5 наурызда оралдық режиссер Айбек Нығметтің «Мама» фильмі көрерменге жол тартты. Осыған орай бір күн бұрын Оралда өтетін жабық көрсетілімге фильмнің сценарий авторы, басты рөлді сомдаған Азамат Сатыбалды және бас продюсері оралдық Назгүл Қарабалина, қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы Ғани Құлжанов және жас та болса көпке танылып үлгерген Алишер Исмаилов келді.
Оралдағы Kinoplexx кинотеатрының екі залы көрсетілімді күткен көрерменге лық толы болды. Фильм көне қаланың көшелерінде түсірілген. Көрерменнің басым көпшілігі – түсірілім процесіне қатысқан қалалықтар. Ал арнайы шақырылған қонақтардың ішінде жерлесіміз Назгүл Қарабалинаның ата-анасы да болды.
Көрсетілім алдында сөз алған Азамат Сатыбалды түсірілім командасын ортаға шақырып, көрерменге таныстырды.
– Киноның анасы да, әкесі де – ол режиссер. Режиссер болмаса, кино болмайды. Идея авторы, режиссер – Айбек Нығметов. Режиссер үшін бұл – бақыт: өзінің дебюттік киносын жазады, сол дебюттік киносын туған жері Оралда түсіреді. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мен Жамбыл облысынанмын. Жамбыл облысында, Таразда түсірілетін бір кинода ойнағым келеді, бірақ әлі түсе алмай жүрмін, – деді Азамат Айбек Нығмет туралы.
Сонымен қатар ол фильмнің жабық көрсетілімі осыдан бір күн бұрын Алматы қаласында өткені туралы айтты. Алайда Ғани Құлжанов екеуі фильмді алғаш рет Оралда көретінін және осы сәтті оралдықтармен бірге өткізетінін ерекше атап өтті.


Фильмнің сюжеті бас кейіпкер Темірдің темір тордың арғы жағындағы мекемеден босатылып шығуынан басталады. Ең алдымен Темір емдеу мекемесіндегі өзінің анасына барады. Бірақ анасы ұлын, Тимошаны, танымайды. Темір үйіне келген уақытынан бастап оқиға шиеленіседі. Осы сәттен фильмнің аяғына дейін көрермен тағдырдың талайына түскен ана мен баланың өміріне және кейіпкерлердің шытырман оқиғаларына куә болады. Ал өздері күнде өтетін туған қаласы Оралдың үйреншікті даңғылы мен әдемі көріністерін фильмнен көріп сүйсіну көрермен үшін бөлек бір сезім.
Түсірілім тобы фильм аяқталған соң көрерменнің алдына шықты.
Олар Оралдың табиғаты мен көне қаланың көріністері туралы, оралдықтардың қонақжайлылығы мен әркез көмекке дайын болғаны туралы жарыса айтты.
Фильм продюсері Назгүл Қарабалина түсірілім тобына Оралдың ұнағаны сондай, топтағы 52 адам бірауыздан «келесі фильмді де Оралда түсірейікші» деген ниет білдіргенін мақтанышпен жеткізді.
Ғани Құлжанов болса Оралға бірінші келгеннен ғашық болғанын айтты. Ол қаланың бас даңғылындағы көненің көзін бүгінгі күнге дейін сақтап қалған, көненің құндылығын білетін Орал халқына алғысын білдірді. Сөз соңында «Мен бүгін нағыз кино көрдім. Айбек, сен менің режиссерімсің» деген ыстық лебізін білдірді.
Фильм соңында көрерменнің көпшілігі көз жасына ерік бергенін айтты. Түсірілімге қатысқан қалалықтар сахнаға шығып, фильмнің жүректерге жеткенін жеткізді.
– Біздің сүйікті актерлер, біз сіздерді осы уақыт ішінде қатты жақсы көріп кеттік. Менің айтқым келгені – «бұл жағдай менің өмірімде не үшін болып жатыр?» деп өзім көп ойландым. Бүгін фильмді қарап отырып сол құпияны аштым. Шын мәнінде бұл – өте зор тарихи пласт, трагедияға айналған адамдардың тағдыры. Менің өмірімде де осындай тағдыры ұқсас адамдар кездесті, мен оларды сөгетін едім. Мен осындай ананы сөгетінмін, баласына дұрыс тәрбие бермеген деп ойлайтынмын. Қазір мен ол адамдарды қабылдау керек екенін түсіндім, – деді қала тұрғыны Светлана Мошко.


Фильмнің кейбір сценалары, нақтырақ айтсақ, бір түн осы Светлананың гаражында түсірілген екен.
Бас продюсер, жерлесіміз Назгүлдің әкесі Әдиет Қарабалин – жүзі жылы, көп сөзге жоқ адам екен. Фильмнің өзіне қатты ұнағанын және осындай жақсы фильмдер көбейе берсін деген тілегін айтты.
– Фильмнен өте қатты әсер алдым. Фильм басталғаннан аяғына дейін көзімнен жас кетпеді, жылап шықтым. Негізі түсірілім кезінде Назгүл бізді «келіңдер, көріңдер» деп шақырды. Шынын айтайын, біз бармадық, үйде болып, тамақтарын әзірлеп, күтіп, жағдайын жасадық. Назгүл өте тентек бала болды. Сырттың жұмысын жасайтын өзі еді. Ол Алматыға оқуға барам дегенде жібергім келмеді. Сосын үйде әжесі бар еді, әжесіне апардым. Ол үлкен кісі ғой, «барма» деп айтар деп ойладым. Ол кісі «барсын, апар, оқуға түссе – түсер, түспесе – қалар» деді. Ол уақытта ақша жоқ қой, үйдегі екі кілемді саттық, оны екі досым сатып алды. Сол ақшаға Алматыға кеттік, – деп Назгүлдің кино өнеріндегі жолы қалай басталғанынан сыр шертті анасы Зияда Алдиярова.
Фильмнің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан «Кешірім сұрауға кешікпе» деген сөзді оқуға болады. «Мама» фильмі көрерменге анаңның бары – шексіз бақыт, бақытты барында бағалауымыз қажет екенін тағы да бір еске салады.


