Бизнесті әртараптандыру – мықты тәсіл. Ерік Наурызғалиев

Құрылыс, бейнебақылау, керме төбелер, экскаваторларды жалға беру, гүл бизнесі және жеке мектеп – кәсіпкер Ерік Наурызғалиев қолға алған барлық салаларды тізіп айтып шығуға тырысқанмен, бұл ойымыздан бас тарттық. Өйткені бұл мақала жарыққа шыққан кезде аталған тізімнің тағы бір жаңа іспен толықтырылары хақ. Бизнесті әртараптандырудың себебін және бір-біріне қосылмайтын түрлі жобаларды бір адамның қалай басқарып отырғанын білу әлдеқайда қызықтырақ көрінді. Fresh CITY басылымына берген сұхбат барысында өзінің бизнесті жүргізудегі құпияларымен ықыластана бөліскен Ерік Наурызғалиев сан қырлы жұмысының Сәкен Сейфуллиннің атақты «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасымен өзектес екенін тілге тиек етті.

Қырағы көз

 

Ерік Наурызғалиевтің бизнестегі жолы 2014 жылдан бастау алады. Бұл кезеңде ол пайдаланылған көліктерді сатумен және жалға берумен айналысып бастаған еді. Өз тауарларын бұзақылардан және басқа да сұқ көздерден қорғау үшін кәсіпкер үйдің жанына бейнебақылау камераларын орнатуға шешім қабылдады.

 

«Көршілер келіп, бейнебақылауды қарап беруді өтінеді. Мен оларға 20 мың теңгеге көрсететінімді айтамын, олар амалсыздан келіседі. Бір қызығы, мен бейнекамера орнатуды ұсынған кезде, бәрі бірдей бас тартқан болатын. Өз қалтамнан 500 мың теңгеге жуық қаражат жұмсап орнаттым. Бірақ көршілеріміздің бұл  қызығушылық танытқаны соншалық, шыққан шығынымды үш есе артық етіп қайтарып алдым. Сол сәтте «мынау бір қызық дүние болды ғой, әрі қарай жалғастыру керек екен» деген ой келді», – деп еске алады ол.

 

Осы оқиға арада біраз жылдар өткен соң бейнебақылау жүйелерін сатумен және орнатумен айналысатын TSO компаниясының құрылуына түрткі болды. 2020 жылдан бастап Қазақстан бойынша 12 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. TSO қызмет көрсететін ірі нысандардың ішінде режимдік ғимараттар аз емес, тіпті олардың бірқатары шетелде орналасқан.

«Алғашқы ірі көлемдегі тендерімізді Оралдағы түзету мекемесінде бейнебақылау жүйесін орнатуға алдық. БҚО-дағы жұмысты аяқтағаннан кейін ұсыныстар Қазақстанның түкпір-түкпірінен түсе бастады. Олардың қатарында әскери бөлімдер, полицияның желілік бөлімі, сондай-ақ Свердловск, Челябі облыстарындағы нысандар, тіпті Санкт-Петербургтегі әйгілі «Кресты» ғимараты да болды», – дейді Ерік.

Қазақстантендерлер елі

 

Fresh city басылымына сұхбатында Ерік оның бизнесі үнемі тендерге қатысатынын жасырмайды. Кәсіпкердің пікірінше, Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу саласы, бір жағынан, жеке компаниялар үшін мол мүмкіндіктер ұсынса, екінші жағынан, қиындықтары да аз емес.

 

«Тендерді  жобаның техникалық сипаттамасына толығымен сәйкес келетін компанияның ұтып алатыны белгілі. Бұл жерде тауарды өзге нарықта бағасын төмендетіп сатудың да еш пайдасы жоқ. Бірақ қарым-қатынас дағдыларын меңгеру ешқашан артық етпейді. Мен өз тәжірибемнен айтарым, алғашқы үлкен мемлекеттік тапсырысты қабылдағанда, артыңызда қаржылай қорыңыз болғаны дұрыс. Өйткені басында қаржыландыру кешіктірілуі мүмкін, ал сізге жұмысты тоқтатпау керек, кем дегенде жалақы төлеп тұру керек. Менде мұндай қор болған жоқ, сондықтан несие алуыма тура келді. Кейіннен, әрине, олардың бәрін жауып, нысанды аман-есен тапсырып, өзім үшін маңызды қорытындылар жасадым», – деді тәжірибесімен бөліскен Ерік.

