Армат Бисенов: «Біз фермерліктің жаңа мәдениетін қалыптастырамыз»
Батыс Қазақстан облысындағы AgroFest – жай ғана ауыл шаруашылығы көрмесі емес. Бұл – фермерлерді, бизнесті және мемлекетті біріктіретін, агросалаға деген көзқарасты өзгертетін, оның дамуына жаңа серпін беретін ерекше оқиға. Өңірлік бастамадан жалпыреспубликалық қозғалысқа айналған фестивальдің жолы, болашағы және неге оның «рухын» әрбір қазақстандық сезінуі тиіс екендігі жөнінде біз «АгроСервис-Батыс» ЖШС директоры, «The Фермер» медиажобасының тең иегері Армат Бисеновпен әңгімелестік.
— Армат Гимранұлы, өткен AgroFest-ті жалпы және алдыңғыларымен салыс 

— Өзіңе баға беру – әрдайым қиын іс. Бірақ нық айта аламын: біздің команда өте лайықты жұмыс атқарды. Бастапқыда біз 8 000 адамды қабылдауды жоспарладық. Шын мәнінде шамамен 7 000 қонақ келді, және бұл – үлкен жеңіс деп санаймын. Әсіресе өткен жылмен салыстырғанда, ол кезде үш күн ішінде фестивальге 4 500-ге жуық адам келген еді – яғни күніне орта есеппен 1 500 адам. Ал биыл біз күніне 3 500 адамға жеттік – бұл өсім екі жарым есеге жуық!
Бірақ бастысы – құрғақ сандар емес, аудиторияның сапасы мен біз алған кері байланыс. Адамдар отбасыларымен, балаларымен келді. Табиғат аясында уақыт өткізіп, белсенділіктерге қатысты, ауыл шаруашылығын мүлде басқа қырынан – ауыр еңбек емес, қызықты әрі заманауи сала ретінде көрді. Ал адамдардың жүзінде күлкі, көзінде қуаныш ұшқыны бар күйде қайтқанын, алғыс айтып жатқанын көру – баға жетпес сезім. Бұл – біз жүректерге жол таба алғанымыздың дәлелі.
— Биылғы фестивальді ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері болды?
— Біз мазмұн мен көрнекілікке баса назар аудардық. Түрлі мамандықтар бойынша чемпионаттар өткіздік, олардың ішінде әсіресе ақбас бұқалар байқауы ерекше көзге түсті. Көрермендер жақындап, қызығып сұрақ қойып жатты. Көпшілігі мұндай шараны алғаш рет көрді. Біз техниканы да, мал шаруашылығын да, егіншілікті де, тағам мәдениетін де қамтуға тырыстық.
Ұйымдастыру жағынан, әдеттегідей, өз қиындықтарымыз болды. Кейбір серіктестермен келіссөздер ұзаққа созылды, кейбір мәселелерде импровизация жасауға тура келді. Дегенмен бұл кемшіліктер жалпы әсерді бұзған жоқ, керісінше, олар біздің өсу нүктелерімізге айналды. Мысалы, келесі жылы кем дегенде үш толыққанды тамақтану нүктесі және бір мейрамхана қажет екенін қазірдің өзінде нақты білеміз. Өйткені ең жоғары келушілер саны күніне шамамен 5 000 адамды құрайды, бұл дегеніміз бір нүктеге орта есеппен 2 000 қонақ түседі. Сондықтан логистикадан бастап, жылдамдық пен қызмет көрсету стандарттарына дейін бәрі мінсіз болуы керек.
Біз үшін қуанышты жайт – бізге Айгүл ханым бастаған Shara Event командасы қосылды. Олар ұйымдастыру процесін күшейтіп, Астанадан білікті мамандарды тартты, кәсібилік пен жүйелілік енгізді. Біз олардың келесі іс-шараларға да қатысатынына өте қуаныштымыз.
— Бұл фестивальден кейін қандай қорытындылар жасадыңыз?
— Ең басты қорытындының бірі – іс-шараны шынайы бағалау үшін оның болашағын көру керек екені. Біз қазірдің өзінде келесі жылы AgroFest қайда, қалай өтетінін нақты білеміз. Жоспарда кемінде үш өңір бар: Батыс Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары. Сондай-ақ, AgroFest рухын Солтүстік Қазақстанда да, Астанаға жақын Ақмола облысында да сезінуін қалаймыз. Елорданың өзі де бұл қозғалыстың бір бөлігі болуы тиіс.
