Батыс Қазақстан облыстық «Ағайын» қазақ мәдени қоғамдық бірлестігі өз жұмысын өңірімізде 2017 жылдан бері жүргізіп келеді. Ұйымның қызметі өңір тұрғындарының арасында татулық пен бірліктінығайтуға бағытталған. Қоғамдық бірлестік мәдени, әлеуметтік бастамаларға ұйытқы болып, басқа да қоғамға пайдалы бастамаларға қолдау көрсетіп жүр.
Ұйымның жетекшісі Арман Биғалиев қазақтың салт-дәстүрі ұмыт қалмауы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін оларды кейінгі ұрпаққа көрсету, жеткізу, насихаттау және өңірде халқымыздың ата дәстүрін дәріптеуді қызметінің түп мақсаты деп есептейді. Келесі бір маңызды міндеттерінің бірі — елді татулық пен бірліккешақыру. Бұл бағыттағы іс тек еліміздің, өңіріміздің аумағында ғана қалып қоймайды. Сонымен қатар көршілес мемлекеттердегі қандас бауырлармен араласып, олардың арасында салт- дәстүрімізді дәріптеу, ана тіліміздіұмытпауы үшін қазақ тілін дәріптеу мәселесімен де айналысады.
Шаңырақтың иесі — қазақ бірлестігі темірқазық болсын, ал өзге этностар қазақтың жанына шоғырланып, елдің игілігі үшін бір мүдде аясында жұмыла еңбек етсін деген ниетті көздеген ұйым өңірімізде ұйымдастырылатын ізгііс-шаралардың басы-қасынан табылып жүр.


Ұйымның мүшелері — ақ сақалды абыз аталар мен ақ жаулықты әжелер, қоғамда сыйлы, белсенді азаматтар, блогер жастар, өнерлі адамдар мен шебер қолөнершілер. Оларға ағарту, сауаттандыру мақсатында түрлі салалардаеңбек етіп жүрген өңірімізге белгілі кәсіби мамандарды тарту арқылы шеберлік сағаттары өткізіледі. Мысалы, түрлі сала дәрігерлері болашақ аналарға арналған пайдалы кеңес беру кездесулерін өткізеді. Олар ана болуға дайындалу, салауатты өмір салтын сақтау мәселелері бағытында және психологиялық кеңес түрінде өтеді.
Ұйымның жұмысына ересектер ғана қатыспайды, сонымен бірге мектеп оқушылары мен студенттерді де арнайышақырып, жас ұрпақтың да қатысуын қамтамасыз етуге тырысуда.
Мемлекеттік тілді қолдау, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында аптасына екі рет тіл үйрету сабақтары жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер арасында ана тілін насихаттау мақсатында түрлі байқаулар, мәнерлеп оқу сайыстары оздырылады. Өскелең ұрпаққа өзінің абыройлы ісімен, кәсіптегі озық, ұзақ жылғы тәжірибесімен үлгі бола алатын тұлғалармен кездесулер өткізіледі.
Ұйым басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірігіп елімізде бекітілген мемлекеттік мейрам, мерекелер кезінде облыс көлемінде өтетін түрлі шараларға белсенді қатысады.


«Қоғамдық бірлестіктің қызметі ешқандай ұйымның, мүшелерінің тарапынан қаржыландырылмайды, барлық жұмыс қоғамдық негізде тегін жүргізіледі. Әрине, сол себептен ауқымды шараларды өткізу кезінде қаржыға байланысты қиындық болып тұрады. Басқалай бәрі жақсы», — дейді ұйымның төрағасы Арман Биғалиев.
Қоғамдық бірлестік болашақта да көршілес елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орнатып, халықты бірлік пен татулыққа шақырып, жас ұрпаққа салт-дәстүр мен ұлтымыздың атадан балаға аманат етіп қалдырған құндылықтарын дәріптеу жолында еңбек етеді. Осы арқылы елді бір тудың астына жиылуға, бір жұдырықтай жұмылуға шақырады. Елдің татулығы жарқын болашақтың кепілі деп сенеді.