 

Қазақстандағы бизнеске жасалған шарттарды мінсіз деуге болмайды, әсіресе, қазіргі таңда салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістерді айтуға болады. Алайда бәрі салыстыру арқылы танылады. Біздің кейіпкеріміз бұған кем дегенде екі елді салыстырып, көз жеткізе алды.

 

«ТМД елдерінің арасында Қазақстандағы жағдай соншалықты жаман емес. Ресейдің заңдары әлдеқайда қатал, ал ҚҚС көптен бері 20% құрайды. Қырғызстанда, керісінше, заңның жұмсақ, салық мөлшерлемелерінің төмен болуы, қысқаша айтқанда, жағымды бизнес ахуалды қалыптастырады. Қазақстандық бизнес елден тысқары жерде де өміршең, басқа жерде де бәсекеге қабілетті. Ең бастысы – байланыс орнатуды және ақпарат көздерін іздеуді үйрену. Біз өз қызметімізді алға қарай жылжыта түсуіміз керек», – деп есептейді кәсіпкер.

 

Қырғызстан ЕАЭО-дағы ең жұмсақ салық заңнамасы бар ел болып саналады. Бизнес үшін жасалған жеңілдіктер мен артықшылықтардан басқа, аймақ арзан жұмыс күшімен ерекшеленеді. Сондай-ақ Қырғызстанда табыс салығының мөлшері нөл болса, 12% ҚҚС және бес еркін экономикалық аймақ бар.

 

«Жалдамалы қызметкер» болу менің қолым емес

 

«Неліктен бизнесті таңдадыңыз?» деген сауалға Ерік Наурызғалиев еш ойланбастан «жалдамалы қызметкер болу менің қолым емес екен» деп жауап берді.

 

«Мұның бәрі менің табиғатымнан бүлікші болғанымнан шығар. Анда-санда жалданып жұмыс істеген кездерім де болған. Келдім, кеттім, мені қайта шақырды, бірақ мен оралмадым. 2019 жылы ол вахталық әдіспен жұмысқа орналастым, бірақ 7 айдан кейін өз жолыммен жүруім керек деген шешім қабылдадым. Еңбек етіп, бастапқы капиталды таптым, оған дейін де жеке ісіммен айналысып жүрген болатынмын. Сондықтан жұмысты тастап, басқа салаға ауысуым соншалықты қиын бола қойған жоқ. Сол кезде мені шақырған алғашқы жоба сәтсіздікке ұшырады. Арамызда ауызша келісім болды, содан кейін мен қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарға арналған оқу орталығына қаржы құйдым. Бастаған ісіміз аяқтала келген тұста менімен келіскен компаниясы зауыттан алатын «жұмыс көлемінен» айырылып қалғаны туралы ақпарат келді», – дейді ол.

 

Бірақ үміт үзіп кетуге болмайтын еді. Оның алдында автокөліктерді алып сату бизнесі тұрған болатын. Ол салада қандай жетістікке жеткенін біліп отырмыз.

 

Ерік мансаптың әртүрлі кезеңдерінен аман алып шыққан басты қасиеті өзінің адамдармен тіл табыса білу деп есептейді. «Адам сұрай келе Меккеге жетеді» деген мәтел тура біздің кейіпкерімізге арнап айтылғандай.

«Мені бұған өмірдің өзі үйретті. Әкем бала кезімнен адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу керек екенін құлағыма құйып отыратын. Ол құрылыспен айналысты, үлкен-үлкен көлемді жұмыстарды алып, атқаратын. Мені өзімен бірге кездесулерге, құрылыс нысандарымен жиі алып баратын. Соған қарамастан, менің жолым әкемнен бөлек болу керек шештім. Бірақ адамның дегені болмайды екен. Кейбір жағдайларға байланысты бір кезде бармаймын деген құрылыс саласына да келдім».

Қарқынды құрылыс – менің үлесім

 

2024 жыл TSO компаниясының тоқырауымен сипатталды. Үлкен көлемді нысандар аяқталып, тапсырылды, ал жаңа жұмыс көлемінен хабар жоқ.

