Жайық жағасындағы жебе жаңғырығы.

Ақпанның 23-і күні Орал қаласында бастау алған садақ атудан жабық кешендегі (U17, U14) жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған жас мергендер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс бағдарламасына сай мергендер олимпиадалық айналым (U17), U14 санаты, 17 жасқа дейінгі MIX (компаунд садақ түрі), 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасы (классикалық садақ) және 18+18 метр қашықтықтағы квалификация кезеңдерінде сайысқа түсті.

Бір апта бойы мергендік сынға түскен спортшылардың жалпыкомандалық есебінде Шымкент қаласының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орын Ақмола облысы мергендеріне бұйырса, үшінші сатыға Жетісу облысы садақшылары тұрақтады. Ел біріншілігінде жүлдегер атанған спортшылар мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыста жергілікті спортшылар арасында Олимпиадалық айналымда (U17) Шадьярова Жанел күміс жүлдеге ие болса, Кузнецов Павел қола жүлдегер атанды. U14 санатында Капашева Хаджар қола медаль еншіледі. 17 жасқа дейінгі MIX командасы (компаунд садақ) сапында өнер көрсеткен Шадьярова Жанел мен Кузнецов Павел қола жүлдеге қол жеткізді. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасы (классикалық садақ) құрамындағы Жалелова Анэля мен Шаповалов Тимофей қола жүлдені місе тұтты. Ал 18+18 метр қашықтықтағы квалификация кезеңінде Кузнецов Павел күміс, Шадьярова Жанел қола, Жалелова Анэля күміс медаль иеленді.

Жергілікті жас мергендердің табысты өнер көрсетуі – жүйелі жаттығу мен табанды еңбектің нәтижесі. Оларды К. Солодовников, Ю. Тян және Е. Кунакбаева сынды білікті бапкерлер дайындап келеді. Ал жарыстың ашылу салтанаты алдында өткен баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов өңірдің алдағы уақытта да ірі республикалық жарыстарды қабылдауға дайын екенін атап өтті.

Ел чемпионатындағы бұл жетістіктер – болашақ халықаралық додаларға берілген үлкен сенім мен үміттің айғағы. Жас спортшыларымызға алдағы сындарда да толағай табыс тілейміз

23 февраля в городе Уральске завершился чемпионат Республики Казахстан по стрельбе из лука в помещении среди молодежи (U17, U14), стартовавший ранее в этот день. В течение недели около 200 юных спортсменов со всех уголков страны соревновались между собой, чтобы определить сильнейших.

Согласно программе соревнований, лучники выступили в олимпийском раунде (U17), категории U14, в смешанном разряде до 17 лет (компаунд), в командных соревнованиях среди юношей до 14 лет (классический лук), а также в квалификационных этапах на дистанции 18+18 метров.

По итогам недельных состязаний в общекомандном зачёте победу одержала сборная города Шымкента. Второе место заняли спортсмены Акмолинской области, третье — представители области Жетысу. Призёры и победители чемпионата были награждены специальными дипломами и ценными подарками.

Среди местных спортсменов в олимпийском раунде (U17) Жанель Шадьярова завоевала серебряную медаль, а Павел Кузнецов стал бронзовым призёром. В категории U14 Хаджар Капашева получила бронзовую медаль. В составе смешанной команды до 17 лет (компаунд) Жанель Шадьярова и Павел Кузнецов также стали бронзовыми призёрами. В командных соревнованиях среди юношей до 14 лет (классический лук) Анеля Жалелова и Тимофей Шаповалов завоевали бронзу. В квалификационном этапе на дистанции 18+18 метров Павел Кузнецов стал серебряным призёром, Жанель Шадьярова — бронзовым, а Анеля Жалелова — серебряным призёром.

Успешное выступление местных юных лучников — результат систематических тренировок и упорного труда. Их готовят квалифицированные тренеры К. Солодовников, Ю. Тян и Е. Кунакбаева. На пресс-конференции, прошедшей перед церемонией открытия соревнований, руководитель областного управления физической культуры и спорта Бакдаулет Сабитов отметил, что регион и в дальнейшем готов принимать крупные республиканские турниры.

Эти достижения на чемпионате страны — свидетельство больших надежд и доверия к будущим международным стартам. Желаем нашим юным спортсменам дальнейших ярких побед!