Туған жердің ажарын ашып, қаланың тынысын жаңғырту – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, елін сүйген әр азаматтың ортақ парызы. Оралда жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен қолға алынған игі бастама осының айқын дәлеліне айналып келеді. Қала көшелері мен қоғамдық кеңістіктерде бой көтерген ерекше демалыс орындары кәсіпкерлік табыстың туған жерге деген жанашырлықпен ұштасқанда қандай нәтижеге жеткізетінін көрсетеді.
Туған жерге тарту
Қаланың көркі оның сәулетті ғимараттарымен ғана өлшенбейді. Адамдардың асықпай серуендейтін саябағы, кешкісін отбасымен демалатын жайлы алаңы, көше бойындағы шағын сәулеттік нысандар мен көз тартарлық қоғамдық кеңістіктер де шаһардың келбетін қалыптастырады. Мұндай орындар тұрғындардың өмір сапасын жақсартып қана қоймай, қаланың қонақтар алдындағы беделін де арттырады.
Оралда осы бағытта қолға алынған бастаманың ерекшелігі – оған жергілікті кәсіпкерлердің белсенді араласуы. Яғни, кәсіп иелері өздері еңбек етіп, табыс тауып отырған қаланың дамуына нақты үлес қосып, тұрғындарға ортақ игілік сыйлауды мақсат етті.
Мұндай тәжірибе бұған дейін Ақтөбе мен Қызылорда қалаларында жүзеге асырылған. Аталған қалалардағы оң тәжірибемен танысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев бастаманы туған өлкеде қолға алуды ұйғарды. Ол арнайы Ақтөбеге барып, әріптестерімен кездесіп, жобаның жүзеге асу тетіктерін зерделеп қайтты. Ұсыныс облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің де қолдауына ие болды.
– Біздің елде де туған жерінің көркеюіне бейжай қарамайтын, қолынан келгенше көмектесуге дайын азаматтар аз емес. Сол кәсіпкерлердің басын қосып, қаланы абаттандыруға бірге атсалысуға шақырдық. Әкімдікте арнайы кездесу өткізіп, бастаманың мәні мен мақсатын түсіндірдік. Алғашқы кездесуде-ақ 12 кәсіпкер игі істі қолдайтынын білдірді. Одан кейін абаттандыруды қажет ететін аумақтарды анықтап, сол жерлерде демалыс орындарын салу мәселесін коммуналдық мекемелермен келісіп, қажетті рұқсаттарды алдық, – дейді Жандос Асхатұлы.
Осылайша, маусым айында Оралды көркейтуге ниет білдірген кәсіпкерлер іске кірісті. Қала әкімдігі тарапынан қойылған негізгі талап – жаңа нысандарды Қала күніне дейін аяқтау және оларды алдын ала ұсынылған эскиздерге сәйкес салу болды. Бұл талап қоғамдық кеңістіктердің біртұтас сәулеттік келбетін сақтап, әр нысанның қоршаған ортамен үйлесім табуына бағытталды.
Бастапқыда бастаманы қолдаған 12 компанияның қатарына жұмыс барысында тағы екі кәсіпкер қосылды. Нәтижесінде жобаға қатысушылардың саны 14-ке жетті. Әрқайсысы өзіне ұсынылған аумақта тұрғындарға арналған демалыс орнын жасап, қаланың көркін арттыруға атсалысты.
Он төрт кәсіпкер – ортақ мақсат
Бүгінде Оралдың әр жерінен кәсіпкерлердің қолдауымен бой көтерген демалыс орындарын кездестіруге болады. Сәулеттік шешімі мен орналасу ерекшелігі әртүрлі болғанымен, олардың барлығын біріктіретін ортақ мақсат бар. Ол – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қаланың қоғамдық кеңістіктерін жандандыру.
Бұл бастамаға «СВС Батыс», «Болашақ – Т», «ALIM Construction», «BAITEREK Construction LLP», «Талап», «Стройкомбинат», «Наурыз», «A-GROUP BUILDING», «Қалдығайта», «УЕС» сынды компаниялар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Ткалун А.М», «Кублей», «Давлетов» және «Style trade Kazakhstan» бар.