«Мама»: новый фильм, снятый на улицах Уральска
5 марта на экраны вышел фильм «Мама» уральского режиссёра Айбека Нигмета. Накануне премьеры в Уральске состоялся закрытый показ картины. По этому случаю в город приехали автор сценария и исполнитель главной роли Азамат Сатыбалды, главный продюсер — уроженка Уральска Назгуль Карабалина, яркая звезда казахстанского кино Гани Кулжанов, а также молодой, но уже хорошо известный актёр Алишер Исмаилов.
Два зала кинотеатра Kinoplexx в Уральске были полностью заполнены зрителями, ожидавшими показ. Фильм снимался на улицах исторической части города. Большинство зрителей составили уральцы, принимавшие участие в съёмочном процессе. Среди специально приглашённых гостей были и родители нашей землячки Назгуль Карабалиной.
Перед началом показа Азамат Сатыбалды, выступивший со словом, пригласил на сцену съёмочную команду и представил её зрителям.
— У кино есть и мать, и отец — это режиссёр. Если нет режиссёра, не будет и кино. Автор идеи и режиссёр — Айбек Нигмет. И для него это большое счастье — написать свой дебютный фильм и снять его на родной земле, в Уральске. Такое удаётся далеко не каждому. Я сам родом из Жамбылской области и хотел бы сняться в фильме, который будут снимать в Таразе, но пока такой возможности не было, — сказал Азамат Сатыбалды.
Он также рассказал, что закрытый показ фильма за день до этого прошёл в Алматы. Однако он и Гани Кулжанов решили впервые посмотреть фильм именно в Уральске и провести этот момент вместе с уральскими зрителями.
Сюжет фильма начинается с того, что главный герой Темир выходит на свободу из учреждения за колючей проволокой. Прежде всего Темир отправляется к своей матери, которая находится в лечебном учреждении. Однако мать не узнаёт своего сына Тимошу. С того момента, как Темир возвращается домой, события начинают стремительно развиваться. До самого финала зритель становится свидетелем непростой судьбы матери и сына, на долю которых выпало немало испытаний, а также наблюдает за драматичными и напряжёнными событиями в жизни героев. Для зрителей особое чувство вызывает возможность увидеть на экране знакомые улицы и красивые виды родного Уральска — города, по которому они проходят каждый день.


После окончания фильма съёмочная группа снова вышла к зрителям.
Они наперебой рассказывали о природе Уральска, видах старинного города, о гостеприимстве его жителей и о том, как уральцы всегда были готовы прийти на помощь. Продюсер фильма Назгуль Карабалина с гордостью рассказала, что Уральск настолько понравился съёмочной группе, что все 52 участника команды единодушно предложили: «Давайте и следующий фильм снимем в Уральске».
Гани Кулжанов, в свою очередь, признался, что влюбился в Уральск с первого приезда. Он поблагодарил жителей города за то, что они сумели сохранить на главном проспекте города дух старины, бережно относятся к историческому наследию и ценят прошлое. В завершение он сказал тёплые слова:
— Сегодня я посмотрел настоящее кино. Айбек, ты мой режиссёр!
Многие зрители признались, что в конце фильма не смогли сдержать слёз. На сцену выходили и уральцы, принимавшие участие в съёмках, и делились своими впечатлениями о том, как глубоко фильм затронул их сердца.
— Наши любимые актёры, за это время мы очень вас полюбили. Я много думала о том, почему такая история произошла в моей жизни. Сегодня, посмотрев фильм, я раскрыла для себя эту тайну. На самом деле это огромный исторический пласт — трагедия человеческих судеб. В моей жизни встречались люди с похожей судьбой, и раньше я их осуждала. Я осуждала таких матерей, думая, что они плохо воспитали своих детей. Сейчас я понимаю, что таких людей нужно принимать, — поделилась жительница города Светлана Мошко.
К слову, некоторые сцены фильма — а точнее одна из ночных съёмок — проходили именно в гараже Светланы.
Отец продюсера, нашей землячки Назгуль Карабалиной, Адилет Карабалин — человек с тёплой улыбкой и немногословный — признался, что фильм ему очень понравился, и пожелал, чтобы подобных хороших картин становилось больше.
— Фильм произвёл на меня очень сильное впечатление. С самого начала и до конца у меня не высыхали слёзы — я вышел из зала со слезами на глазах. Во время съёмок Назгуль приглашала нас прийти и посмотреть, но, честно говоря, мы не пошли. Мы оставались дома, готовили еду, встречали их, старались создать условия. Назгуль была очень непоседливым ребёнком. Она всегда бралась за работу на улице. Когда она сказала, что хочет поехать учиться в Алматы, я не хотел её отпускать. Тогда я отвела её к бабушке, думая, что бабушка сможет отговорить ее. Но бабушка ее поддержала: «Пусть едет, отпусти. Поступит — поступит, не поступит — вернётся». В то время денег не было, поэтому мы продали два ковра. Их купили мои друзья. На эти деньги мы и поехали в Алматы, — поделилась воспоминаниями о том, как начался путь Назгуль в кино, её мама Зияда Алдиярова.
На официальной странице фильма в социальных сетях можно прочитать слова: «Не опоздай попросить прощения». Фильм «Мама» ещё раз напоминает зрителям о том, что иметь мать — это огромное счастье, и важно ценить это счастье, пока она рядом.






