Toyota Relax жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Toyota автокөлігін иелену енді беделіңді арттырып қана қоймай, пайдалы да болмақ. Toyota Relax бағдарламасының арқасында жаңа машиналар мен жүрілген машиналардың иелері 10 жылға дейін кепілдік ала алады. Бұрын-соңды болмаған тиімді шарттар енді Toyota Center Uralsk орталығында да қолжетімді. Толығырақ Fresh City материалында.

Toyota бренді Қазақстанда жақсы таныс және лайықты бағаланады. Бұл өнімнің жоғары сапасы мен дилерлік орталықтардың клиентке бағдарлануының арқасында мүмкін болды. Мысалы, 1999-2013 жылдары Қазақстан нарығында жаңа маркалы автомобильдердің ресми сатылуы 400-ден 12 128 бірлікке дейін өсті, бұл Toyota-ның Қазақстандағы ең табысты импорттық брендке айналуына, сонымен бірге сапа, тұрақтылық пен биік мәртебенің символына айналуына мүмкіндік берді.

Ал 2022 жылдың 1 тамызынан бастап Toyota айрықша ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Toyota Relax бағдарламасы Қазақстанның барлық дилерлік орталықтарында іске қосылып, автокөлік әуесқойлары тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Мұның өз себептері бар, өйткені бұл бағдарлама қосымша төлемсіз Toyota автокөліктеріне 10 жылға дейінгі мерзімге кепілдік беруді көздейді.

Toyota Relax-тің басқа бағдарламалардан ерекшелігі, оны бұрын Toyota ресми сервис орталықтарында қызмет көрсетілмеген жүрілген автокөліктер де қолдана алады. Яғни, бұл Toyota автомобильдерінің иелері көлікті сатып алғаннан кейін және пайдаланған соң да қосымша пайда көру мүмкіндігі бар екенін білдіреді.

Бағдарлама TOYOTA Center Uralsk ресми сервис орталығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да дилерлік орталықтарында регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өткеннен кейін автоматты түрде іске қосылады.

«Toyota Relax бағдарламасына қатысу қиын емес. Сізге қызмет көрсету орталығына Toyota автокөлігімен келу керек. Ең бастысы, автомобильдің шыққанына 10 жылдан аспауы тиіс немесе жүрісі 190 000 км дейін болуы керек. Әрі қарай сізге регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өту ұсынылады. Содан кейін алдағы 12 айдың ішінде немесе 10 000 км жүру кезінде өндірістік немесе құрастыру кезіндегі ақаудан туындаған бұзылуларды жөндеуге кепілдік аласыз», — дейді Toyota Center Uralsk орталығының директоры Денис Воробьев.

Бұл бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – клиентке қосымша ресми құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ, тек ресми қызмет көрсету орталығына келіп, регламенттік техникалық қызмет көрсетуден өту жеткілікті.

Осылайша, ешқандай қосымша шығынсыз автокөлік иелері өздерінің Toyota көлігін жүргізу кезінде тыныштық пен сенімділікке ие болады. Сонымен қатар, Toyota Relax кепілдігі кейін қалдырылған көлікті сату кезінде де автомобильдің қалдық құнына оң әсерін тиігізеді.

Регламенттік техникалық қызмет көрсету процесінде автомобильдің жұмыс бөлшектерінің тозуын барынша азайтатын және иесіне қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ететін түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен майлау материалдары ғана пайдаланылады.

Toyota Relax кепілдігі қозғалтқышқа, трансмиссияға, аспаға, рульдік басқару жүйесіне, жанармай жүйесіне, тежеу жүйесіне, электрондық компоненттерге, электр жүйесінің компоненттеріне және автомобильдің басқа да негізгі тораптары мен элементтеріне қолданылады. Кепілдік 10 жылға дейін немесе 190 000 км қашықтыққа дейін беріледі. Бұлардың қайсысы ертерек болса, соған беріледі.

Кепілдік бастапқыда «Тойота Мотор Еуропа» ресми дилерлік желісі арқылы өткізілген және Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткен Ресейден, Украинадан, Грузиядан, сондай-ақ Шығыс және Батыс Еуропаның басқа да елдерінен импортталған Toyota автомобильдерінің иелеріне де қолжетімді. Айта кету керек, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропаның» еншілес компаниясы болып табылады және Тадаши Арашима мырза бастаған Тойотаның еуропалық штаб-пәтерінің ықпал ету аясына кіреді.