Кәсіпкерлердің қолдауымен жасалған нысандар С.Тюленин, Н.Назарбаев, Абай, Құрманғазы, Х.Есенжанов және С.Датұлы көшелерінде, Молодежи аллеясында, Сейфуллин атындағы тынымбақта, Северо-Восток шағынауданында және басқа да қоғамдық орындарда орналасқан.
Қазірдің өзінде бұл аумақтар тұрғындардың назарын аударып, серуендеп, тынығуға қолайлы орындарға айналып келеді. Әсіресе, бұрын абаттандыруды қажет еткен жерлердің жаңа сипатқа ие болуы қалалық ортаның біртіндеп өзгеріп жатқанын аңғартады.
Мұндай жобалардың құндылығы олардың көлемімен немесе сыртқы сән-салтанатымен ғана өлшенбейді. Ең маңыздысы – адамдардың күнделікті өміріне пайда әкелуі. Бір жерде ата-аналар балаларымен серуендесе, енді бір аумақта жастар бас қосып, үлкендер тыныға алады.


Жаңа жобалар, жаңа мүмкіндіктер
Оралдағы абаттандыру жұмыстары мұнымен аяқталмақ емес. Қала әкімдігі алдағы жылы осындай демалыс орындарының санын 25-ке жеткізуді көздеп отыр. Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда тағы он шақты компания бастамаға қосылуға келісім берген. Кейбір кәсіпкерлер жаңа жобаларын биылдан бастап жүзеге асыруға кіріскен.
Соның бірі – Республика күніне дейін жүзеге асыру жоспарланған жаңа сәулеттік нысан. «Қазақстан Халық банкі» АҚ Н.Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысына ерекше үлгідегі сағат орнатуды жоспарлап отыр. Бұл нысан аталған аумақтың сәулеттік келбетін толықтырып, қаланың көрікті орындарының біріне айналуы мүмкін.
Сонымен қатар Жайық өзенінің жағалауын абаттандыру, ескі шіркеу маңында демалыс орнын қалыптастыру жұмысы. Енді Курени ауданының тұрғындары өзен жағасында серуендеп, таза ауада тынығуға мүмкіндік алды.
Осы аудандағы қараусыз қалған орман алқабының орнына экопарк салу жоспары бар. Егер жоба жүзеге асса, ол тұрғындар үшін табиғат аясында демалатын жаңа орынға айналып, қаланың жасыл аймақтарын көбейтуге ықпал етеді.
Қоғамдық кеңістіктерді жаңарту барысында тарихи мұраға да назар аударылмақ. Келер жылы 1856 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Орталық саябақты жаңғырту жоспарланып отыр. Саябақтың сәулеттік келбетін XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы стильге сәйкестендіру көзделген. Бұл шешім қаланың тарихи болмысын сақтай отырып, оны заманауи талаптарға сай дамытуға мүмкіндік береді.
– Біздің мақсатымыз – қаланың тартымдылығын арттыру. Соның ішінде туристік әлеуетін көтеріп, Оралға келген қонақтардың қызығушылығын оятатын орындарды көбейту маңызды. Біз қаланы тек тұрғындар үшін ғана емес, өңірге сырттан келетін адамдар үшін де жайлы әрі көрікті еткіміз келеді, – дейді Жандос Асхатұлы.
Қаланың шет аймақтары да назардан тыс қалмайды
Қаланың көркеюі тек орталық көшелермен шектелмеуі тиіс. Шаһардың барлық аумағындағы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру – маңызды міндет. Осыған байланысты қала әкімдігі келер жылы кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асатын жобаларды Деркөл, Зашаған секілді кенттерге де бағыттауды жоспарлап отыр.
Бұл бастама шет аймақтардағы қоғамдық кеңістіктерді көбейтіп, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әкімдік осы іске бейжай қарамайтын кәсіп иелерін бастаманы қолдауға және туған қаланың дамуына өзіндік үлесін қосуға шақырады.
Бірі демалыс орнын абаттандырса, енді бірі саябақты жаңғыртуға атсалысуы мүмкін. Осындай шағын игі істердің өзі қаланың келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасына оң әсер етеді.