«Бұл тоқырау маған өз бағымды құрылыс саласынан сынап көруге түрткі болды. Алғашқыда бірден төрт ірі әлеуметтік нысанды – Алматыдағы екі оңалту орталығы мен екі қарттар үйін алдық. Алдық та, уақытында бітіріп тапсырдық. Соншалықты қиын болды деп айта алмаймын. Жұмыс тапсырыс берушінің талаптары бойынша жобаға сай жүргізілді. Олар барлығын бақылап отырды, ал бізден тек соны орындау талап етілді», – деп бөлісті Ерік.

2025 жылға қарай Ерік Наурызғалиевтің компаниясы қабылдаған алғашқы нысандар тапсырылды. Жаңа жоба жаңа мектеп болатын. Көптің көкейінде «солай істеуге болады екен ғой» деген сауалдың ұялағаны анық.

Қазақстандықтар мемлекеттік сатып алу саласындағы мерзімдердің созыла беретініне, сақалды құрылыс, мерзімдерді кейінге ысыру, құрылысты тоқтату деген ұғымдарға әбден үйреніп қалған.

 

«Алматыда құрылыспен айналысу Оралға қарағанда жеңілдеу. Онда басқа облыстардан және көршілес республикалардан келген мигранттардан тұратын үлкен жұмыс күші шоғырланған. Олар екі қолға бір күрек деп жұмыс іздеп жүрген жандар, сондықтан қандай жұмысқа болса да дайын. Орал қаласында құрылыс бригадасын жалдау өте қиын, өйткені білікті кадрлар аз, ал біліксіз мамандардың жауапкершілігі аз, тіпті жұмысқа шықпай қалуы да мүмкін», — деп атап өтті кәсіпкер.

Осыған қарамастан, Ерік өзінің туған қаласында тағы бір құрылыс нысанын салуды қолға алды. Орал қаласының орталығында бой көтеретін «Айым» ТК оңтүстік астананың бір бөлшегіне айналуы тиіс.

 

«Нысанды алып, құрылыс алаңына келгенімде, шөп басқан алаңды көріп, ойланып қалдым. Бірақ «көз қорқақ, қол батыр» демей ме? 10 қабатты тұрғын үй кешені «жайлылық» деңгейінде болады, автотұрақтан бастап коммерциялық нысандарға дейін барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталмақ. Кешенге қызымның атын бердім, ал ұлымның атымен «Әділ» шаруа қожалығын ашып тастағам.

 

Инвестициялық жобалардан жаным рахат табады

 

«Ақша құр жатпай, табысты еселей түсуі керек», – дейді Ерік Наурызғалиев. Сондықтан кәсіпкер болашақта оған пассивті табыс әкеліп, қаржылық қорды құруға әкелетін қызықты жобаларға инвестиция салуға мүдделі.

 

«Инвестиция салатын жобаны таңдағанда, мен бірінші кезекте оны ұсынатын адамның өзін қаншалықты сенімді көрсеткеніне назар аударамын. Пандемия кезінде мен жаныма қанша батса да, «тек қана сенімді адамдармен жұмыс істеу керек» деген құнды сабақ алдым. Ол кезде менде Атырауда керме төбелер шығаратын шағын бизнес болды, адами факторға байланысты оны тез арада жауып, Алматыға көшіруге тура келді. Айтпақшы, ол әлі де жұмыс істеп тұр және жақсы дамып жатыр. Бірақ сол жылы мен қандай келісімшарт жасалса да, жосықсыз орындаушылардың өздерінің арам ойын жүзеге асырып кететінін түсіндім», — дейді Ерік.

 

Кәсіпкердің қоржынындағы инвестициялық жоба бір бұл емес. Солардың олардың арасында біреуіне ерекше тоқталып өтуге болады.

 

«OQU» мектебі – мұны негізінен капиталдандыру деп атаса да болады. Өйткені ол бәрі жақсы болып жатқан жағдайда тек үшінші жылы ғана пайда әкеледі. Бірақ маған жобаның өзі, олардың оқу бағдарламасы ұнайды», – дейді инвестор.

Өзін жаңа қырынан таныды

Жаңа нәрсені қабылау – өзгеруден қорықпау деген сөз. Ерік блог жүргізуге әлі дайын бола қоймаса да, өзін дамытуға көңіл бөлетін уақыт келді.