Кепілдікке қосымша қызмет көрсету клиенттерге басқа да маңызды артықшылықтар береді. Жұмыстарды жоғары білікті техникалық мамандар Toyota-ның түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін пайдалана отырып орындайды. Шеберханалар ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлер Toyota автомобильдерінде қолданылатын барлық технологиялармен және жүйелермен жұмыс істеуге үйретілген.

«Әлемдегі автомобильдерді сату саласында көшбасшы бола отырып, біз қызметкерлердің кәсібилігі мен біліктілігінің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Біздің әрбір қызметкеріміз Toyota порталында жұмыстан қол үзбей қашықтан оқудан өтеді. Оқудан кейін ТойотаСервисМенеджмент бағдарламасы бойынша сәйкестік сертификаты беріледі. Сонымен қатар, «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС дилерлік орталықтардың стандарттарға сәйкестігіне тұрақты түрде тексеру және аттестаттау жүргізіп отырады. Бұл іс жүзінде Toyota клиенттеріне қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», – клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Ксения Рудницкая атап өтті.

Toyota-ның сервистік қызмет көрсетуі 2019 жылдан бастап Ақсай қаласында Toyota Aksai Авторландырылған Сервистік Орталығының ашылуының арқасында қолжетімді болғанын атап өткен жөн. Бұл орталық кез келген күрделі деңгейдегі диагностикалық және жөндеу жұмыстарын орындайды. Соның ішінде жоспарлы ТҚК, қозғалтқыштың, трансмиссияның, аспалы жабдықтың компьютерлік және аспаптық диагностикасын, дөңгелекті құрастыру, агрегаттық жөндеу және т.б. жұмыстарды жүзеге асырады. Жақын арада шанақ жұмыстары цехын ашу жоспарлануда.

Дилерлік орталықта клиенттерге әрқашан жөндеу аймағынан тікелей эфир арқылы монитордан өз көліктеріне қызмет көрсету барысын бақылап тұруға мүмкіндік бар.

Toyota – бұл әрқашан сапа кепілі. Қазақстанның кез келген өңіріндегі ресми дилерден сатып алынған жаңа автомобиль 3 жыл мерзімге немесе 100 000 км жүріске кепілдік алады. Toyota салондарында сатып алынған қосалқы бөлшектер мен бірегей аксессуарлардың, қосымша жабдықтардың кепілдік мерзімі 12 айды құрайды. Кепілдік көрсетілген қызметтерге, тораптар мен бөлшектерге де беріледі – бұл клиенттермен сенімді қарым-қатынастың негізі.

Тиімді және қолжетімді Toyota Relax бағдарламасын Toyota Center Uralsk орталығының басқа ұсыныстарымен біріктіруге болады. Кепілдік, сервистік қызмет көрсету және сақтандырудың әртүрлі бағдарламалары автокөлік сатып алуды одан әрі жағымды етеді.

«Toyota Easy – бұл клиенттер арасында танымал қаржылық бағдарлама, ол шамамен бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сатып алушылардың 90%-ы осы бағдарламаны рәсімдейді, өйткені ол жаңа автомобильдерге де, жүрілген автокөліктерге де қолданылады. Toyota Easy бағдарламасының көмегімен сіз кез келген жиынтықтағы автомобильді сатып ала аласыз да, құнының 70%-ға дейінгі төлемін 2-3 жылға кейінге қалдыра аласыз. Сонымен бірге сатып алу кезінде сіз несие кезеңіне КАСКО толық сақтандыруын аласыз. Өтініштер саны мен залал сомасына лимитсіз сақтандыру, ол апатқа кімнің кінәлі екеніне және сіздің көлігіңізге не болғанына қарамастан әрекет етеді», – деп атап өтті сақтандыру және қаржы өнімдері жөніндегі маман Арман Әзімұлы.

Жаңа автомобильдерге TOYOTA Еasy-дың пайыздық мөлшерлемесі жаңа көліктерге 20-21%-ды құраса, жүрілген автомобильдерге 23,5%-дан басталады. Бұл ретте ай сайынғы төлемдер 24 немесе 36 ай мерзімге құнның тек 10%-ын құрауы мүмкін.

«Несие мерзімі аяқталғаннан кейін, сіз кейінге қалдырылған төлемді уақытында төлеп, ұнатқан көлігіңізді сатып ала аласыз. Немесе Toyota дилерлік орталығында Trade-in ресімдеп, су жаңа автокөлікпен кетуге болады. Сіздің көлігіңіздің құнын есептеп берген соң, алынған соманы кейінге қалдырылған төлемді өтеу үшін пайдалана аласыз. Қалдық қаржы жаңа көлік үшін сіздің бастапқы төлеміңіз болуы мүмкін. Сондай-ақ, несиені ұзарту мүмкіндігі де бар», — деп толықтырды Арман Әзімұлы.