Туған жерге жанашырлық – ортақ жауапкершіліктен басталады. Сондықтан кәсіпкерлердің ел игілігіне бағытталған әрбір бастамасы Оралдың ажарын айшықтап, келер ұрпаққа жақсы мұра қалдыруға жол ашады.


Бактыгалиев Абылай Махамбетович «BAITEREK CONSTRUCTION» ЖШС
Оралда тұрып, осы жерде кәсіп жүргізіп отырған соң, туған қаламыздың дамуына өз үлесімді қосқым келді. Кәсіпкерлік тек табыс табу емес, қоғамға пайда әкелу деп түсінемін. Сол себепті Назарбаев көшесі, 221 мекенжайының маңына тұрғындарға жайлы болсын деген ниетпен сквер салып беруді қолға алдым. Бұл – өз қалама жасаған шағын болса да, нақты үлесім деп білемін. Алдағы уақытта да осындай игі бастамаларға атсалысуға дайынмын.


Шайманов Әуез Алимбаевич:«A-group building» ЖШС
Біздің компания үшін қалада кәсіп жүргізу – тек коммерциялық мақсатпен шектелмейді. Өзіміз тұрып, еңбек етіп отырған ортаның көркеюіне де үлес қосу маңызды деп санаймыз. Осы мақсатта Құрмағазы көшесіндегі №177 және №179 үйлердің аралығындағы аумақты абаттандырып, тұрғындарға арналған шағын саябақ салдық.
Жобаға 8,5 млн теңге көлемінде өз қаражатымызды бағыттадық. Аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, шағын сәулет нысандары орнатылып, жарықтандыру жүйесі жасалды. Ең бастысы – бұл жердің тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналғанын қалаймыз. Қаламыздың көркеюіне әр кәсіпкер осылай өз үлесін қосса, шаһарымыздың ажары да арта түсетіні сөзсіз.


Досжан Биккужиев, «AlimConstructionLTD» ЖШС
Мен бұл қаланың тұрғыны әрі осы жерде кәсіп жүргізіп отырған азамат ретінде туған қаламыздың дамуына өз үлесімізді қосу – ортақ міндет деп есептеймін. Қала күні қарсаңында тұрғындарға тарту жасау мақсатында 4-шағын аудан, №41 мектеп-гимназиясы маңындағы аумақты абаттандырып, сквер салу туралы шешім қабылдадық.
Жобаны өз қаржымызға жүзеге асырып, бар болғаны екі айдың ішінде аяқтадық. Бұл – бір күндік науқан емес, қалаға деген жанашырлықтан туған бастама.
Балалар мектепке келгенде, тұрғындар серуендегенде, осы жерде таза әрі жайлы орта қалыптасса, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Қаланың көркеюіне тек мемлекет емес, кәсіпкерлер мен тұрғындардың да үлесі маңызды.
Бүгін біз бизнесіміздің пайдасын осы қаладан көріп отырсақ, оның дамуына да өз тарапымыздан үлес қосуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сквер – біздің қала тұрғындарына жасаған шағын ғана сыйымыз. Алдағы уақытта да туған қаламыздың көркеюіне қолдан келгенше атсалысуға дайынбыз.
БЛАГОТВОРИТЕЛЬНАЯ ИНИЦИАТИВА, ИЗМЕНИВШАЯ УРАЛЬСК
Преображение родного края и обновление городской среды — не только задача государственных органов, но и общий долг каждого человека, который любит свой город. Инициатива, реализованная в Уральске при поддержке местных предпринимателей, становится ярким тому подтверждением. Новые места для отдыха, появившиеся на улицах города и в общественных пространствах, показывают, каких результатов можно добиться, когда предпринимательский успех сочетается с заботой о родном городе.
Подарок родному городу
Красота города определяется не только его архитектурными зданиями. Парки, где люди могут неспешно гулять, уютные площадки для семейного отдыха, небольшие архитектурные объекты и привлекательные общественные пространства также формируют облик города. Такие места не только повышают качество жизни жителей, но и улучшают впечатление гостей города.
