«Орал Таза Сервис»: путь Азамата Бисенова от коммунального кризиса к экологическим инновациям

«Орал Таза Сервис»: Азамат Бисеновтің экологиялық жаңғыру жолы

Бұдан он жылдай бұрын жас уралдық кәсіпкер ауыр жағдайда тұрған коммуналдық кәсіпорынды басқаруға келді. Техника ескірген, маман жетіспейді, ал алда – тек мәселелер мен белгісіздік. Бірақ Азамат Бисенов жағдайды түбегейлі өзгертіп, бәрін жақсы жаққа бұрұға шешім қабылдады! Ол қаланы таза әрі жайлы етуге болатынына сеніп, «Орал Таза Сервис» компаниясын кезең-кезеңімен дағдарыстан алып шықты.

Бүгінде оның мақсаты тек көшелердің тазалығын сақтау емес. Ол Уральск қаласының экологиялық мәдениетін жаңаша деңгейге көтеруді көздейді. Азамат Бисенов қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізіп, тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілік пен саналы көзқарас қалыптастыруға күш салып келеді.

Азамат Гимранұлы Чингирлау ауданының Алмазное ауылында туған. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын тәмамдаған. Кейін Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алып, қызыл дипломмен Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «Мемлекеттік қызмет пен бизнес саласындағы басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Жұмыс – шаршау емес, шабыт көзі болғанда

Азамат Бисенов еңбек жолын 2010 жылы «ОралАгроРемМаш» АҚ зауытында қатардағы экономист болып бастаған. 2012 жылы экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалып, ал 2016 жылдың қарашасында «Орал Таза Сервис» ЖШС-ін басқаруға кірісті.

Кәсіпорын оған ауыр жағдайда өтті: техника ескірген, жұмысшы жетіспейді, қызметкерлерге жағдай жасалмаған. Азамат алғашқы күннен-ақ іске белсене кірісті. Ол табыс тек командада қолайлы еңбек ортасы қалыптасқанда ғана мүмкін болатынын жақсы түсінді.

— Жылы гараждар болған жоқ, көліктердің жартысы ашық аспан астында тұрды. Көп жағдайда жөндеу жұмыстары далада жүргізілетін. Суық, лай, ал механик көліктің астында жатыр. Душ, жуынатын бөлме де болған жоқ – адамдар далада жуынуға мәжбүр еді. Жұмысымыз, өзіңіз білесіз, оңай емес. Ескі техника жиі бұзылатын, сондықтан қоқыс контейнерлерін уақытылы шығару қиынға соғатын. Тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдары да сын көтермейтін жағдайда болды, бұл қала тұрғындарының орынды наразылығын тудырды. Есеп жүйесі болмағандықтан, қарыз көбейді – көптеген абоненттер қоқыс шығаруға төлем жасамайтын. Кейбір заңды тұлғалар – бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекемелер: мектептер, балабақшалар және т.б. – «Орал Таза Сервис» компаниясымен жұмыс істеуден бас тартты. Біз тіпті «қара тізімге» еніп, тендерлерге қатыса алмай қалдық.

Алдымен команда еңбек жағдайын жақсартуға кірісті: жылы жөндеу және сервис бокстары, киім ауыстыратын және душ бөлмелері салынды. Еңбекақы көбейтілді – соның арқасында тәжірибелі мамандар қайта орала бастады.

— Біз әр қызметкерді қадірлейміз және құрметтейміз. Нәтиже талап етпес бұрын, жұмыстың өзінен қуат алатындай жағдай жасау керек. Сонда ғана еңбек қайтарымы да жоғары болады, — дейді Азамат Бисенов.

Кадр ауысымы тоқтады, бірақ бос орындар әлі де бар.

— Қала өсіп келеді, жұмыс көлемі де артып жатыр, сондықтан штатымызды да кеңейтудеміз. Жаңа қызметкерлерге әрқашан қуаныштымыз, — дейді ол.

Қысқа мерзім ішінде кәсіпорын елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қала көшелерінде жаңа заманауи қоқыс таситын машиналар пайда болды, ал қоқыс жинау алаңдарына таза контейнерлер орнатылды. Жұмыс жүйеленіп, тұрақты бағытқа түсті.

Бүгінде «Орал Таза Сервис» ЖШС автопаркінде 45 бірлік арнайы техника бар, оның 38-і – қоқыс таситын көлік. Кәсіпорында 200-ден астам қызметкер еңбек етеді. Жұмысшылардың айлық жалақысы 180–250 мың теңге аралығында, ал жүргізушілердің еңбекақысы рейс санына қарай 250–600 мың теңгеге дейін жетеді.