 

«Иә, мен өзім үшін және бизнесім үшін психологқа бара бастадым. Көптеген ірі корпорацияларда кез келген позицияға тағайындамас бұрын қызметкерді Gallup тестілеуден өткізеді. Мен психологқа ертерек жүгінуім керек еді деп санаймын, өйткені осы тест маған қызметкерлерді барынша пайда әкелетін лауазымдарға дұрыс орналастыруға көмектесті».

 

Еріктің ұжымды басқаруда өзіндік психологиялық амал-тәсілдері бар:

«Досыңнан айырылғың келмесе, оның әйелімен дос бол» деген сөз бекер айтылмаған. Бұл сөздің қызметкерлерге де қатысы бар. Оларға қолайлы жағдайлар тек міндетті әлеуметтік пакет деңгейінде ғана емес, сонымен қатар сіздің қарамағыңыздағы жандардың отбасылары да осы қолдауды сезінуі үшін жасалуы керек. Мысалы, мен қызметкерге отбасылық жолдама бердім. Енді оның әйелі күйеуінің мұндай жұмыстан кетуіне рұқсат бермейтіні анық (күледі). Немесе басқа қызметкерге көлік бердім делік. Оның өзіне жақсы, отбасына да пайдалы, ең бастысы, екі жеп биге шығатын мен, өйткені ол уақыттың көп бөлігін менің тапсырмаларымды орындауға арнайды, ал көлікпен жүріп бұл шаруаларды тез бітіреді».

 

Gallup, сондай-ақ CliftonStrengths немесе StrengthsFinder ретінде белгілі, адамның жеке басындағы мықты қасиеттерін анықтауға арналған сауалнама. Негізгі идея – сіздің күшті жақтарыңызды дамытуға назар аудара отырып, өмірде үлкен жетістік пен қанағаттануға қол жеткізуге болады деген сөз. Жауап беру керек бірқатар сұрақтардан тұратын тест жауап берудің ең қолайлы нұсқасын ұсынады. Сұрақтар жеке тұлғаның, оның қалауы мен мінез-құлықтың әртүрлі аспектілеріне қатысты болады. Нәтижесінде тест нұсқасына байланысты негізгі күштер қасиеттердің «топ-5» немесе «топ-34» деп аталатын рейтингтік тізімі шығарылады.

 

«Тар жол, тайғақ кешу»

 

Жеке қарым-қатынас кезінде біздің кейіпкеріміз прагматикалық, аз сөйлейтін, өз есебіне мықты адам ретінде әсер қалдырды. Қоғамдық жерлерде оны кездестіре бермейсіз. Сонымен қатар, ол иелік ететін компаниялардың саны осы мақаланың бір бөлімін алатын түрі бар.

 

«Мен қанша істі ашқанымды қазір санап та бере алмаймын. Болашақта бәрін бір корпорацияға біріктіргім келеді. Кейде басыма пассивті табысқа отырып, жаным қалаған іспен айналысу, өмірдің қызығын көрсем деген ойлар келеді. Бірақ бір идеяны үстап аламын да, соны жүзеге асырғанша тыныштық таппаймын. Көп ойланып та жүре алмаймын, бүгін бір істі ойласам, ертеңіне соны іске асыру жолдарын іздей бастаймын. Мысалы, дәл қазір Орал қаласында электромобильдерді қуаттауға арналған станциялар желісі бар қытайлық автосалон ашу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын».

 

Еріктің өмірінде жаны қалаған ісімен айналысатын уақыты да болды. Алайда жүрегінен орын алған автомобильдерге деген құштарлығы басылып қалды.

 

«Мен гештальтты жаптым деп ойлаймын. Менде машинаның түр-түрі болды болды. Қазір әртүрлі қалаларда бірнешеуі ғана қалды. Олардың барлығын сатып жібергім келеді. Қазір оларды қайтемін? Жеке көлікпен жүрмеймін, тек жыл сайын салығын төлеп тұрғаным болмаса».

 

Бизнесте кәсіпкер өзінің түйсігі мен тәжірибесіне сенеді және әрқашан өзі таңдаған жолмен жүреді. Бірақ тағдыр мұғаліммен шәкіртті күтпеген жерден тоғыстырды.