Особенность инициативы, реализованной в Уральске, заключается в активном участии местных предпринимателей. Владельцы бизнеса решили внести конкретный вклад в развитие города, в котором они работают и получают доход, и создать общественно полезные пространства для жителей.
Подобный опыт ранее был реализован в Актобе и Кызылорде. Ознакомившись с положительным опытом этих городов, заместитель акима Уральска Жандос Дуйсенгалиев решил запустить такую инициативу и в родном городе. Для этого он специально посетил Актобе, встретился с коллегами и изучил механизмы реализации проекта. Предложение также получило поддержку акима области Наримана Торегалиева.
— В нашей стране немало людей, которым небезразлично развитие родного края и которые готовы по мере возможностей помогать. Мы объединили таких предпринимателей и предложили вместе принять участие в благоустройстве города. В акимате провели специальную встречу, где рассказали о сути и целях инициативы. Уже на первой встрече 12 предпринимателей выразили готовность поддержать доброе дело. Затем мы определили территории, нуждающиеся в благоустройстве, согласовали с коммунальными службами возможность создания там мест отдыха и получили необходимые разрешения, — рассказал Жандос Асхатович.
Так, в июне предприниматели, пожелавшие принять участие в благоустройстве Уральска, приступили к работе. Основным требованием со стороны городского акимата было завершить новые объекты до Дня города и построить их в соответствии с заранее представленными эскизами. Это было необходимо для сохранения единого архитектурного облика общественных пространств и гармоничного сочетания каждого объекта с окружающей средой.
Изначально инициативу поддержали 12 компаний, однако в ходе работы к проекту присоединились еще два предпринимателя. В итоге число участников достигло 14. Каждый из них создал на предложенной территории место для отдыха жителей, внеся свой вклад в благоустройство города.
Четырнадцать предпринимателей — одна общая цель
Сегодня в разных районах Уральска можно увидеть места отдыха, созданные при поддержке предпринимателей. Архитектурные решения и расположение у них разные, однако объединяет их одна общая цель — создать комфортную среду для жителей и оживить общественные пространства города.
Инициативу поддержали такие компании, как «СВС Батыс», «Болашақ – Т», «ALIM Construction», «BAITEREK Construction LLP», «Талап», «Стройкомбинат», «Наурыз», «A-GROUP BUILDING», «Қалдығайта», «УЕС», а также индивидуальные предприниматели. Среди них — «Ткалун А.М», «Кублей», «Давлетов» и «Style trade Kazakhstan».
Созданные при поддержке предпринимателей объекты расположены на улицах С. Тюленина, Н. Назарбаева, Абая, Курмангазы, Х. Есенжанова и С. Датова, на Аллее молодежи, в сквере имени Сейфуллина, в микрорайоне Северо-Восток и других общественных местах. Уже сейчас эти территории привлекают внимание жителей и постепенно превращаются в удобные места для прогулок и отдыха. Особенно заметно, как меняются участки, которые ранее нуждались в благоустройстве: после реализации проектов они приобретают совершенно новый облик.
Ценность таких проектов определяется не только их масштабом или внешним оформлением. Главное — их польза для повседневной жизни людей. Где-то родители могут гулять с детьми, где-то встречается молодежь, а где-то отдыхают люди старшего возраста.


Новые проекты, новые возможности
Работы по благоустройству Уральска на этом не заканчиваются. В следующем году городской акимат планирует довести количество подобных мест отдыха до 25. По словам Жандоса Дуйсенгалиева, в настоящее время еще около десяти компаний согласились присоединиться к инициативе. Некоторые предприниматели уже начали реализацию новых проектов в этом году.
Один из них — новый архитектурный объект, который планируется реализовать ко Дню Республики. АО «Народный банк Казахстана» планирует установить часы на пересечении проспекта Н. Назарбаева и улицы Сарайшык. Этот объект может дополнить архитектурный облик территории и стать одной из достопримечательностей города.
Кроме того, ведутся работы по благоустройству набережной реки Урал и созданию места отдыха возле старой церкви. Теперь жители района Курени получили возможность гулять у реки и отдыхать на свежем воздухе.