Тазалықтың құны және қалдықтармен жұмыс мәселесі

— Көптеген тұрғындар бізді мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын деп ойлайды. Бірақ бұл қате түсінік: біз — толықтай жекеменшік ұйымбыз. Ешқандай субсидия немесе дотация алмаймыз. Қала әкімдігі тек тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаңдарды жабдықтап, контейнерлер орнатады — олар коммуналдық меншікке жатады. Ал барлық техниканы біз өз қаражатымызға сатып алдық. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған жаңа контейнерлер орнаттық.

Біздің кәсіпорын қала мен оған іргелес орналасқан Круглоозёрное, Подстепное және Серебряково ауылдарын да қамтиды. Әрине, шығын көлемі өте жоғары, әсіресе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда.

Бізде адамдар көбіне Оралды дамыған елдердің қалаларымен салыстырады — ол жақта бәрі таза, әдемі. Бірақ мұндай деңгейге сол елдердегі коммуналдық кәсіпорындардың мемлекеттен алатын елеулі дотацияларының арқасында жеткенін ұмытпау керек. Мысалы, Германияда тұрмыстық қалдықтарды шығару ақысы пәтерге шаққанда айына 20–50 еуро шамасында, ал құрылыс немесе ірі көлемдегі қалдықтарды шығару бөлек тарифпен есептеледі.

Ал бізде тұрғындардың басым бөлігінде әлі де болса қалдықпен жұмыс істеу мәдениеті қалыптаспаған. Бір контейнерге жөндеуден қалған плитка мен кірпішті, ескі жиһазды немесе істен шыққан тұрмыстық техниканы тастай салады. Жеке сектордың тұрғындары да өз аулаларындағы бұта мен шөпті ТҚҚ алаңдарына әкеліп тастайды. Ал кейбіреулер, контейнер жанында қоқыс үйіндісін көрсе, оны ішіне тастамай, дәл жанына қоя салады.

Нәтижесінде біздің жұмысшылар барлығын қолмен жинап, қоқыс таситын көлікке тиеуге мәжбүр. Айта кету керек, біздің кәсіпорын тек тұрмыстық қалдықтарды шығаруға жауапты. Ал құрылыс және ірі көлемдегі қалдықтарды шығару басқа мердігер ұйымның міндеті, оның қызмет ақысын қала әкімдігі төлейді. Алайда көптеген тұрғындар бұл туралы білмей, қоқыс уақытында шығарылмайды деп бізді кінәлап жатады.

— Біздің көліктер таңғы сағат 6:30-да желіге шығады. Қала шетіне жеткенше, адамдар жұмысқа кетеді де, толған контейнерлерді көреді. Кешке қайтқанда, контейнерлер қайтадан толып үлгереді. Сырт көзге қоқыс шығарылмай жатқандай әсер қалады. Ал іс жүзінде біздің техника күні бойы жұмыс істейді, — дейді Азамат Гимранұлы.

Ашықтыққа бағытталған цифрландыру

Кәсіпорында ұзақ уақыт бойы шешілмей келген басты мәселелердің бірі — есеп жүйесінің жеткіліксіздігі болды. Қоқыс уақытылы шығарылмайды деген негізсіз шағымдар жиі түсетін. Бұл мәселенің шешімі цифрлық технологияларды енгізу арқылы табылды.

Арнайы қосымша әзірленіп, ол тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарының жағдайын нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді — тазалау жұмысына дейін және кейінгі күйі қоса көрсетіледі. Жүйеде әр нысан бойынша күн, уақыт және мекенжай туралы ақпарат автоматты түрде белгіленеді. Енді бұл деректерге тек кәсіпорын қызметкерлері мен әкімдік емес, қала тұрғындарының өздері де қол жеткізе алады.

Арнайы ашылған Telegram-арна — @oral_taza_bot арқылы әр тұрғын тазалау барысын қадағалап, процестің ашықтығына көз жеткізе алады. Сонымен қатар, қоқыс таситын көліктердің бағыттары оңтайландырылып, деректер толық цифрландырылды. Бұл жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Мұндай тәсіл қалдықтармен жұмыс саласын барынша ашық, заманауи және қоғам бақылауына қолжетімді етті.

— Біз мәселені цифрландыру арқылы шештік. Барлық процесс толығымен ашық: әр тұрғын кіріп, көріп, бақылап отыра алады — яғни адамдар өздерінің не үшін төлейтінін нақты біледі, — дейді Азамат Бисенов.

Қалдықтан – пайда! Бірақ неге бізде бұл жүйе жұмыс істемейді?