 

«Мен өзім тәлімгер деп атайтын адамды кездестірдім. Қолы ашық, беруге даяр тұратын жомарт жан. Мен өзім де сондай болуға тырысушы едім. Біз онымен бір келеңсіз жағдайда танысқан едік. Мен біттім, құрдымға кеттім, одан ешқашан шыға алмаймын деген ойда болдым. Рухым құлдырап кеткен шақта бұл адамның философиялық ескертулері мені шығыраудан қолымнан жетелеп алып шыққандай болды. Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабын өзім бір емес, бірнеше мәрте оқып шықтым. Мен үшін ақырзаман орнағандай сәт болды, бірақ бұдан да жаман болуы мүмкін және мен мұның бәрінен сытылып шығуым керек екен», – деп бөлісті Ерік.

 

«Тар жол, тайғақ кешу» – Сәкен Сейфуллиннің Қазақстанда коммунизмнің орнауы туралы тарихи-мемуарлық романы. Кітапқа 1916-1918 жылдардағы нақты оқиғалар – ұлт-азаттық көтеріліс пен азаматтық соғыс кезеңі арқау болды. Автордың өзі романда сипатталған оқиғаларға қатысқан, сондықтан бұл шығармаға нақты адамдардың өмірі өзек болып өрілді. Таптық күрес және революцияға деген сенім шығарманың негізгі лейтмотивіне айналған.

 ________________________________________________________________________

Диверсификация как оружие. Ерик Наурызгалиев

 

Строительство, видеонаблюдение, натяжные потолки, аренда экскаваторов, цветочный бизнес и даже частная школа — мы пытались перечислить все сферы, в которых отметился предприниматель Ерик Наурызгалиев, но потом отбросили эту идею. Все равно к моменту выхода этой статьи список пополнится новым кейсом. Куда интереснее узнать, с чем связана эта диверсификация бизнеса и как удержать столько разных проектов в поле зрения одного человека. В беседе с FRESH CITY Ерик Наурызгалиев поделился своими «нехитрыми» секретами бизнеса, а также рассказал, что его связывает с книгой Сакена Сейфуллина «Тернистый путь».

Зоркий глаз

Началом своего пути в бизнесе Ерик Наурызгалиев считает 2014-й год. В этот период он занимался продажей и сдачей в аренду подержанных автомобилей. В целях защиты своего товара от вандалов и прочих неприятностей предприниматель решил установить камеры видеонаблюдения возле дома.

«Приходят соседи и просят доступ к видеонаблюдению. Я назвал цену в 20 тыс тенге, и они согласились. Что примечательно, когда я предлагал скинуться на установку камер, все отказались. В итоге сам потратил около 500 тыс тенге, но с учетом дальнейшей заинтересованности соседей смог заработать на этом в три раза больше. В тот момент в голове промелькнула мысль: «Как интересно получается, нужно двигаться в этом направлении», — вспоминает он.

Это спустя годы и стало отправной точкой для компании TSO, специализирующейся на продаже и установке систем видеонаблюдения. С 2020 года было установлено более 12 тысяч камер по всему Казахстану. Среди крупных объектов, обслуживающихся TSO, немало режимных зданий, в том числе за пределами страны.

«Первый крупный тендер — это установка систем видеонаблюдения в исправительном учреждении в Уральске. Завершив работу в ЗКО, предложения начали поступать из всего Казахстана. Военные части, линейное отделение полиции и т.д. Были объекты в Свердловской, Челябинской областях и даже знаменитые «Кресты» в Питере», — рассказывает Ерик.

 

Казахстан — страна тендеров

В беседе с FRESH CITY Ерик не скрывает, что его бизнес регулярно участвует в розыгрыше тендеров. По мнению предпринимателя, сфера госзакупок в Казахстане, с одной стороны, предоставляет широкие возможности для частных компаний, а с другой — имеет свои подводные камни.

«Всем известно, что тендер получает та компания, которая полностью подходит под тех.спецификацию проекта. И демпинг здесь не поможет. Зато коммуникативные навыки никогда не будут лишними. С высоты своего опыта могу сказать, что, когда впервые берешься за крупный госзаказ, держи наготове «финансовую подушку». Финансирование может задерживаться, а работу не остановить, нужно хотя бы платить зарплаты. У меня такой «подушки» не было, поэтому я залез в кредиты. В последующем, конечно, закрыл их, сдал объект благополучно и сделал для себя важные выводы», — делится Ерик.

Условия для бизнеса в Казахстане далеко не идеальны, особенно в контексте грядущих изменений в налоговом законодательстве. Однако всё познается в сравнении. И наш герой успел в этом убедиться на примере как минимум двух стран.