«Toyota Center Uralsk орталығында клиент автокөлікті кез келген соғылудан сақтандыратын КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандыруды ресімдей алады. Ауа райы қолайсыз болып келетін біздің өңір үшін бұл өте пайдалы нұсқа. Бағдарламаның ТМД бойынша таралуының да маңызы зор. АҚЖМС туралы кеңейтілген сақтандыруды біздің Toyota Safe бағдарламасы ұсынады. Егер кәдімгі сақтандыру 1,7 млн теңгеден басталатын залалды өтесе, онда Toyota Safe үшінші тұлғаға 7,5 млн теңгеге дейінгі залалды өтей алады. Бұл бағдарламалардың қаржылық серіктестері «Коммеск» және «Halyk» компаниялары болып табылады», – деп толықтырды Арман Әзімұлы.

Toyota әлемдегі ең сенімді автомобиль өндірушілерінің бірі ретінде танымал. Сондықтан, Toyota Center Uralsk тіпті жүрілген автомобильдерді ұсына отырып, клиентке жаңа көлікке деген сенімділікке кепілдік береді. Toyota Tested бағдарламасы сондай-ақ мінілген көлікті тез және қауіпсіз сатуға көмектеседі.

«Соңғы жылдары сатып алушылар жүрілген көліктерге қызығушылық танытуда. Toyota Center Uralsk орталығынан жүрілген автокөлікті сатып ала отырып, сіз оған Toyota брендінің жаңа автокөлігінде отырғандай сенімді боласыз. Өйткені, барлық автомобильдер толық техникалық тексеруден және диагностикадан өтеді, сондықтан сатып алушыларға тек жол рахатын сыйлайтын  сенімді машиналар ғана ұсынылады. Сатып алушылар несиеге рәсімдей алатындай мүмкіндік беру үшін, біз тек 2013 жылға дейін шыққан автомобильдерді ғана қабылдаймыз», – деді жүрілген автомобильдерді сату жөніндегі кеңесші Денис Павличев.

Автокөлікті шұғыл сату немесе жаңа Toyota көлігіне немесе жүрілген автокөлікке айырбастау үшін Сіз WhatsApp арқылы немесе компания сайтында Toyota Center Uralsk менеджерлерімен өзіңізге ыңғайлы уақытта келу жөнінде алдын ала келісе аласыз.

«Trade-in бағдарламасы бойынша клиент өзінің ескі көлігіне үстеме ақы төлеп, жаңасына айырбастай алады немесе несие рәсімдей алады. Біз мінілген көліктердің, бірінші кезекте, техникалық жай-күйіне және бояуына нақты талаптар қоямыз. Сіз кез келген маркалы машинаны айырбастай аласыз. Несиелеу шарттары автомобильдің маркасына және шығарылған жылына байланысты. Toyota автомобильдеріне бастапқы жарнаның көлемі 20%-ды, басқа брендтерге 30%-ды, «Лада» брендіне 50%-ды құрайды. Барлығы біздің ішкі банкіміз Toyota Finance арқылы өтеді. Сондай-ақ бізде Toyota tested ұзартылған кепілдік бағдарламасы бар. Бұл кепілдіктің құны автомобильдің жүрісіне, қозғалтқыштың көлеміне, бояудың жай-күйіне, техникалық жағдайына байланысты. Мысалы, 2019 жылы шығарылған, қозғалтқыш көлемі 2 л болатын Toyota Camry көлігінің 1 жылға ұзартылған кепілдік құны шамамен 300-500 мың теңгені құрайды», – деп атап өтті Денис Павличев.

Осы жылдың қазан айында Toyota Center Uralsk 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде орталық өзін автоәуесқойлар арасында жай салон ретінде ғана емес, әрдайым жанынан табылатын сенімді серіктес ретінде танытты. Бұл жерден автокөлік сатып алғанда, сіз ұзақ жылдарға созылатын қолдауға ие боласыз. Компания клиенттерінің тілектеріне ерекше көңіл бөліп, ең қолайлы өнімдерді таңдауға көмектеседі.

Toyota Center Uralsk орталығының маңызды мақсаттары – тұтынушылардың қанағаттанушылығын тұрақты түрде анықтап отыру, жоғары сапалы автомобильдер мен қызметтерді жеткізушінің беделіне қол жеткізу және қолдау, менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін үздіксіз арттыру.

 

 

г. Уральск, пр. Абая, 246/6
+7 700 224 77 77
г. Аксай, Промышленная зона, 74Н
+7 (71133) 7 56 66