— Биыл сіз Қостанайдағы AgroFest-ті ұйымдастыруға да атсалыстыңыз. Оны қалай бағалайсыз?
— Бұл сол команданың алғашқы тәжірибесі болды, және мен оларға шын жүректен ризамын. Тікелей араласқан жоқпын, бірақ бағыт-бағдар беріп, кеңесші болдым. Дайындық барысында олардың қалай ашылып, өскенін көрдім. Ең бастысы – олар бұл тәжірибені шынайы сезінді. Көпшілікке айттым: бір сәтке тоқтаңыздар, артына қараңыздар, не істеп жатқандарыңызды сезініңіздер. Бұл жай ғана фестиваль емес – із қалдыратын оқиға. Осындай сәттер адамдарға өз күшіне сенім береді. Ал біз, ұйымдастырушылар, AgroFest-тің басқа өңірлерде де өмір сүретініне сенеміз.


— AgroFest сізге қандай күтпеген жаңалықтар немесе таныстықтар әкелді?
— Ең алдымен – әріптестіктерді нығайту. Біз министрліктер, департаменттер, ірі агрохолдингтер мен корпорациялар өкілдерімен өте тығыз жұмыс істедік. Арамызда ауыл шаруашылығының цифрландыру жөніндегі вице-министрі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ төрағасының орынбасарлары, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері болды. Бұлар – ықпалды, салмақты тұлғалар, және ең маңыздысы – ашық диалогқа дайын адамдар.
Қуантқаны – олардың жай ғана «қатысып қояйын» деп келмей, белсенді араласуы, тәжірибелерімен бөлісуі, саланың болашағын талқылауы. Жас, бірақ тәжірибелі мамандар, олармен жұмыс істеу бір ғанибет. Біз бәріміз бір командаға айналғанымызды сезіндік – ешкім «көрпені өзіне тартпайды», керісінше, бір-бірін қолдайды. Біз үшін агробизнесте дұрыс менеджмент мәдениетін дамыту аса маңызды, ал дәл қазір бұл бағыт бүкіл саланы жаңа деңгейге көтеретін серпін беруге дайын.
— AgroFest фермерлерге тәжірибе алмасудан бөлек не береді?
— Білімнен бөлек – мәртебе. Бұл абстрактілі емес, шынайы, өмірлік мәні бар мәртебе. Елестетіңіз: жаз бойы егістікте еңбек еткен техника операторы фестивальге әйелін, балаларын ертіп келеді. Бірге техниканы тамашалап, чемпионаттарға қатысады, әкесінің үлкен әрі маңызды істің бір бөлігі екенін көреді. Бұл – мамандыққа, отбасылық қарым-қатынасқа, адамның өзіне деген бағасына тікелей әсер етеді. Адамдар істеп жүрген ісіне мақтанышпен қарай бастайды.
AgroFest – бұл отбасы, мамандық және мәдениет туралы. Біздің өз рухымыз, өз стиліміз, өз қаһармандарымыз бар – механизаторлар, дәнекерлеушілер, ковбойлар («қазбойлар» деп атаймыз). Біз олар өздерін көрсете алатын чемпионаттар өткіземіз. Мұны жай шоу үшін емес, мағына үшін жасаймыз. Адам өзін: «Мен жай ғана жер өңдеп жүрген жоқпын – мен үлкен істің бір бөлшегімін» деп сезінуі үшін.
— AgroFest-ті бес жылдан кейін қалай елестетесіз? Оны халықаралық деңгейге шығаруды ойлайсыз ба?
— Менің арманым – AgroFest-ті халықтық брендке айналдыру. Оны күтетіндей, мақтан тұтатындай ету. Әзірге мақсатымыз – оны нағыз қазақстандық ету, әрбір тұрғын жылына бір рет осындай оқиға бар екенін біліп, отбасымен келіп, шабыт алып, үйреніп, демалатындай болуы. Ал ары қарай – кім біледі…
— Біз шетелге шығуға асықпаймыз. Алдымен өз тамырымызды мықтап, сапалы, мазмұнды, шын мәнінде пайдалы өнім жасауымыз керек. Содан кейін ғана ауқымды деңгейге шығуды ойлауға болады. Біз үшін бұл жай ғана шоу емес, жеке, кәсіби және салалық тұрғыдан өсу алаңы болуы маңызды.