Көптеген елдерде қалдықтарды қайта өңдеу әлдеқашан табысты бизнеске айналған. Германия мен Швецияда қоқыстан жылу мен электр энергиясы өндіріледі, ал пластик пен қағазды қайта өңдеу миллиондаған еуро табыс әкеледі. Польша мен Чехияда да қалдықтардың едәуір бөлігі сұрыпталып, қайталама шикізат ретінде өндіріс айналымына қайта қосылады.

Ал Қазақстанда бұл сала әлі де жеткілікті дамымаған. Инвестиция салуға мүмкіндік мол болғанымен, бизнес қайта өңдеуге баруға асығар емес. Себебі айқын: жабдықтың жоғары құны, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетінің төмендігі және кәсіпкерлер үшін ынталандыру шараларының жоқтығы. Көпшілік әлі күнге дейін барлық қоқысты бір контейнерге тастайды, бұл сұрыптау процесін тиімсіз әрі экономикалық жағынан пайдасыз етеді.

— Қоқыс шығару тарифтері жасанды түрде төмен ұсталады, сондықтан бұл қызмет түрі шығынды болып отыр. Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің 80 пайыздан астамы, әсіресе ауылдар, қалдық шығару жүйесінің қамту аймағынан тыс қалған. Егер бұл бағыт табысты болғанда, кәсіпкерлер әлдеқашан нарыққа келер еді, — дейді «Орал Таза Сервис» ЖШС басшысы Азамат Бисенов.

Сонымен қатар өңірде қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттардың болмауы ТҚҚ сұрыптауды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді.

— Біз серіктестермен бірге қоқыс сұрыптау кешенін іске қостық. Оның қуаты үлкен көлемдегі қалдықты өңдеуге жеткілікті, бірақ маңайда қайта өңдеумен айналысатын зауыттар жоқ. Шикізатты басқа өңірлерге немесе Ресейге тасымалдау тым қымбатқа түседі. Біз макулатура мен пайдаланылған май қабылдайтын жергілікті кәсіпкерлерді қолдап келеміз, алайда түрлі қалдық фракцияларын өңдеуді жолға қою үшін бастапқы кезеңде қолдау қажет — онсыз бизнес бұл салаға кіріспейді, — дейді ол.

Кәсіпорын тұрғындарға қалдықтармен сауатты жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға да күш салып отыр. Компанияның бастамасымен қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылған, бірақ бүгінде уральдықтардың шамамен 20 пайызы ғана қоқысты дұрыс сұрыптайды.

— Қазір түсіністік арта бастады. Ал алғашында ПЭТ-бөтелкелерге арналған торларға не болса соны тастайтын, — дейді «Орал Таза Сервис» құрылтайшысы.

Жағдайды саралай келе, компания басқа жолды таңдады — картон, қағаз, пластик пен алюминий банкаларды тапсыру арқылы сыйақы алуға болатын эко-пункттер орнатты.

— Қалалық әкімдік бізді қолдап, жер телімдерін бөліп берді. Кейін демеушілер іздей бастадық — Coca-Cola компаниясы қолдау білдіріп, үш эко-пункттің ашылуына ішінара қаржылай көмек көрсетті. Бұл жүйе жұмыс істеп тұр, бірақ қала үшін бұл әлі жеткіліксіз. Орал өсіп келеді, толық қамту үшін кем дегенде 35 пункт қажет. Біз серіктестер іздеуді жалғастырып келеміз, — дейді Азамат Бисенов.

Қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жағдай бір нәрсені айқын көрсетеді: бизнестің күші ғана жеткіліксіз. Сұрыптау кешендері мен бөлек жинау бастамалары болғанымен, жүйе мемлекет пен тұрғындардың белсенді қатысуынсыз толық жұмыс істей алмайды. Дамыған елдерде дәл осы саясат, инвестиция және экологиялық мәдениет үйлесімі қалдықты табыс көзіне айналдырады. Ал Оралда қоқыс полигонынан заманауи қайта өңдеу цикліне дейінгі жол енді ғана басталды.

 

Экологиялық тәрбиенің бастауы — мектептен

Кәсіпорын басшылығы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Дәл осы «Орал Таза Сервис» компаниясы Орал қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Орал» қозғалысының бастамашысы болды.

— Біздің мақсатымыз — қатты тұрмыстық қалдықтардың полигонға барынша аз түсуі. Негізгі бөлігі сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілуі тиіс. Ең бастысы — халықта қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті қалыптасуы қажет. Бұл жұмыс үйден басталады: қоқысты түрлі контейнерлерге бөліп салудан. Біз осыны жастарға үйретіп жүрміз — мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында кездесулер өткіземіз. Эко-пункттер жобасы да осыған бағытталған. Әзірге шағын сыйақы үшін болса да, адамдар қалдықтарды әкеліп тапсырады. Әсіресе оқушылар белсенді — олар аздап табыс табумен қатар, қарт көршілеріне көмектесіп, олардың қалдықтарын сұрыптауға жәрдемдеседі. Осылайша үш жақты пайда бар: экология сақталады, үлкендерге қолдау көрсетіледі, ал балалар еңбекке баулиды, — дейді жоба бастамашысы.

