Правительство Казахстана выделило 2,5 млрд тенге на модернизацию тепломагистрали в Уральске. Средства направлены на реконструкцию участка, проложенного ещё в 1987 году. Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.
Автор: Редакция Fresh City
Согласно информации, размещённой на официальном ресурсе Премьера РК, в рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по обеспечению граждан бесперебойным теплом в стране ведётся системная модернизация инфраструктуры. Из резерва Правительства выделено порядка 2,5 млрд тенге на завершение реконструкции 3,9 км магистральных тепловых сетей г. Уральска.
По информации управления энергетики и ЖКХ ЗКО, работы охватят участок от коллектора ТЭЦ до района торгового центра «Сити-Центр». Данный участок тепломагистрали введён в эксплуатацию в 1987 году. По словам руководителя отдела развития коммунального хозяйства управления Аманкелди Ашикова, нормативный срок эксплуатации тепломагистрали давно превышен. За этот период подземные железобетонные конструкции и запорная арматура подверглись серьёзному износу.
При этом трубопровод играет важную роль в теплоснабжении 10 000 жителей и семи социальных объектов г. Уральска. Реализация проекта позволит снизить износ тепловых сетей, увеличить пропускную способность подачи горячей воды и сократить эксплуатационные затраты.
- Общая стоимость проекта превышает 9,9 млрд тенге. Генподрядчиком выступает ТОО «ASPAN HOLDINGS». Один из участков тепломагистрали - протяжённостью 1,3 км из запланированных 3,8 - уже прошёл реконструкцию. Все работы планируется завершить до начала отопительного сезона 2025-2026 годов, - сообщил А. Ашиков.
Модернизация тепловой инфраструктуры сопровождается плановыми ремонтами на ТЭЦ. Работы финансируются за счёт собственных средств АО «Жайыктеплоэнерго» и инвестпрограммы. Подготовка к отопительному сезону 2025-2026 годов проходит в соответствии с утверждёнными планами ремонта оборудования ТЭЦ. На эти цели было выделено свыше 895,9 млн тенге, в том числе: на ремонт оборудования ТЭЦ - 565 млн тенге, тепловых сетей - 330,8 млн, включая 11,48 млн тенге на оборудование котельного хозяйства.
Кроме того, в рамках инвестпрограммы-2025 на ремонт и обновление активов предусмотрено 485,9 млн тенге. Общая сумма расходов на ремонт составляет 1 381,8 млн тенге, - подчеркнул А. Ашиков. Также в текущем году планируется отремонтировать ещё 5,5 км тепловых сетей в городе.
В целом протяжённость тепловых магистральных сетей г. Уральска составляет 249 км. Их ввод в эксплуатацию был осуществлён в 70-80-х годах прошлого века. В настоящее время износ составляет 50%.
Наряду с теплоснабжением, модернизации подвергается и система водоснабжения и водоотведения. На эти цели в 2025 году направлено более 2,4 млрд тенге, включая средства из Национального фонда и местного бюджета. Всего реализуются два проекта по водоснабжению и один по водоотведению. Речь идёт, в частности, о реконструкции водоводов общей стоимостью 9,6 млрд тенге. Уже в этом году из Нацфонда выделено 500 млн тенге, из местного бюджета - 50 млн. Эти работы продолжатся в следующем году.
Ещё один крупный проект - модернизация водозаборных сооружений Уральского месторождения подземных вод. Стоимость - почти 12,5 млрд тенге. Финансирование на 2025 год составит 411 млн тенге из Нацфонда и 41 млн - из местного бюджета. Основной объём работ по нему запланирован на 2026 год.
В направлении водоотведения ведётся реконструкция канализационной насосной станции КНС-18А. Проект стоимостью около 1,8 млрд тенге финансируется преимущественно из местного бюджета. Завершение работ ожидается до конца текущего года.
Кроме того, до начала отопительного сезона ТОО «Батыс су арнасы» за счёт собственных средств планирует отремонтировать 4,5 км сетей водоснабжения и водоотведения.
Масштабная реконструкция систем жизнеобеспечения - не просто техническое обновление, а необходимый шаг к устойчивому развитию города. Замена изношенных труб, ремонт ТЭЦ и насосных станций, внедрение современных решений - всё это напрямую влияет на качество жизни горожан, снижает риски аварий и создаёт фундамент для будущего роста. Инвестиции в модернизацию коммунальной инфраструктуры - это вклад в надёжность, комфорт и безопасность городской среды.