— Осындай іс-шаралар Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуына қалай әсер етеді?
— Рөлі орасан зор. AgroFest – жай ғана көрме емес. Бұл – аграрлар, бизнес, мемлекет, студенттер, балалар мен отбасылар тоғысатын тартылыс нүктесі. «The Фермер» жобасының командасы ретінде біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығын кеңінен таныту. Осындай шаралар арқылы біз адамдарға қарапайым ойды жеткіземіз: агросектор – күрек пен резеңке етік туралы емес, технология, даму, экспорт және болашақ экономикасы туралы.
Біз әлі күнге дейін мұнай мен газға тәуелді елде өмір сүріп отырмыз. Бірақ бұл модельдің мәңгілік еместігі қазірдің өзінде түсінікті. Ауыл шаруашылығы – болашақта тұрақты өсімді қамтамасыз ете алатын санаулы салалардың бірі. Біз білеміз: дұрыс тәсіл қолданғанда фермер табысын 3–4 есе арттыра алады, әсіресе терең өңдеумен айналысып, қосымша құн жасаған жағдайда. AgroFest секілді іс-шаралар осы білімге деген сұранысты қалыптастырады, көзді ашады, дамуға шабыт береді.
— Қазіргі таңда климаттық және экологиялық қауіптер туралы пікірлер жиі айтылады. Мұның ауыл шаруашылығына әсері жайлы не ойлайсыз?
— Бұл – маңызды тақырып, және мұнда бастысы – дүрбелеңге бой алдырмау. Иә, климат өзгеріп жатыр, ауа райы жағдайлары болжап білуге қиын болып барады. Бірақ бұл – біз жауап бере алатын сын-қатерлер. Ең бастысы – бейімделу. Бұл ылғал үнемдеу технологияларын енгізу, төзімді сорттарды пайдалану, шаруашылықты ғылыми тұрғыдан дамыту деген сөз.


Біз оқшау өмір сүріп жатқан жоқпыз. Бізде әлемдік тәжірибелерге – канадалық, израильдік, жапондық – толық қолжетімділік бар. Мұның бәрі Қазақстанда бар. Тек жаңаға ашық болу және инвестиция салуға дайын болу қажет. «Менің әкем осылай істеді» деп, ескі әдістерден айырылмай жүргендер түбінде ұтылады. Ал ізденетін, тәжірибе жасайтын, бейімделетіндер – ұтады.
— Соңғы жылдары технологиялар саласында қандай өзгерістер болды?
— Өте үлкен. Бұрын технологияны санаулы адамдар ғана меңгерсе, қазір ол қалыпты нормаға айналуда. Бұл тек техника туралы ғана емес, тәсіл туралы да. Жас жігіттердің салаға дұрыс ойлау жүйесімен, ашықтықпен, өсуге деген ынтамен келіп жатқанын көріп жүрмін.
Мысал келтірейін: фермер Нұрлан Карин. Ол мал шаруашылығына бірден бірінші классты репродуктор деңгейінде кірісті – жоғары сапалы бұқалар сатып алды, бірден генетикалық бақылауды енгізді. Бұл тек әсерлі ғана емес – тиімді. Ол жай ғана жұмыс істеп отырған жоқ, ол стандарт орнатып отыр. Мұндай адамдардың көбейіп келе жатқаны – саланың болашағы бар деген сөз.
— Армат Гимранұлы, бүгін фермерлер қандай негізгі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр?
— Мәселелер классикалық: айналым қаражатының жетіспеушілігі, кадр тапшылығы, жергілікті жерлерде адамдардың мотивациясының аздығы. Бірақ бір нәрсені түсіну маңызды: қазір технология – мәселе емес. Ол бар, қаласаң – ал да, енгіз. Бірақ бұл жерде адам факторы іске қосылады: біреу мүмкіндік іздейді, ал біреу сылтау іздейді.
