойнаған. Бір күні балаларын бағуға үйлеріне бардым. Сосын сол күні үйлеріне қонып қалдым. «Мен асүйге барып дубляж жасай қояйын. Үндемейтін, айқайламайтын дыбыстармен жасаймын», - деп асүйде жасап отыр едім. Олар екеуі балаларын ұйықтатып тастап, телефонмен шығып келе жатыр. Апам сыртымнан түсіріп алды. Мен соңында байқадым. Апам тек жақындарға саламын, ешқайда салмаймын деп алдап, Инстаграмға рилсқа салып жіберген. Ол 30 мың қаралым жинап, бәрі байқап, жақында осы «Типичный Уральск», «Уральск город» пабликтеріне шығып кетті. Мен қатты толқып, секіріп, «байқады ма мені» деп қуандым. Бұрыннан ұялшақ қызбын. Өзімді көрсетпеймін, тек даусымды ғана саламын. Апамның кеңесімен қаңтардан бастап түрімді көрсетіп түсіріп, жариялай бастадым. Шынымен, өтеді екен, қаралым көп жиналады екен».
Әуесқой дубляжбен айналысатын орта Астана, Алматы сияқты үлкен қалаларда. Олар 8 адамнан тұратын бір чат құрады, 8 адамның екеуі аудармашы, біреуі бағдарламашы, қалғаны дубляж жасайтын төрт-бес адам дыбыскер. Әр дауысқа қарап өзінің персонаждарын дыбыскерлерге бөледі. Телеграмда «Күшті дыбыс», «Жарық продакшн», «ҚазАниме» атты дыбыскерлер чаттары бар. Нарқыз қазір «Күшті дыбыс» және «ҚазАниме» топтарында жұмыс істеп жатыр. Олар әлі аударылмаған шетелдік анимэ, фильмдерді аударып, дубляж жасайды, дайын болған соң жабық телеграм арнада жариялайды. Арнаға 6-7 жылдың ішінде 10 000 жазылушы жазылған. Жазылушылардан қолдау ретінде аз болса да қаржы түседі, ол қаржыны аудармашылар мен бағдарламашыларға төлейді. Өйткені олар ең ауыр жұмысты істейді. Дыбыскерлер бұл жұмысты тегін атқарады, себебі бұл олардың сүйікті ісі.
«Мен Құрманғазы атындағы саз коллледжінде хореография мамандығында оқимын. Билеген ұнайды, бірақ аса қатты емес. Ал екі күн қатарынан дубляж жасамай қалсам, көңіл-күйім болмайды. Қабағымды түйіп алып, ештеңеге зауқым болмай, бәріне ұрсып жүремін. Сосын дубляжға отырсам, бірден көңілім көтеріліп кетеді. Мен эмоцияны жақсы беремін, тұрып-тұрып жылап қалып, жылап жатып күліп… Сондай элементтерді жақсы көрем өзім. Дубляж жасауды өзім үйреніп алдым, кәсіби мамандарды қарап-қарап, оларды қайталап, олардың видеосын қайталап, эмоцияларын көшіріп жүрдім. Сосын өзім басқа видеолар істеп үйрендім. Мысалы, жапондарда жапондардың оригинал эмоциялары болады. Соларға қарап, соған ұқсас қылып жасағанды жақсы көрем. Егер дауысым келмей қалса, мен ол персонажды алмаймын. Өзіме ұнайтын, дауысы өзіме жақынырақ персонаждарды алғанды жақсы көремін. Сенің жасаған жұмысың алдымен өзіңе, сосын көрерменге ұнау керек».
«Біздің басты мақсатымыз - қазақ тілді аудиторияға қазақ тіліндегі сапалы аударылған дубляж, қазақы өнім, қазақы контент ұсыну. Қазақ тілін қолданудың аясын кеңейту. Осылай қазақ тіліндегі дубляж саласының дамуына өз үлесімізді қосу. Дубляж жасаудың өз қиындықтары бар. Мысалы, түпнұсқада сөйлегенде аузын ашып сөйлейді ғой. Сол кезде қашан тоқтайды, біз де сол кезде тоқтауымыз керек. Сөйлейсің, сөйлегенде келмей қалса, ең болмаса, бір секунд асып кетсе, кетіріп тастап, қайтадан істейсің. Мен қазір бір-екі рет жазамын, осының өзіне шамамен қырық минут-бір сағат уақыт кетеді. Менің алты жылдан астам тәжірибем бар ғой. Қазір енді ондай қиын емес. Толық фильм-анимелер, сериалдар дубляжын жасаймыз. Бір сериясы 25-30 минуттан болады. Қазір 2 сағаттық фильм-анимені дубляж жасап жатырмыз. Оқуым, жұмысым, жеке шаруаларымды есепке алсақ, мен екі күн ішінде аяқтадым. Негізі, оларды есептемегенде 5-6 сағатта жасап тастауға болатын жұмыс».
Нарқыз өзінің болашағын осы дубляж саласынан көреді, саланың кәсіби маманы болғысы келеді. Осы мақсатпен әйгілі «Билайн», «2Гис» дауысына айналған Қазақстанның №1 әйел дауысы Бибігүл Керимовамен байланысып, өзінің жұмыстарын жіберіп, кеңесін алған. Ол үшін алдымен оқуын аяқтауы қажет. Нарқыз «Өзіңе ұнайтын іспен айналысу үшін ең әуелі қызығушылық пен ынта керек, екіншіден, ұялмай, қорықпай бастау керек, үшіншіден, еріншек болмау керек» дейді.