Жоба экологиялық мәдениетпен қатар, қаржылық сауаттылықты да дамытады. Алайда, Азамат Бисеновтің айтуынша, кейбір ата-аналар балалардың көшеден қоқыс жинайды деп шағымданған жағдайлар да болған.

— Эко-пункттер ең алдымен мектеп және колледж оқушыларына арналған. Біз оларға қалдықтарды үйде сұрыптауды түсіндіреміз: пайдаланылған дәптерлерді тастамай, өткізуге, алюминий банкалар мен пластикті бөлек жинауға шақырамыз. Маңыздысы — қоқысқа деген көзқарасты өзгерту. Кеңес дәуіріндегі тәжірибені еске түсірейік: ол кезде бөтелкелерді өткізу — үйреншікті іс еді. Сүт өнімдері тек бос ыдыс әкелгенде ғана сатылатын. Бұл дұрыс жүйе болатын — шыны еш жерде шашылып жатпайтын, — дейді кәсіпорын басшысы.

Жобаның оң әсері

  1. Қаржылық сауаттылықты қалыптастыру.
    Жасөспірімдер өз еңбегімен табыс тауып, ақшаның құнын түсінеді және оны орынды жұмсауға үйренеді. Бұл ерте жастан қаржылық жауапкершілікті қалыптастырады.
  2. Еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
    Жоба балаларға еңбектің адал әрі абыройлы жол екенін ұғындырып, мақсатқа жету мен өз бетімен табыс табуға үйретеді.
  3. Аға буынға қамқорлық.
    Балалар өз подъездеріндегі зейнеткерлерге көмектесіп, қоқысты шығарып және қайта өңделетін қалдықтарды тапсырады. Бұл үлкендерге деген сыйластық пен жауапкершілікті дамытады.
  4. Экологиялық сананы қалыптастыру.
    Жоба қоршаған ортаның тазалығы әр адамның ісіне байланысты екенін түсіндіреді. Өз үлесін қоса отырып, балалар табиғатты аялауды үйренеді.

 

Қазір Оралда шыны қабылдайтын пункттер жоқ, ал шыны — қайта өңдеуге ең қолайлы материалдардың бірі. Оны сапасын жоғалтпай, бірнеше рет балқытуға болады және жаңа өнім шығаруға қарағанда 20–30% аз энергия жұмсалады. Қайта өңделген шыныдан ыдыс-аяқ, құрылыс материалдары, плитка және жылу оқшаулағыштар жасалады. Ал қайта өңдеусіз шыны шірімейді, адамдар мен жануарларға қауіпті болып, полигондарда күн сәулесін шоғырландырып, өртке себеп болуы мүмкін.

Эко-пункттерде айырбас жүйесі бар: макулатура өткізгендерге дәретхана қағазы немесе шаруашылық сабыны беріледі. Жобаны экобелсенді Асхат Рамазанов, UR7 дүкендер желісінің басшысы, қолдап отыр. Сондай-ақ оның қала көгалдандыруға бағытталған экожобасы аясында ынтымақтастық жоспарланған — тұрғындар өткізген қалдықтардан түскен сыйақыны ағаш отырғызуға бағыттай алады.

Қала тұрғындарының қызығушылығын арттыру үшін «Орал Таза Сервис» Instagram парақшасында үнемі сыйлық ұтыстары өткізіліп тұрады. Бір отбасы екі рет 100 000 теңгеден жеңіп алған. Қазан айында оқу орындары арасында жаңа байқау басталады: мектеп, колледж және ЖОО студенттері жиналған қалдық көлемі мен сапасы бойынша жарысады. Мамыр айында жеңімпаз болып Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) командасы танылды.

Қала мектептерінің көбінде эко-бұрыштар пайда болды — онда пайдалы ақпарат орналастырылып, балаларға қалдықтарды сұрыптау мен табиғатты қорғаудың маңызын түсінуге көмектеседі. Кәсіпорын сонымен қатар аумақтарды тазалау бойынша эко-акциялар ұйымдастырып, еріктілерге белсенді қолдау көрсетеді.