Тағы бір жайт – мемлекеттің көмегіне деген артық үміт. Кейбіреулерге банк те, министр де, көрші де қарыздар сияқты көрінеді. Бұл – ешқайда апармайтын жол. Мысалы, біз БҚО-да Мурат Жаркешев басқаратын «Фермерлер орталығы» қоғамдық бірлестігін құрдық. Онда 21 құрылтайшы және 50-ден астам мүше бар. Саналы фермерлердің басым бөлігі жұмысқа белсенді араласады: кері байланыс береді, хат жазады, облыстық кеңестерге салалық сарапшылар ретінде қатысады, министрліктермен сұрақтарды талқылайды, мүдделерін қорғайды, семинарлардан өтеді. Бұл – еңбекқорлықты талап етеді, иә, бірақ нәтиже береді. Өйткені біз қатысамыз, біз инвестиция саламыз.
— Сіздің ойыңызша, Қазақстанның аграрлық ресурстары мол бола тұра, неге біз әлі де ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға тәуелдіміз?
— Барлығы технологияға тіреледі. Ал технология – бұл, ең алдымен, шығын. Дәл осы шығын бүкіл тізбекті анықтайды: сен 10 центнер аласың ба немесе 50 ме – айырмашылығы орасан.
Мысал: сен 70 мың теңге салдың, 1 тонна өнім алдың, оны 100 мың теңгеге саттың – пайдаң 30 мың теңге. Немесе 150 мың теңге салып, 3–4 тонна алдың, оны тоннасына 80 мың теңгеден сата аласың – бұл 240–320 мың теңге.
Өңдеуші үшін бұл тиімді: ол шикізатты арзан алды, демек, соңғы өнім де қолжетімді болады.
1 гектардан таза пайда – 90–170 мың теңге. Сонда қайсысы тиімді: жылына гектардан 30 мың теңге табу ма, әлде 100 мың теңге табу ма?!
Диқандар үшін егіншілік – негіз. Егер біз гектардан алынатын өнімділік пен рентабельділікті арттырсақ, бұл бәріне әсер етеді: ұнның, сүттің және басқа да өнімдердің бағасына.
Қазір біз ұтылып отырмыз: Ресей мен Беларусьта жер де, климат та жақсырақ. Онда орташа өнімділік – 40 центнер, ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда – 100–120-ға дейін. Бізде – 10. Мұндай жағдайда өзіңдікіне күш жұмсағаннан көрі, көршіден сатып алу оңай. Иә, бізде бір артықшылық бар – ыстық климат. Соның арқасында өнімнің сапасы жоғары, бірақ бұл жеткіліксіз.
Ал етке келсек, жағдай басқаша: біздің етті шетелде жақсы қабылдайды. Жергілікті фермерлер ішкі нарыққа сатуға асықпайды, өйткені шетелде баға жоғары.
Сонымен қатар бізде бәрі қатаң реттеледі. Біз – әлеуметтік мемлекетпіз: жарық, газ, су субсидияланады. Сол сияқты азық-түлікте де шекті бағалар бар, әсіресе ет сияқты негізгі позицияларда. Сондықтан сұраныс та, ұсыныс та өзгеше.
— Соңғы 5–10 жылда агросфераға деген жеке көзқарасыңыз қалай өзгерді?
— Өте қатты. Бұрын жалғыздық сезімі болатын. Көп көңіл қалулар, ұйқысыз түндер, шығындар болды. Еңбек етесің, бірақ жауап – бос кеңістік сияқты. Қазір бәрі басқаша: команда бар, қауымдастық бар, қолдау бар.
Айналамда пікірлес адамдар көбейді – бөлісетін, көмектесетін, бағыт беретін адамдар. Аға буын ашық бола бастады, жастар батылырақ болуда. Біз бірге өсіп келеміз, бұл күш береді. Ең бастысы – сен жалғыз емессің. Сен – үлкен істің бір бөлшегісің. Сен жаңа мәдениет жасайсың. Фермер – бұл шаң басқан кепкадағы адам емес, заманауи кәсіпкер, көшбасшы, қаһарман деген мәдениет. Бұл шабыттандырады.
— Армат Гимранұлы, сұхбатыңызға рақмет. Сізге табыс тілейміз және AgroFest-2026-ны асыға күтеміз!