«В Казахстане среди стран СНГ не самые плохие условия. В России законы намного жестче, и НДС там давно 20%. В Кыргызстане, наоборот, законодательство мягче, налоговые ставки ниже — приятный бизнес-климат, если кратко. Бизнес по-казахски жизнеспособен за пределами РК, мы можем конкурировать на чужой территории. Главное — научиться налаживать контакты и искать источники информации. Нужно продвигать свою услугу», — считает он.

Кыргызстан считается страной с самым лояльным налоговым законодательством в ЕАЭС. Кроме льгот и привилегий для бизнеса, регион отличается дешёвой рабочей силой. А ещё в Кыргызстане нулевая ставка подоходного налога, 12% НДС и целых пять свободных экономических зон.

Плохой «наемник»

На вопрос «почему именно бизнес?» Ерик Наурызгалиев отвечает, не мешкая: «Из меня получился плохой «наемник».»

«Наверное, все дело в том, что я бунтарь по натуре. В найме я работал время от времени. Приходил, уходил, потом меня звали обратно, но я не возвращался. В 2019 году устроился на вахту, но спустя 7 месяцев окончательно принял решение идти своим путем. Начальный капитал заработал, тем более параллельно я давно уже занимался собственным делом, поэтому этот переход не стал потрясением. Хотя проект, в который меня тогда пригласили, стал первым неудачным опытом. Была устная договоренность, после которой я вложился в учебный центр для специалистов по ТБ. Когда все готовилось к завершению, пришла информация, что компания потеряла «объемы» от завода», — отмечает он.

Но отчаиваться было рано. Оставался бизнес с перепродажей автомобилей. К чему он в итоге привёл, вы уже знаете.

Главным качеством, которое помогало ему на разных этапах карьеры, Ерик всегда называет коммуникабельность: «Язык до Рима доведет» — это как раз про нашего героя.

«Жизнь научила этому. И отец с детства наставлял быть открытым для новых контактов. Он занимался строительством, брал большие объемы, и я часто ездил с ним на встречи, на объекты. Несмотря на это, я считаю, что у меня совершенно иной путь, чем у моего отца. И даже к строительству в итоге я пришел, потому что так было продиктовано обстоятельствами».

 

Строить быстро — могу, умею, практикую

2024 год охарактеризовался стагнацией в делах TSO. Большие объекты уже были сданы, а новых ещё не было.

«Эта «просадка» подтолкнула меня попробовать войти в сферу строительства. Первый опыт — и сразу четыре крупных социальных объекта: два реабилитационных центра и два дома престарелых в Алматы. Взяли и выполнили. Не могу сказать, что это сложно. Работа велась строго по проекту, в соответствии с требованиями заказчика, они все контролировали, нам нужно было только все исполнить», — делится Ерик.

К 2025 году первые объекты, за которые взялась компания Ерика Наурызгалиева, уже были сданы. Новый проект: это школа. Уверены, на этом моменте не только у нас возник вопрос: «А что, так можно было?» Долгострои, перенос сроков, замораживание строительства — казахстанцы привыкли, что дедлайны в сфере госзакупок — это понятие растяжимое.

«В Алматы заниматься строительством легче, чем, к примеру, в Уральске. Там сосредоточена большая рабочая сила в лице мигрантов с других областей и соседних республик. Они нуждаются в работе и охотно за нее берутся. Набрать строительную бригаду в Уральске крайне сложно — квалифицированных кадров мало, а неквалифицированные могут просто не выйти на работу», — отмечает предприниматель.

Несмотря на это, в родном городе Ерик все же решился на строительство. ЖК «Айым» в центре Уральска должен стать частичкой южной столицы.

«Когда я только взялся за этот объект, приехал на площадку, увидел заросший участок и подумал: «Куда я ввязался…» Но, как говорится, глаза боятся, а руки делают. ЖК будет уровня «Комфорт», 10 этажей со всей необходимой придомовой инфраструктурой — от парковки до коммерческих объектов. А название комплекса выбрал в честь своей дочери. В честь сына уже названо крестьянское хозяйство «Адиль».

 

Инвестпроекты — для души и спокойствия

«Деньги должны работать» — считает Ерик Наурызгалиев. Поэтому предприниматель инвестирует в интересные проекты, которые в перспективе приносят ему пассивный доход и необходимую «финансовую подушку».