На месте заброшенного лесного массива в этом районе также планируется создать экопарк. Если проект будет реализован, он станет новым местом отдыха жителей на природе и будет способствовать увеличению зеленых зон города.
При обновлении общественных пространств внимание будет уделено и историческому наследию. В следующем году планируется реконструкция городского парка, который работает с 1856 года. Его архитектурный облик хотят привести в соответствие со стилем XIX — начала XX века. Такое решение позволит сохранить историческую идентичность города и одновременно развивать парк с учетом современных требований.
— Наша цель — повысить привлекательность города. В том числе важно развивать туристический потенциал и увеличивать количество мест, способных заинтересовать гостей, приезжающих в Уральск. Мы хотим, чтобы город был комфортным и привлекательным не только для его жителей, но и для людей, приезжающих в регион, — отметил Жандос Асхатович.
Пригороды также не останутся без внимания
Развитие города не должно ограничиваться центральными улицами. Формирование комфортной среды для жителей на всей территории города — важная задача. В связи с этим городской акимат планирует в следующем году направить проекты, реализуемые при поддержке предпринимателей, также в поселки Деркул и Зачаганск.
Эта инициатива позволит увеличить количество общественных пространств в отдаленных районах и создать более комфортные условия для отдыха жителей. Акимат призывает предпринимателей, которым небезразлично развитие города, поддержать инициативу и внести свой вклад в развитие родного края.
Один предприниматель может благоустроить место для отдыха, другой — принять участие в обновлении парка. Даже такие небольшие, но значимые дела способны улучшить облик города и положительно повлиять на качество жизни его жителей.
Забота о родном городе начинается с общей ответственности. Поэтому каждая инициатива предпринимателей, направленная на благо общества, помогает сделать Уральск красивее и создает основу для того, чтобы оставить хорошее наследие будущим поколениям.
Бактыгалиев Абылай Махамбетович, ТОО «BAITEREK CONSTRUCTION»
— Поскольку я живу и веду бизнес в Уральске, мне хотелось внести свой вклад в развитие родного города. Я считаю, что предпринимательство — это не только получение прибыли, но и возможность приносить пользу обществу.
Поэтому мы решили создать сквер возле дома №221 по улице Назарбаева, чтобы это место было комфортным для жителей. Я считаю это пусть небольшим, но конкретным вкладом в развитие родного города. В дальнейшем также готов участвовать в подобных добрых инициативах.
Шайманов Ауез Алимбаевич, ТОО «A-group building»
— Для нашей компании ведение бизнеса в городе не ограничивается только коммерческими целями. Мы считаем важным также участвовать в развитии среды, в которой сами живем и работаем. С этой целью мы благоустроили территорию между домами №177 и №179 по улице Курмангазы и создали небольшой парк для жителей.
В проект мы вложили собственные средства в размере 8,5 млн тенге. На территории были проведены работы по благоустройству, установлены малые архитектурные формы и создана система освещения. Самое главное — мы хотим, чтобы это место стало комфортной зоной отдыха для жителей. Если каждый предприниматель будет вносить такой вклад в развитие города, Уральск, безусловно, станет еще красивее.
Досжан Биккужиев, ТОО «AlimConstructionLTD»
— Я считаю, что как житель этого города и человек, который ведет здесь бизнес, мы все несем общую ответственность за развитие родного города. В преддверии Дня города мы решили сделать подарок жителям и благоустроить территорию возле школы-гимназии №41 в 4-м микрорайоне, создав там сквер. Проект мы реализовали за собственные средства и завершили всего за два месяца. Это не разовая акция, а инициатива, возникшая из желания заботиться о городе. Если дети приходят в школу, жители гуляют здесь, а вокруг создается чистая и комфортная среда, значит, наша цель достигнута. В благоустройстве города важна не только роль государства, но и вклад предпринимателей и самих жителей. Сегодня мы получаем прибыль от своего бизнеса благодаря этому городу, поэтому, считаю, должны со своей стороны участвовать и в его развитии. Этот сквер — наш небольшой подарок жителям города. И в дальнейшем мы готовы по мере возможностей участвовать в развитии и благоустройстве родного Уральска.