__________________________________________________________________________________________________________
Армат Бисенов: «Мы создаём новую культуру фермерства»
AgroFest в Западно-Казахстанской области — не просто сельскохозяйственная выставка, а событие, которое объединяет фермеров, бизнес и государство, меняет восприятие агросферы и задаёт тон её развитию. О том, как фестиваль из региональной инициативы превратился в масштабное движение, куда он идёт дальше и почему его «вайб» должен почувствовать каждый казахстанец, мы поговорили с его создателем — руководителем ТОО «АгроСервис-Батыс» и совладельцем медиапроекта «The Фермер» Арматом Бисеновым.


— Армат Гимранович, расскажите, как вы в целом оцениваете прошедший AgroFest — сам по себе и в сравнении с предыдущими?
— Давать оценку себе самому — задача всегда непростая. Но я могу уверенно сказать, что наша команда сработала очень достойно. Мы изначально ориентировались на посещаемость в 8 000 человек. По факту пришло около 7 000, и я считаю это большой победой, особенно в сравнении с прошлым годом, когда за три дня фестиваль посетили около 4 500 человек — это примерно 1 500 человек в день. А в этом году мы достигли показателя 3 500 человек в день — рост почти в два с половиной раза!
Но дело даже не в сухих цифрах. Главное — качество аудитории и та отдача, которую мы получили. Люди приезжали с семьями, с детьми. Провели время на природе, поучаствовали в активностях, увидели сельское хозяйство с другой стороны — не как тяжёлую работу, а как интересную, прогрессивную сферу. И когда ты видишь, как люди уходят с улыбками, с горящими глазами, благодарят — это дорогого стоит. Это говорит о том, что мы смогли достучаться до сердец.
— Какие были особенности организации фестиваля в этом году?
— Мы сделали ставку на содержательную часть и зрелищность. Провели чемпионаты по различным профессиям — и среди них особенно выделялся конкурс по белоголовым быкам. Люди подходили, смотрели, спрашивали. Многие впервые видели такую практику вживую. Мы постарались охватить разные аспекты: от техники до животноводства, от растениеводства до питания.
Организационно, как и всегда, были свои сложности. Где-то с партнёрами затянули договорённости, по каким-то позициям пришлось импровизировать. Но даже эти недоработки не повлияли на общее впечатление. Более того, они стали точками роста. Мы уже точно знаем, что на следующий год нам нужно минимум три полноценные точки питания и один полноценный ресторан. На пике посещаемости — это обслуживание порядка 5 000 человек в день, то есть одна точка — это 2 000 гостей, а значит, всё должно быть отработано до мелочей: логистика, скорость, стандарты обслуживания.
Очень круто, что к нам присоединилась команда Shara Event во главе с Айгуль ханым. Они усилили нас в организационных моментах, привлекли специалистов из Астаны, привнесли профессионализм и структуру. Мы очень рады, что договорились о сотрудничестве на будущие мероприятия.
— Какие выводы вы сделали после этого фестиваля?
— Один из главных выводов — ты можешь оценить мероприятие только тогда, когда видишь, куда двигаться дальше. Мы уже знаем, где и как будет проходить AgroFest в следующем году. Сейчас в планах минимум три региона: ЗКО, Костанайская и Восточно-Казахстанская области. Мы также хотим, чтобы вайб AgroFest прочувствовали и в Северо-Казахстанской области, и в Акмолинской, вблизи Астаны. Столица должна стать частью этого движения.


— Вы в этом году уже приняли участие в организации Костанайского AgroFest. Как оцениваете его?
— Это был первый опыт у той команды, и я искренне горжусь ими. Я не вмешивался напрямую, но сопровождал, консультировал, направлял. Видел, как они включались, как росли по ходу подготовки. И самое главное — они прожили этот опыт. Я многим говорил: остановитесь на минуту, оглянитесь, почувствуйте, что вы делаете. Это не просто фестиваль — это событие, которое оставляет след. Такие моменты дают людям веру в свои силы. А нам, как организаторам, — веру в то, что AgroFest будет жить и в других регионах.
— Какие неожиданные открытия или знакомства принёс вам этот AgroFest?
— В первую очередь — укрепление партнёрств. Мы очень плотно взаимодействовали с представителями министерств, департаментов, крупных агрохолдингов и корпораций. С нами были вице-министр сельского хозяйства по цифровизации, зампреды АО «Агрокредитная корпорация», АО «КазАгроФинанс». Это серьёзные, влиятельные люди, и, что особенно важно, — открытые к диалогу.