— Біз волонтёрлік ұйымдармен тығыз жұмыс істейміз: қоқыс пакеттері мен қолғаптар береміз, жиналған қалдықтарды өзіміз әкетеміз. Бұқаралық іс-шаралар кезінде бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатамыз — бұл тұрғындарды саналы тұтынуға ынталандырып, экологиялық мәдениетті арттырады, — дейді Азамат Бисенов.

 

Азық-түлік қауіпсіздігіне инвестициялар

Орал қаласының дамуына және экологиялық мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесінен бөлек, Азамат Бисенов ауыл шаруашылығын стратегиялық бағыт ретінде қарастырып, бұл салаға да белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.

— Үш жыл бұрын біз картоптың шағын алқабынан бастадық, ал бүгінде сыйымдылығы 3600 тонна болатын заманауи көкөніс қоймасын іске қосып жатырмыз, — дейді инвестор. — Бұған дейін екі мың тонна өнімді сәтті сақтаған тәжірибеміз бар. Енді өндірісті кеңейтіп, жаңа өнім — жууға дайын, қаптамада сатылатын картопты шығару жоспарда.

Жоба бірнеше мақсатты қамтиды: жергілікті агробизнесті дамыту, заманауи технологияларды енгізу және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту. Жуылған әрі қапталған картоп тұтынушыларға қолайлылық сыйлап қана қоймай, нарықта сапаның жаңа стандартын қалыптастырады, ауыл шаруашылығын технологиялық әрі бәсекеге қабілетті салаға айналдырады.

Қысқа мерзім ішінде «Орал Таза Сервис» коммуналдық дағдарысты еңсерген кәсіпорыннан экологиялық бастамалар мен инновациялардың көшбасшысына айналды. Бүгінде оралдықтар нәтижесін өз көздерімен көруде: уақытылы қоқыс шығару, қалдықтарды қайта өңдеу жобалары, цифрлық ашықтық және әлеуметтік бағдарламалар.

Алайда Азамат Бисеновтің айтуынша, бұл тек бастамасы ғана. Алда — жаңа міндеттер, батыл мақсаттар мен жобалар бар. Олардың барлығы Оралды одан әрі заманауи, жайлы және экологиялық таза қала етуге бағытталған.

Орал қ., Ульяна Громова көшесі, 2/4
+7 777 075 33 44
Instagram: tazaoral
Telegram-бот: oral_taza_bot

Эко-пункттердің мекенжайлары:

Орал қ., «Школьник» сауда үйі, Кердері көшесі, 133а

Орал қ., Қадыр Мырза Әли шағынауданы, 5/2а

Зашаған кенті, Мөңкеұлы көшесі, 77а

______________________________________________________________________________________________________________

 «Орал Таза Сервис»: путь Азамата Бисенова от коммунального кризиса к экологическим инновациям

Почти десять лет назад молодой уральский предприниматель встал у руля коммунального предприятия, которое находилось в тяжёлом положении: изношенная техника, нехватка людей, вместо перспектив — одни проблемы. Но Азамат Бисенов решил кардинально поменять ситуацию в лучшую сторону! Он верил, что город можно сделать чище и комфортнее, и шаг за шагом вывел «Орал Таза Сервис» из кризиса. Сегодня в его планах — не только поддерживать чистоту улиц, а поменять экологическую культуру г. Уральска. Он уже начал внедрять программу раздельного сбора отходов и формировать у горожан ответственное отношение к экологии.

Азамат Гимранович родился в селе Алмазное Чингирлауского района. Окончил школу-интернат для одарённых детей при Западно-Казахстанском гуманитарном университете им. М. Утемисова. Выпускник Казахстанско-Британского технического университета по специальности «Менеджмент». Позже с красным дипломом окончил магистратуру Российской академии народного хозяйства и государственной службы при Президенте Российской Федерации в Москве по специальности «Управление в государственной службе и бизнесе».

Когда работа в радость, а не в тягость

Трудовую деятельность Азамат Бисенов начал в 2010 году на заводе АО «Уральскагрореммаш» рядовым экономистом. Уже в 2012 году стал заместителем директора по экономическим вопросам, а в ноябре 2016-го возглавил предприятие ТОО «Орал Таза Сервис».

Досталось ему хозяйство в тяжёлом состоянии: техника изношена, рабочих не хватает, условий для людей нет. Азамат сразу взялся за дело, понимая, что успех предприятия возможен только тогда, когда у команды есть всё необходимое для нормальной работы.