«При выборе проекта для инвестиций я ориентируюсь в первую очередь на то, каким надёжным себя показал человек, его предлагающий. Во время пандемии я получил очень болезненный, но ценный урок — работать нужно только с проверенными людьми. У меня тогда был небольшой бизнес по производству натяжных потолков в Атырау, из-за человеческого фактора пришлось оперативно свернуть его и релоцировать в Алматы. Он, кстати, до сих пор функционирует, и все там хорошо складывается. Но в тот год я понял, что, никакие договорные обязательства не защитят тебя», — рассказывает Ерик.

В портфеле предпринимателя не один инвестиционный кейс. Но среди них есть один особенный.

«Школа «OQU» — это в большей степени капитализация. Потому что она принесёт прибыль, возможно, только на третий год. Но мне лично нравится сам проект и их программа обучения».

 

Открывая заново себя

Быть открытым к новому — значит не бояться изменений. И если до того, чтобы вести блог, Ерик ещё не созрел, то для работы над собой время настало.

«Да, я начал посещать психолога для себя и для бизнеса. Во многих крупных корпорациях перед назначением на какую-либо позицию с сотрудником проводят Gallup-тест. И я считаю, что надо было обратиться к психологу раньше, ведь после этого теста он помог мне правильно расставить сотрудников на должности, где они смогут принести максимум пользы.»

У Ерика есть и свои психологические хитрости управления коллективом:

«Не зря же говорят: не хочешь потерять друга — дружи с его женой. То же самое касается сотрудников. Условия нужно создавать не только на уровне обязательного соцпакета, но и делать так, чтобы семья твоего подчинённого ощущала поддержку. Вот, к примеру, подарил я сотруднику семейную путёвку. Теперь разве его жена позволит, чтобы он ушёл с такого места? — смеётся. Или дал другому сотруднику машину. Ему приятно, его семье польза, а главное мне, ведь основную часть времени он будет посвящать выполнению моих поручений, причём за рулём он сделает всё быстрее.»

 

«Тернистый путь»

При личном общении наш собеседник сходу произвел впечатление прагматичного, немногословного и в хорошем смысле слова — расчетливого человека. В публичном поле встретить его не получится. А между тем, количество компаний, которыми он владеет, займет целый раздел этой статьи.

«Сколько всего я успел открыть, сейчас даже не перечислю. В будущем хочу все объединить в одну корпорацию. Иногда посещают мысли сесть на пассивный доход, заниматься хобби, наслаждаться жизнью, а потом цепляюсь за какую-нибудь идею, и уже не могу оставаться на месте. Мне много времени на раздумья не требуется, сегодня подумал, а завтра — начал искать пути реализации. К примеру, прямо сейчас веду переговоры насчет открытия китайского автосалона в Уральске, с сетью станций для подзарядки электромобилей».

Время для хобби в жизни Ерика также было. Однако страсть к автомобилям, долгое время занимавшая своё место в сердце, утихла.

«Я думаю, что закрыл этот гештальт. У меня было много машин. И сейчас остаётся несколько в разных городах. Хочу продать их всех. Зачем они мне сейчас? На личном транспорте я почти не передвигаюсь, только плачу налоги каждый год».

В делах бизнесмен доверяет своей интуиции и опыту, и всегда двигался в том направлении, которое выбрал сам. Но учитель нашел своего ученика в неожиданном месте.

«Мне встречался человек, которого я мог бы назвать наставником. Отдающий человек, каким я сам стараюсь быть. Познакомились мы с ним при неприятных обстоятельствах. Я искренне считал, что вот тут точно конец, я никогда из этого не выберусь. Моральный дух был на нуле, и философские замечания этого человека стали для меня, отчасти, спасательным кругом. И ещё книга Сакена Сейфуллина «Тернистый путь». Это единственная книга, которую я читал, и при том не раз. Я же считал, что у меня произошёл конец света, а нет, оказывается может быть хуже, и я должен выбираться из всего этого», — поделился Ерик.

«Тернистый путь» — историко-мемуарный роман Сакена Сейфуллина о становлении коммунизма в Казахстане. В основу книги легли реальные события 1916-1918 годов — период национально-освободительного восстания и гражданской войны. Автор сам принимал участие в событиях, описанных в романе, от того повествование идёт о реальных людях. Классовая борьба и вера в революцию стали основным лейтмотивом произведения.

erik_askhatov