Также порадовало, что они не просто приехали «отметиться», а активно участвовали, делились опытом, обсуждали будущее отрасли. Молодые, но зрелые профессионалы, с которыми хочется работать. Мы все почувствовали, что становимся единой командой, где никто не тянет одеяло на себя, а наоборот — поддерживает друг друга. Для нас очень важно, что мы продвигаем культуру правильного менеджмента в агробизнесе, и сейчас это направление как никогда готово дать импульс к скачку в развитии всей отрасли.
— Что аграрии получают от участия в AgroFest, помимо обмена опытом?
— Помимо знаний — статус. И не в абстрактном смысле, а в самом живом, настоящем. Представьте: оператор техники, который всё лето работает в поле, привозит на фестиваль жену и детей. И вот они вместе ходят, смотрят на технику, участвуют в чемпионатах, видят, как папа становится частью чего-то большого и важного. Это влияет на всё — на восприятие профессии, на семейные отношения, на самооценку. Люди начинают гордиться тем, что делают.
AgroFest — это и про семью, и про профессию, и про культуру. У нас есть свой вайб, свой стиль, свои герои — механизаторы, сварщики, ковбои («казбои», как мы их называем). Мы проводим чемпионаты, где они могут проявить себя. Мы делаем это не ради шоу, а ради смысла. Чтобы человек чувствовал: «Я не просто тружусь на земле — я часть большого дела».
— Каким вы видите AgroFest через 5 лет? Есть ли планы сделать его международным?
— Я хочу, чтобы AgroFest стал народным брендом. Чтобы его ждали, чтобы им гордились. Пока наша цель — сделать его по-настоящему казахстанским, чтобы каждый житель страны знал: раз в год есть такое событие, куда можно приехать всей семьёй, вдохновиться, поучиться, отдохнуть. А дальше — кто знает.
Мы не спешим выходить за границу. Сначала надо укрепить корни у себя — сделать качественный, глубокий, по-настоящему полезный продукт. А потом уже думать о масштабировании. Мы хотим, чтобы это было не просто шоу, а платформа для роста — личного, профессионального, отраслевого.
— А как подобные мероприятия сказываются на развитии сельского хозяйства в Казахстане?
— Они играют огромную роль. AgroFest — это не просто выставка. Это точка притяжения, где соединяются аграрии, бизнес, государство, студенты, дети, семьи. Мы, как команда проекта «The Фермер», видим свою задачу в популяризации сельского хозяйства. Через такие события мы доносим до людей простую мысль: агросфера — это не про лопату и резиновые сапоги, это про технологии, развитие, экспорт, экономику будущего.
Мы живём в стране, которая по-прежнему зависит от нефти и газа. Но всем уже ясно, что такая модель не может быть вечной. Агросектор — один из немногих, кто способен обеспечить устойчивый рост в будущем. Мы видим, что при правильном подходе фермер может увеличить доход в 3–4 раза, особенно если заниматься глубокой переработкой, создавать добавленную стоимость. И такие мероприятия, как AgroFest, формируют спрос на эти знания, открывают глаза, вдохновляют на развитие.
— Сегодня мы всё больше слышим различные мнения по поводу климатических и экологических угроз, которые, несомненно, отразятся на сельскохозяйственной сфере. Что вы думаете об этом?
— Это важная тема, и здесь главное — не поддаваться панике. Да, климат меняется, погодные условия становятся менее предсказуемыми. Но всё это — вызовы, на которые мы можем ответить. Главное — адаптация. Это значит внедрение влагосберегающих технологий, использование устойчивых сортов, развитие научного подхода к ведению хозяйства.
Мы не живём в вакууме. У нас есть доступ ко всем мировым наработкам — канадским, израильским, японским. Всё это уже доступно в Казахстане. Нужно просто быть открытым к новому и готовым вкладываться. Те, кто упорно держатся за дедовские методы, потому что «так делал мой отец», рано или поздно проиграют. Но те, кто ищет, экспериментирует, адаптируется — будут в выигрыше.


— А как изменилась ситуация с технологиями за последние годы?
— Очень сильно. Если раньше технологиями владели единицы, то сейчас они становятся частью нормы. И дело не только в технике, но и в подходе. Я вижу, как молодые ребята заходят в сферу — с правильным майндсетом, с открытостью, с желанием расти.