— Не было тёплых гаражей, половина машин стояла под открытым небом. Ремонтировать приходилось прямо на улице — холод, грязь, а автослесарь лежит под машиной. Не было душевых, и рабочие мылись прямо на улице. А работа у нас, сами понимаете, не из лёгких. Техника старая, часто ломалась, поэтому не всегда успевали вовремя вывозить контейнеры. Площадки для сбора ТБО были в плачевном состоянии, что вызывало справедливое недовольство горожан. Системы учёта не было, накопились долги — многие абоненты годами не платили за вывоз мусора. Некоторые юр. лица — и бизнес, и госучреждения: школы, детсады и т. д. — отказывались работать с «Орал Таза Сервис», потому что предприятие срывало вывоз мусора. Мы даже оказались в чёрном списке и не могли участвовать в тендерах.

Первым делом команда занялась улучшением условий труда: построили тёплые ремонтно-сервисные боксы, раздевалки, душевые. Повысили зарплаты — и люди стали возвращаться.

— Мы ценим и уважаем каждого сотрудника. Прежде чем требовать результат, нужно создать условия, при которых работа будет в радость, а не в тягость. Тогда и отдача будет соответствующей.

Текучку кадров удалось остановить, но вакансии остаются.
— Город растёт, объёмы работы увеличиваются, штат тоже расширяем. Мы всегда рады новым сотрудникам, — отмечает А. Бисенов.

За короткое время предприятие смогло существенно обновить автопарк. Горожане заметили на улицах новые современные мусоровозы, а на площадках для сбора ТБО появились чистые контейнеры. Работа постепенно налаживалась.
Сегодня автопарк ТОО «Орал Таза Сервис» насчитывает 45 единиц спецтехники, из них 38 мусоровозов. В штате — свыше 200 сотрудников. Заработная плата рабочих составляет от 180 до 250 тыс. тенге, водителей — от 250 до 600 тыс. тенге в зависимости от количества рейсов.

Цена чистоты и проблема обращения с отходами

— Большинство горожан считает, что мы — государственное коммунальное предприятие. Но это не так: мы полностью частная организация. Никаких субсидий и дотаций не получаем. Городской акимат оборудует только площадки для сбора ТБО и устанавливает контейнеры — это коммунальная собственность. Всю технику мы закупили сами. Также установили новые контейнеры для раздельного сбора отходов.

Наше предприятие обслуживает город и близлежащие посёлки — Круглоозёрное, Подстепное, Серебряково. Естественно, затраты очень высокие, особенно если сравнивать с действующим тарифом.

У нас люди часто сравнивают Уральск с развитыми странами, где всё чисто и красиво. Но стоит учитывать, что там подобные предприятия получают серьёзные дотации от государства. Например, в Германии ставка за вывоз мусора составляет от 20 до 50 евро с квартиры, а вывоз строительных или крупногабаритных отходов оплачивается по отдельным тарифам.

У нас же у многих горожан по-прежнему отсутствует культура обращения с отходами: в один контейнер могут выбросить плитку, кирпичи после ремонта, старую мебель и даже пришедшую в негодность бытовую технику. Кроме того, жители частного сектора нередко приносят на площадки для ТБО ветки и траву со своих дворов. Другие, видя, что возле контейнеров лежит куча, почему-то выбрасывают мусор не внутрь, а рядом.

В результате наши рабочие тратят время, чтобы вручную собрать всё это и загрузить в мусоровоз. При этом стоит понимать, что наше предприятие отвечает только за сбор бытового мусора. Вывозом строительных и крупногабаритных отходов занимается другая подрядная организация, услуги которой оплачивает акимат. Однако горожане часто не знают об этом и безосновательно обвиняют нас в том, что мы не вывозим мусор своевременно.

— Наши машины выходят на линию в 6:30 утра. Пока доедем до отдалённых районов, люди уже уходят на работу и видят полные контейнеры. Возвращаются вечером — контейнеры снова успевают наполниться. Складывается впечатление, что мусор не вывозится, хотя машины работают весь день, — объясняет Азамат Гимранович.

Цифровизация для прозрачности

Одной из ключевых проблем предприятия долгое время оставался недостаток чёткой системы учёта. Было много необоснованных нареканий о том, что мусор не вывозят вовремя и т. д. Решением стало внедрение цифровых технологий. Было разработано приложение, которое позволяет в режиме реального времени фиксировать состояние площадок для сбора твёрдых бытовых отходов — до уборки и после. В системе отображаются дата, время и место погрузки. Теперь доступ к информации имеют не только сотрудники предприятия и акимат, но и сами жители города.

В специальном Telegram-канале @oral_taza_bot каждый горожанин может отслеживать данные по уборке и быть уверенным в прозрачности процесса. Кроме того, проведена оптимизация маршрутов мусоровозов и полная оцифровка данных, что позволило значительно повысить эффективность работы. Такой подход делает сферу обращения с отходами более открытой, современной и подконтрольной обществу.