Орал қысқы маусымға дайындық үстінде
Қазақстан үкіметі Оралдағы жылу магистралін жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлді. Қаражат 1987 жылы салынған учаскені қалпына келтіруге жұмсалды. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ресурсында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Орал қаласындағы 3,9 шақырым магистральдық жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтау үшін Үкімет резервінен 2,5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.
БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, жұмыс жылу электр орталығының коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйінің аумағына дейінгі аумақты қамтиды. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Басқарманың коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің басшысы Аманкелді Ашықовтың айтуынша, жылу магистралінің пайдалану мерзімі әлдеқашан асып кеткен. Осы кезеңде жерасты темірбетон конструкциялары мен ысырма арматураларының тозығы жеткен.
Бұл ретте құбырдың Орал қаласындағы 10 мың тұрғын мен жеті әлеуметтік нысанды жылумен қамтуда маңызы зор. Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтады, ыстық сумен жабдықтаудың қуаттылығын арттырады және пайдалану шығындарын азайтады.
– Жобаның жалпы құны 9,9 млрд теңгеден асады. Бас мердігер «ASPAN HOLDINGS» ЖШС. Жылу магистралінің бір учаскесі – жоспарланған 3,8-нің 1,3 шақырымы қазірдің өзінде қайта жөндеуден өтті. Барлық жұмыстарды 2025-2026 жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда, деді А.Ашықов.
Жылу инфрақұрылымын жаңғырту жылу электр орталығында жоспарлы жөндеу жұмыстарымен ұштасып жатыр. Жұмыс «Жайықтеплоэнерго» АҚ-ның жеке қаражаты мен инвестициялық бағдарлама есебінен қаржыландырылады. 2025-2026 жылыту маусымына дайындық ЖЭО жабдықтарын жөндеу бойынша бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 895,9 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде: ЖЭО жабдықтарын жөндеуге – 565 млн.теңге, жылу желілерін жөндеуге – 330,8 млн.теңге, оның ішінде қазандық жабдықтарына – 11,48 млн.теңге.
Сонымен қатар, 2025 инвестициялық бағдарлама аясында активтерді жөндеуге және жаңартуға 485,9 млн.теңге қарастырылған. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 1 381,8 миллион теңгені құрайды, деп атап өтті А.Ашықов. Сондай-ақ биыл қалада тағы 5,5 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарлануда.
Жалпы Орал қаласындағы жылу магистральдық желілерінің ұзындығы 249 шақырымды құрайды. Оларды пайдалануға беру өткен ғасырдың 70-80 жылдарында жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта амортизация 50% құрайды.
Жылумен қамтамасыз етумен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйесі де жаңартылуда. Бұл мақсаттарға 2025 жылы Ұлттық қор мен жергілікті бюджет қаражатын қоса алғанда 2,4 миллиард теңгеден астам бөлінді. Барлығы сумен қамту бойынша екі жоба, канализация бойынша бір жоба жүзеге асырылуда. Әңгіме, атап айтқанда, жалпы құны 9,6 млрд теңгені құрайтын су құбырларын қайта жаңғырту туралы болып отыр. Биылдың өзінде Ұлттық қордан 500 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады.
Тағы бір ірі жоба – Жайық жер асты суы кен орнының су тарту құрылыстарын жаңғырту. Құны шамамен 12,5 миллиард теңгені құрайды. 2025 жылға арналған қаржыландыру Ұлттық қордан 411 миллион теңгені, жергілікті бюджеттен 41 миллион теңгені құрайды. Ол бойынша негізгі жұмыс көлемі 2026 жылға жоспарланған.
Ағынды суларды бұру бағытында КНС-18А канализациялық сорғы станциясы қайта жаңғыртылуда. Құны шамамен 1,8 миллиард теңгені құрайтын жоба негізінен жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, жылу беру маусымы басталғанға дейін «Батыс су арнасы» ЖШС өз қаражаты есебінен 4,5 шақырым су құбыры және кәріз желілерін жөндеуді жоспарлап отыр.
Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін ауқымды реконструкциялау – жай ғана техникалық жаңарту емес, қаланың тұрақты дамуына қажетті қадам. Тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, жылу электр стансалары мен сорғы станцияларын жөндеу, заманауи шешімдерді енгізу – осының барлығы азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп, оқыс оқиғалардың қаупін азайтып, болашақ өсімге негіз жасайды. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға салынған инвестициялар қалалық ортаның сенімділігіне, жайлылығына және қауіпсіздігіне қосқан үлесі болып табылады.