Вот пример: есть фермер Нурлан Карин. Он зашёл в животноводство сразу на уровне репродуктора первого класса, начал с закупки высококлассных быков и сразу же ввёл генетический контроль. Это не просто эффектно — это эффективно. Он не просто работает, он задаёт стандарт. И таких людей становится больше. Это значит, что у отрасли есть будущее.
— Армат Гимранович, расскажите, с какими основными проблемами сталкиваются фермеры сегодня?
— Проблемы классические: нехватка оборотных средств, кадровый голод, нехватка мотивации у людей на местах. При этом важно понимать: технологии больше не проблема. Они есть — хочешь, бери и внедряй. Но тут включается человеческий фактор: кто-то ищет возможности, а кто-то — оправдания.
Есть ещё такой момент — ожидания от государства. Некоторые думают, что им все должны: и банк, и министр, и сосед. Это путь в никуда. Мы, например, создали в ЗКО общественное объединение «Фермерский центр» во главе с Муратом Жаркеевым. Там 21 учредитель и более 50 членов. И основная часть осознанных фермеров включены в работу: дают обратную связь, пишут письма, участвуют во многих областных совещаниях как эксперты отрасли, обсуждают вопросы с министерствами, отстаивают интересы, проходят семинары. Это трудоёмко, да, но это работает. Потому что мы включены, мы вкладываемся.
— Как вы думаете, почему же при всех аграрных ресурсах Казахстана мы всё ещё зависим от импорта сельхозпродукции?
— Всё упирается в технологии. А технология — это, в первую очередь, расходы. И именно они влияют на всю цепочку: ты в итоге получаешь 10 или 50 центнеров с гектара — разница колоссальная.
Вот пример: ты вложил 70 тысяч тенге, получил 1 тонну продукта, продал её за 100 тысяч тенге — заработал 30 тысяч тенге. Либо ты вложил 150 тысяч тенге и получил 3–4 тонны, которые можешь продать дешевле — за 80 тысяч тенге за тонну, выходит 240–320 тысяч тенге.
Переработчику это выгодно: он получил сырьё дешевле, значит, и конечный продукт будет доступнее.
Чистая прибыль с 1 га — 90–170 тысяч тенге. И что выгоднее: зарабатывать 30 тысяч с 1 га в год или же 100 тысяч тенге?!
Растениеводство — это база. Если мы поднимем урожайность, рентабельность и эффективность хотя бы с одного гектара, это скажется на всём: на цене муки, молока и других продуктов.
Пока же мы проигрываем: в России и Беларуси лучше почвы, лучше климат. Там средняя урожайность — 40 центнеров, в передовых хозяйствах — до 100–120. А у нас — 10. В таких условиях проще купить зерно у соседей, чем тянуть своё. Да, у нас есть плюс — жара. Из-за неё качество продукта выше, но этого недостаточно.
А с мясом другая история: наше мясо охотно берут за рубеж. Местные фермеры не спешат продавать его на внутренний рынок, потому что за границей оно стоит дороже.
При этом у нас всё жёстко регулируется. Мы — социальное государство: свет, газ, вода субсидируются. Так же и с продуктами — есть предельные цены, особенно на базовые позиции, вроде мяса. Поэтому и спрос у нас другой, и предложение ограничено.
— Как в целом изменилось ваше личное восприятие агросферы за последние 5–10 лет?
— Очень сильно. Раньше было чувство одиночества. Было много разочарований, бессонных ночей, убытков. Ты вроде работаешь, пашешь, а в ответ — пустота. Сейчас всё иначе: есть команда, есть сообщество, есть поддержка.
Я вижу, как вокруг появляются единомышленники — люди, которые делятся, помогают, подсказывают. Старшие коллеги начали открываться, молодые стали смелее. Мы растём вместе, и это даёт силы. Это самое главное. Потому что ты понимаешь: ты не один. Ты — часть чего-то большого. Ты создаёшь новую культуру. Культуру, в которой фермер — это не человек в пыльной кепке, а современный предприниматель, лидер, герой. И это вдохновляет.
— Армат Гимранович, спасибо большое за интервью. Желаем вам успехов и уже с нетерпением ждём AgroFest-2026!