— Мы решили проблему через цифровизацию. Весь процесс полностью прозрачный: каждый горожанин может зайти, посмотреть, проконтролировать — и люди видят, за что платят, — добавил Азамат Бисенов.

Отходы в доходы! Но почему у нас это не работает?

В большинстве стран переработка отходов давно стала прибыльным бизнесом. В Германии и Швеции из мусора производят тепло и электроэнергию, переработка пластика и бумаги приносит миллионы евро. В Польше и Чехии значительная часть отходов сортируется и возвращается в производство в виде вторсырья.

В Казахстане же эта сфера остаётся практически неразвитой. Несмотря на свободную нишу для инвестиций, бизнес не спешит идти в переработку. Причины очевидны: высокая стоимость оборудования, низкая культура раздельного сбора и отсутствие стимулов для предпринимателей. Большинство людей по-прежнему выбрасывают всё в один контейнер, что делает сортировку затруднительной и экономически невыгодной.

— Тарифы на вывоз мусора искусственно сдерживаются, из-за чего деятельность становится нерентабельной. Сегодня в ЗКО более 80% населённых пунктов, особенно сельских, остаются вне охвата услуг по вывозу отходов. Если бы это направление было прибыльным, предприниматели давно пришли бы на рынок, — пояснил руководитель ТОО «Орал Таза Сервис» Азамат Бисенов.

Кроме того, в регионе нет перерабатывающих заводов, что делает сортировку ТБО экономически нецелесообразной.

— Мы совместно с партнёрами запустили мусоросортировочный комплекс. Его мощности позволяют обрабатывать большие объёмы, но рядом нет предприятий, занимающихся переработкой. Доставка сырья в другие регионы или Россию обходится слишком дорого. Мы поддерживаем местных предпринимателей, работающих в этой сфере, но они принимают только макулатуру и отработанное масло. Чтобы наладить переработку различных фракций, нужна поддержка на старте — без неё бизнес не идёт в эту отрасль.

По его словам, предприятие старается прививать населению культуру обращения с отходами. По инициативе компании установлены контейнеры для раздельного сбора ТБО, однако лишь около 20% горожан правильно сортируют мусор.

«Сейчас уже более-менее стали понимать. А вначале в сетки для ПЭТ-бутылок бросали всё подряд», — отмечает учредитель «Орал Таза Сервис».

Проанализировав ситуацию, компания пошла другим путём — установила эко-пункты по сбору отходов, где за сдачу картона, бумаги, пластика и банок можно получить вознаграждение.

— Городской акимат нас поддержал, выделил участки. Стали искать спонсоров — откликнулась компания Coca-Cola, частично профинансировав открытие трёх эко-пунктов. Эта система работает, но для города этого мало. Уральск растёт, и для полноценного охвата требуется не меньше 35 пунктов. Мы продолжаем искать партнёров.

Ситуация с переработкой отходов показывает: усилий бизнеса недостаточно. Даже при наличии сортировочных комплексов и инициатив по раздельному сбору система буксует без активного участия государства и самих жителей. В развитых странах именно сочетание политики, инвестиций и экологической культуры превращает отходы в источник дохода. В Уральске же только первые шаги показывают, насколько долгим будет путь от свалки к современному циклу переработки.

Экологическое воспитание со школьной скамьи

Руководство предприятия ведёт широкую информационно-разъяснительную работу по формированию экологической культуры, оно же стало инициатором движения «Таза Орал», направленного на улучшение экологической ситуации в Уральске.

— Наша цель — чтобы на полигон твёрдых бытовых отходов попадало как можно меньше мусора. Основная часть должна сортироваться и перерабатываться. При этом важно, чтобы у населения сформировалось понимание принципов раздельного сбора, как в развитых странах. Сортировка должна начинаться дома, где отходы раскладываются по разным контейнерам. Этому мы и учим молодёжь: проводим встречи в школах, вузах и колледжах. На это направлен и проект с эко-пунктами. Пусть пока за небольшую плату, но люди приносят вторсырьё. Особенно активны школьники — им интересно заработать, и они помогают пожилым соседям, забирая у них отходы для сортировки. Так получается тройная польза: сохраняется экология, оказывается помощь старшему поколению, а дети учатся труду, — рассказывает инициатор проекта.

Проект развивает не только экологическую культуру, но и финансовую грамотность. Однако, по словам А. Бисенова, находятся и недовольные — некоторые родители жалуются, что дети якобы собирают мусор на улицах.

— Эко-пункты ориентированы прежде всего на школьников и студентов. Мы объясняем, что сортировать отходы нужно дома: не выбрасывать использованные тетради, а сдавать их, собирать жестяные банки, пластик. Важно изменить само отношение к отходам. Вспомним опыт СССР: тогда повсеместно сдавали бутылки — и это считалось нормой. Старшее поколение помнит, что молочные продукты в магазинах отпускались только при обмене тары. Это было правильно — стекло нигде не валялось.

Положительное влияние проекта

  1. Формирование финансовой грамотности.
    Подростки, зарабатывая собственным трудом, осознают ценность денег и расходуют их осознанно, что способствует развитию ответственного отношения к финансам с раннего возраста.
  2. Воспитание любви к труду.
    Участие в проекте помогает детям понять, что труд — это честный и достойный способ достижения целей и самостоятельного заработка.
  3. Забота о старшем поколении.
    Дети оказывают помощь пенсионерам, проживающим в их подъездах: помогают с выносом мусора и сбором вторсырья. Это формирует у подростков чувство уважения и ответственности перед старшими.
  4. Развитие экологического сознания.
    Проект приучает участников к мысли, что чистота окружающего мира зависит от каждого из нас. Внося свой посильный вклад, дети учатся бережному отношению к природе и окружающей среде.

Сейчас в Уральске нет пунктов приёма стеклотары, хотя стекло отлично поддаётся переработке. Это один из самых «долгоиграющих» материалов: его можно переплавлять многократно без потери качества, расходуя на 20–30 % меньше энергии, чем при производстве нового. Из него делают посуду, строительные материалы, плитку, утеплители. Без переработки же стекло превращается в «вечный» мусор: не разлагается, может травмировать людей и животных, а на полигонах вызывает возгорания, концентрируя солнечные лучи.

В эко-пунктах действует система обмена: за макулатуру можно получить туалетную бумагу или хозяйственное мыло. Проект поддерживает экоактивист Асхат Рамазанов, руководитель сети магазинов UR7. Планируется сотрудничество в рамках его эко-проекта по озеленению города — жители смогут направлять вознаграждение за сданные отходы на посадку деревьев.

Чтобы привлечь больше горожан, на странице «Орал Таза Сервис» в Instagram регулярно проходят розыгрыши призов. Одна из семей уже дважды выигрывала по 100 000 тенге. С октября стартует новый конкурс среди учебных заведений: школьники, студенты колледжей и вузов будут соревноваться по объёму и качеству собранного мусора. В мае победителем стала команда Назарбаев Интеллектуальной школы (НИШ).

Во многих школах города уже появились эко-уголки — стенды с полезной информацией, которые помогают детям понять важность сортировки отходов и бережного отношения к природе. Предприятие также проводит эко-акции по уборке территорий и активно поддерживает волонтёров.

— Мы тесно сотрудничаем с волонтёрскими организациями: предоставляем пакеты, перчатки, вывозим собранный мусор. При проведении массовых мероприятий устанавливаем контейнеры для раздельного сбора, тем самым стимулируем жителей к осознанному обращению с отходами и повышаем уровень экологической культуры.

Инвестиции в продовольственную безопасность

Помимо вклада в развитие Уральска и продвижение экологической культуры, Азамат Бисенов активно поддерживает сельское хозяйство, рассматривая его как стратегическое направление.

— Три года назад мы начинали с небольших посевов картофеля, а сегодня запускаем современное овощехранилище вместимостью 3600 тонн, — рассказывает инвестор. — У нас уже есть успешный опыт хранения двух тысяч тонн продукции. Теперь планируем расшириться и наладить выпуск нового продукта — мытого картофеля в потребительской упаковке, полностью готового к приготовлению.

Проект объединяет сразу несколько целей: развитие местного агробизнеса, внедрение современных технологий и укрепление продовольственной безопасности региона. Мытый и упакованный картофель не только упрощает жизнь потребителям, но и формирует новый стандарт качества на рынке, делая сельское хозяйство более технологичным и конкурентоспособным.

За относительно короткий срок «Орал Таза Сервис» прошёл путь от предприятия, которое спасало коммунальную систему в кризис, до флагмана экологических инициатив и инноваций. Сегодня уральцы видят результат своими глазами: своевременный вывоз мусора, новые проекты по переработке, цифровая прозрачность и социальные программы.

Но, как подчёркивает Азамат Бисенов, это лишь начало. Впереди — новые вызовы, амбициозные цели и проекты, которые сделают Уральск ещё более современным и комфортным для жизни.

г.Уральск, ул. Ульяны Громовой, 2/4

+7 777 075 33 44

Инстаграм tazaoral

Телеграм-бот oral_taza_bot

 

Адреса эко-пунктов

г. Уральск, ТД «Школьник», ул. Кердери, 133а

г. Уральск, мкр. Кадыр Мырза Али, 5/2а

пос. Зачаганск, ул. Монкеулы, 77а